Ағзаларды клондау тәсілдері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Микробиология және биотехнология | Мектеп: ХББ НЗМ, Алматы қаласы | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Ағзаларды клондау тәсілдері | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
| |||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||
Бағалау критерийлері | Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді Барлық оқушылар клондау өндірісін сипаттай алады Оқушылардың басым бөлігі өсімдіктер мен жануарлардың табиғи және жасанды өндірісін сипаттай алады Кейбір оқушылар клондардың жасалыну жолын блок-сызба ретінде көрсете алады | |||||||
Дағдылар |
| |||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Табиғи және жасанды клондау Натуральный и искусственный клонирование Natural and artificial cloning | |||||||
Құндылықтарды дарыту: | Тақырып барысында тасымалдау түрлерін зерттеу арқылы физика заңдарына бағынатын жасушалық құбылыстардың өмірлік маңызды тұстарын оқып үйренеді,ғылыми –практикалық бағытта жұмыс жасау дағдылары қалыптасады | |||||||
Пәнаралық байланыстар: | Биология-физика,биология-химия ғылымдарының арасындағы байланысты орнату | |||||||
АКТ қолдану дағдылары: | Компьютерлермен,инретактивті тақтамен,ғаламтор желісімен жұмыстар жасау | |||||||
Бастапқы білім | Микробиология және биотехнология, биотехнология әдістері, гендік инженерия - 9, 10,11 сынып | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||
4 мин 2 мин 6 мин 8 мин 10 мин 10 мин 30 мин 10 мин | (С) Ұйымдастыру, оқушыларды түгелдеу Бірінші слайд. Бүгінгі сабақ туралы. Өткен сабақтардағы терминологияны қолданып, бүгінгі сабақ тақырыбын болжаңыз (С) Оқушыларды сабақ тақырыбы, сабақ және оқу мақсаттары және бағалау критерийлерімен таныстыру (С) Оқушылармен бірге өсімдік және жануарларды клондау әдістерін қарастыру, әдіс түрлерімен танысу (мұғалімнің түсіндірмесі) (Ө) Клондау әдісінің механизмдерін көрсету үшін Dolly Sheep-ті кесу және жабыстыру әрекетін аяқтаңыз. (Ө) «Клондау - дұрыс па, бұрыс па?» Жұмыс парағын толтырыңыз. Мұнда студенттердің клондау әдістері жайлы пікірлерін білу маңызды. Әркімнің пікір айтуға құқығы бар. (С) Кері байланыс орнату: Жұмыс парағындағы студенттердің жауаптарын талқылау және олардың жауаптарының алғашқы жұмыс парағымен байланыстырып қарау. Өз пікіріңізді дәйектеңіз (мұғалім өз пікірін ғылыми тұрғыда дәйектейді) (Ж) Blueprint of life Өмірлік жұмыс парағының сызбасы. Оны аяқтау үшін оқушыларға зерттеу жұмыстарын жүргізуді тапсырыңыз. Оқушылар кітаптарды да, ғаламторды да қолданады және мәліметтерді жай көшіруге мүмкіндік бермеңіз. Сұрақ қоюды олардың не жазғандарын түсіну үшін пайдаланыңыз. (С) Пленарлық талқылау Барлық оқушылардың жоғарыдағы жұмыс парағын толтырғанына көз жеткізіңіз, содан кейін олар зерттеген және жауап берген мәліметтерге сүйене отырып, алдыңғы жұмыс парағындағы кез-келген пікірді өзгерткісі келетіндігін сұраңыз. Кері байланыс орнатыңыз. (С) Рефлексия: - Біз не істедік? Клондау не үшін керек? Клондау дұрыс па/ бұрыс па? Үй тапсырмасы: Өсімдіктер мен жануарларды клондау ерекшеліктері туралы көбірек ғылыми мәліметтер жинау | Презентация Слайд 1 Слайд 2 -3 Слайд 4-13 Жұмыс парағы | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Нәтижесі бойынша және жұмыс парағын бағалау арқылы | Жеке және жұптық жұмыс парақтары | Студенттер зертханалық жұмысты орындау кезінде денсаулыққа қауіптілігін ұғынады | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?