Түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
- Экожүйелер дегеніміз не?
Экожүйелер – бір-бірімен және қоршаған ортаның жансыз бөлігімен байланысқа түсетін тірі ағзалардың өз-өздерін қолдай алатын жүйелері. Тропикалық ылғалды орманды экожүйе ретінде қарастыруға болады. Экожүйенің тірі бөліктері "биотикалық" факторлар деп аталады, оларға барлық өсімдіктер мен жануарлар және олардың арасындағы қарым-қатынас жатады. Ал "абиотикалық" факторларға ауа, топырақ, тас және су секілді жансыз табиғат бөліктері жатады.
- Биоалуандылық дегеніміз не?
Биоалуандылық экожүйедегі ағзалар санына және ағзалардың әркелкі типтерінің санына қатысты айтылады. Көптеген ағзалардан және көптеген түрлерден тұратын экожүйелер жоғары биоалуандылыққа ие болады. Биоалуандылық адам өміріне өте маңызды, себебі ол бізді тамақпен, материалдармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, оның атмосфераға, топыраққа және суға тигізер маңызы зор. Сонымен қатар, түрлердегі генетикалық өзгерістер болашақ селекциялық бағдарламаларда маңызды болуы мүмкін. Сондықтан біздің биоалуандылықты сақтап отыруымыздың маңызы зор.
- Биоалуандылықтың төмендеуіне не әсер етуде?
Қазіргі таңда Жердегі биоалуандылықтың жылдам төмендеуіне көптеген факторлар әсер етуде. Кейбір адамдардың пайымдауынша, біз жаппай жойылу кезеңінде өмір сүріп жатырмыз! Адамдардың әрекетінен мекен ортасының бұзылуы мен популяцияның ұлғаюы басты себептердің бірі болуы мүмкін. Табиғи мекен орталары жолдар мен үйлерді материалмен, ауыл шаруашылық өнімдерімен және жаңа орынмен қамтамасыз ету үшін бұзылуда. Ауа мен су химиялық улы заттармен ластанып, мұхиттағы балық қоры таусылуда және атмосфера өзгеріп, нәтижесінде ғаламдық температура артуда.
- Биоалуандылықтың жойылуының алдын-алуға бола ма?
Адамдар биоалуандылықтың жойылуын азайту үшін көп нәрсе жасай алады. Олар мекен ортасының бұзылуын азайтып немесе тоқтата алады, жаңа энергия көздерін тауып, ластануды және шектен тыс балық аулауды азайта алады. Сонымен қатар, аңшылыққа тиым салып, балық аулауға айыппұл төлетіп, қажет болғанда экожүйеге түрлерді қайта енгізе алады. Түрлерді сақтау қорларында және хайуанаттар бағында сақтап, өте сирек кездесетін түрлерді қолда ұстап, шағылыстыру арқылы көбейтуге болады.
- Қандай экожүйелер жоғары биоалуандылыққа ие?
Тропикалық ылғалды ормандар Жер бетіндегі ең жоғары биоалуандылыққа ие жерлер деп саналады. Ылғалды ормандар Жер бетінің шамамен 6%-ын ғана алып жатса да, ғаламшардағы барлық түрлердің жартысынан көбі сонда мекен етеді. Бұл экожүйелер экваторға жақын болғандықтан, жыл сайын көп мөлшерде күн сәулесін алады, сондықтан өте жемісті болып келеді. Өсімдіктер тез өседі де, көп өнім беріп, басқа ағзаларды қорекпен қамтамасыз етеді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?