Түрлердің биоалуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.4.В Биосфера, экожүйе, популяция

Мектеп:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалім:

Сабақ тақырыбы

Түрлердің биоалуантүрлілігі. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.3.1.1 - экожүйенің биоалуан түрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты орнату

 Сабақ мақсаттары

  • экожүйенің биоалуантүрлілігі мен тұрақтылығы арасындағы өзара байланысты сипаттау
  • популяциялардағы аллельдердің жиілігін есептеу үшін Харди-Вайнберг заңын қолдану

Бағалау критерийлері

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер

Оқушылар мысалдар арқылы биоалуантүрлілік пен экожүйенің тұрақтылығын байланыстыра алады. Оқушыларға экожүйені түсіндіреді. Оқушылар Харди-Вайнберг заңын популяциялардағы аллельдердің жиілігін есептеу үшін қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қоректік тізбек, продуцент, консумент, қоректік тор, биомдар, экожүйелер, биотикалық факторлар, абиотикалық факторлар, түрлер, биоалуантүрлілік, ген ағымы, жойылу, тұрақтылыққа әсер ететін факторлар, популяциялардағы аллельдің жиілігі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Есептеңіз ...

Х мәні / мәні ретінде есептелген ...

… Таңдаңыз.

Біздің нәтиже ...

Құндылықтарды дарыту

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет
  • Ынтымақтастық
  • Өмір бойы оқу

Пәнаралық байланыстар

Әр түрлі экожүйелерді сипаттаған кезде - экологияны, Харди-Вайнберг заңын популяциялардағы аллель жиіліктерін есептеу кезінде - математика (сабақ бойы).

АКТ қолдану дағдылары

Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау

Microsoft PowerPoint

Бастапқы білім

Тірі организмдердің биоалуантүрлілігі

Биосфера, экожүйе және популяция

Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

1. Ой шақыру

Кіріспе – Taboo (Тыйым)

Тыйым ойынын ойнау үшін оқушылар кезекпен интерактивті тақтаға теріс қарап тұрады. Мұғалім слайдты өзгерткенде презентацияда сөздер шығып отырады.

Сыныптастары оқушыға сөзді табуға көмектесетін кеңестер беруге тырысады.

БІРАҚ сыныптастары «тыйым» салынған сөздерді айта алмайды.

Келесі слайдтағы мысалға назар аударыңыз!

Биология

Тыйым сөздер:

Тіршілік

Ғылым

Пән

Организм

Сыныптастары «өсімдіктер мен жануарларды зерттейді» немесе «фотосинтез, жүйке жүйесі» сияқты тақырыптар бойынша кеңестерді айтуы мүмкін.

Бірақ олар тыйым салынған сөздерді «тіршілік», «ғылым», «пән» немесе «организм» айта алмайды.

2. Оқушылармен бірге сабақ тақырыбы анықталады және сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері қалыптастырылады.

Презентация

Сабақтың ортасы

05-10

10-15

15-20

20-25

25-30

30-37

3. Мұғалімнің қысқаша таныстыруы.

• Биоалуантүрлілік пен экожүйенің тұрақтылығы арасындағы байланысты талқылаңыз.

 Экожүйелер – бір-бірімен және қоршаған ортаның жансыз бөлігімен байланысқа түсетін тірі ағзалардың өз-өздерін қолдай алатын жүйелері. Тропикалық ылғалды орманды экожүйе ретінде қарастыруға болады. Экожүйенің тірі бөліктері “биотикалық” факторлар деп аталады, оларға барлық өсімдіктер мен жануарлар және олардың арасындағы қарым-қатынас жатады. Ал “абиотикалық” факторларға ауа, топырақ, тас және су секілді жансыз табиғат бөліктері жатады.

 Экожүйенің маңызды қасиеттерінің бірі оларда қоректік тізбектің болуы. Қоректік тізбек (трофикалық) – экожүйеде ағзаның қоректенуі кезіндегі органикалық заттардың қозғалысы мен олардан алынатын энергия ағымын көрсететін ағзалар тізбегі. Продуценттер (ағылш. to produce - өндіру) – бейорганикалық заттардан органикалық заттарды өндіретін ағзалар. Жер бетіндегі экожүйелердегі продуценттерге өсімдіктерді жатқызамыз. Консументтер (латын. консуме – тұтыну) басқа ағзалармен (продуценттермен) өндірілген органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. Экожүйедегі бұл ағзалар гетеротрофты деп аталады. Редуценттер – органикалық заттар қалдықтарын бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар (негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б.)

4. Графикалық органайзерді қолданып терминдермен жұмыс жасау.

ЭКОЖҮЙЕ

АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР

БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР

БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК

Оқушылар дайындаған графикалық органайзерлерді өзара тексере алады.

5. Харди - Вайнбергтің генетикалық тепе-теңдік заңы.

1. Аллель жиілігін болжау

2. Генотип жиілігін болжау

3. Екі теңдеуді қолдану

6. Сұрақ 1

  • Егер популяциядағы 200 дараның 98-і рецессивті фенотипті болса, популяцияның қанша пайызы гетерозиготалы болады?
  • Жұптық жұмыста тексеру жүзеге асырылады.

7. Сұрақ 2

  • Бастапқы популяцияға толқын әсер етті және 100 организм жойылды, нәтижесінде 100 ден 36 гомозиготалы рецессивті тірі қалды. Барлық даралар бірдей жойылуы мүмкін деп болжай отырып, толқын популяциядағы аллельдердің болжамды жиілігіне қалай әсер етті?
  • Жұптық жұмыста тексеру жүзеге асырылады.

8. Сұрақ 3 және 4

• Харди-Вайнберг заңы. Тапсырмаларды шешуде Харди-Вайнберг теңдеуін қолданады.

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Қосымша 5

Сабақтың соңы

37-40

Сабақтың тақырыбы мен мақсатына қайта оралу

Кері байланыс - «Ресторан»

Мен тағы да ..............................жегім келеді;

Маған әсіресе,.....................................ұнады;

Мен .....................................сіңіріп үлгердім;

Мен ................................ артық жеп қойдым;

Жапсырма қағазы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация тапсырма бойынша, нәтиже бойынша, жеке қолдау арқылы, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын таңдау арқылы болуы мүмкін (Гарднердің көптік интеллект теориясы).

Дифференциацияны сабақтың кез-келген кезеңінде қолдануға болады, тек уақытты басқаруды ескеру керек.

Дифференциация топтық зерттеулердің презентациясы, әдістерді көрсету сияқты әр түрлі іс-әрекетке негізделуі мүмкін. Қабілетті оқушылар өз сыныптастарына көмектесе алады, мұғалім сабақ барысында қажеттілігіне қарай оқушыларды қолдай алады.

Презентациядағы суреттерді қолдана отырып сыныпта талқылауды бақылау. Мұғалім оқушыларға жақын арадағы даму аймағын анықтауға сұрақтар қою арқылы көмектеседі. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді. Оқушылардың жауаптары бойынша сындарлы кері байланыс. Сабақ барысында экожүйедегі негізгі терминдерді талқылау. Харди-Вайнберг заңы бойынша талқылау.

Үзіліс және физикалық жаттығулар.

Сабақта, әсіресе оқушылардың қозғалысы кезінде орын алатын қауіпсіздік ережелері сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу