Түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім: 11.4.A Биосфера, экожүйе, популяция | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сыныбы: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы |
| |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары | 11.3.1.3 түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орнату | |||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар: түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орната алады. | |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: экожүйе тұрақтылығы мен түрлердің алуан түрлілігі арасындағы байланысты ауызша түсіндіре алады. Пайдалы лексика және терминология: түр, экожүйе тұрақтылығы, эндемиктер, биоалуантүрлілік индексі, түрдің көптүрлілігі, қауымдастық, генетикалық алуантүрлілік, түрдің алуантүрлілігі, биоалуантүрлілік. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Түрдің көптүрлілігі …экожүйенің маңызды көрсеткіші болып табылады. Қауымдастықтағы түрлердің біркелкі таралуы түрдің ... деп аталады. Биоалуантүрлілік индексі … биоалуантүрлілікті анықтау үшін қолданылады | |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларды академиялық шынайылыққа үйрету. Тірі ағзаларды зерттеуде экожүйелік индекстің маңызын түсіндіру. Оқу процесінде ынтымақтастық атмосферасын орнату. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | География, математика, жаратылыстану | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану: түсіндіру, видео материалдарды көрсету. Интернеттен ақпарат зерттеу кезінде пайдалану үшін планшет/ноутбуктер пайдаланылады. | |||||||||
Бастапқы білім | Биосфера және экожүйе: 7, 9 сынып. Қоректік тізбек: 7 сынып. Биосфера, экожүйе, популяция: 8 сынып. Эволюциялық даму және селекция негіздері: 10 сынып. Ағзалардың алуан түрлілігі: 9-10 сынып. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин Сабақтың ортасы 5-15 мин 15-25 мин 25-38 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру, сәлемдесу.
(М) Оқушыларға биолауантүрліліктің үш деңгейі туралы ақпарат түсіндіру: түр ішіндегі алуантүрлілік, түрлердің әртүрлілігі және экожүйелердің әртүрлілігі. Оқушыларға бағалау критерийлерін ұсынуды ұсынып көру. Түрлердің биоалуантүрлілік параметрлерін қарастыру қажет: 1) альфа-алуантүрлілік – бір қауымдастық ішіндегі түрлер алуантүрлілігі; нақты бір қуымдастықтағы, түрлердің санын санаумен анықталады, Симпсон индексімен басым түрлер мен біркелкілігін анықтайды; 2) бета - алуантүрлілік – екі қауымдастық арасындағы алуантүрлілік; биоалуантүрлілік индексін қолдануымен анықталады. (Симпсон индексі мысалында биоалуантүрлілік индексін салыстырады); 3) гамма - алуантүрлілік – аймақтық биом, континент, арал көлеміндегі алуантүрлілік. (Т) (Жж) Оқушыларға бір қауымдастық ішіндегі түрлердің әртүрлілігін (альфа-алуантүрлілік) және екі қауымдастық арасындағы түрлердің әртүрлілігін анықтау бойынша (бета-алуантүрлілік) тапсырма орындауды ұсыну. Жұмысты мектеп ауласында өткізуге болады немесе дайын цифрлік мәліметтерді беруге болады. А (орман) территориядяғы өсімдік түрлерінің саны: ақ қайын -150, емен – 25, жанғақ – 30, шырша -28, үйеңкі – 11, қарақат – 3, мойыл – 4, шетен– 10, тал – 20, терек – 20. Б (орман) территориядяғы өсімдік түрлерінің саны: шетен -5,терек – 10, ақ қайын– 20, емен – 15, жаңғақ – 20, шырша – 11, мойыл – 25, тал – 7, сосна – 10, балқарағай – 15, шетен – 4, наурызгүль (сирень) – 6, итмұрын – 10, қараған – 20, омела – 10. Оқушылар түрлердің алуантүрлілігін сипаттайды (түрлердің көптігі және бірреттілігі), содан соң қауымдастықтарды бір-бірімен салыстырып Симпсон индексінің негізінде, экожүйе тұрақтылығы туралы тұжырым жасайды. Соңында мұғалім оқушыларға осы қауымдастықтардағы түрлердің биоалуантүрлілігіне қандай факторлар әсер ететін анықтауды ұсынады.
(Д) (Т) Оқушылардан Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтардың генетикалық әртүрлілігіне фермада өсірілген балықтардың әсер етуін түсіндіруін сұрау. Популяциядағы генетикалық алуантүрліліктің төмендеуін демонстрациялау түрлі түсті драже (m&m’s немесе skittels кәмпиттері) қолдануға болады. Жабайы бекіре балықтар түрінің генотипі түрлі түсті драже (А стаканы), ал фермерлік бекіре балықтарының генотипі (В стаканы) – бір түсті драже. Әр түс бір геннің вариациясын көрсетеді. Егерде А стаканынан дражелерді алып Б-стаканынан дражелерді салатын болсақ, біраз уақыттан сон бір түстің стаканда басым екенін байқалады. Бұл генетикалық алуантүрліліктің төмендеуінің мысалы бола алады. Ой толғайтын сұрақтар топтамасы: •Генетикалық алуантүрлілік дегеніміз не? •Генетикалық алуантүрліліктің маңызы неде? •Генетикалық алуантүрлілікке шаруашылықтың әсері қандай? •Генетикалық алуантүрліліктің жойылуына неліктен қарсы болу керек? (ҚБ) Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау. Өзара бағалау арқылы тексеру жүргізіп, оқушылар бір-біріне кері байланыс береді. | Биоалауантүрліліктің типтері: http://www.biodiversity.ru/coastlearn/bio-rus/introduction.html 3 минуттық ролик «Биоалуантүрлілік дегеніміз не»: https://www.youtube.com/watch?v=IkIEUqCj3XE Түрлердің алуантүрлік типтері туралы ақпарат: http://koebcu.ru/id-3/id-8/id-6.pdf Практикалық биология. Өсімдік қауымдастығы құрамының анализі Авторлар: М. Ю. Тиходеева, В. Х. Лебедева (Басылым: Санкт-Петербург мемлекеттік университеті): ISBN: 9785288056352, 2015: Ағылшын тіліндегі ресурс «Low genetic variation»: https://evolution.berkeley.edu/evolibrary/article/conservation_04 Жойылып бара жатқан түрлер туралы ақпарат: Ойланатын сұрақтарға жауаптар: http://www.biodiversity.ru/coastlearn/bio-rus/boxes/geneticdiv.html | ||||||||
Сабақтың Соңы 38-40 | Кері байланыс Мен сабақта ......................................білдім Мен әлі де түсінбедім ...................................... Менің ұсыныстарым........................................ Үйге тапсырма: Симпсон индексіне тапсырма орындау. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушылардың барлығы: Терминдер мағынасына сипаттама бере алады Оқушылардың көпшілігі: түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орната алады Оқушылардың кейбірі: қауымдастықтарды бір-бірімен салыстырып Симпсон индексінің негізінде, экожүйе тұрақтылығы туралы тұжырым жасап, қорытындылай алады. |
| Денсаулық сақтау технологиялары. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы, оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?