Рекомбинантты дезоксирибонуклейн қышқылының қолданылуы. «Клондау» түсінігі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4D Биотехнология | Мектеп: | |||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сыныбы: | Сабаққа қатысқандар: | Сабаққа қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Рекомбинантты дезоксирибонуклейн қышқылының қолданылуы. «Клондау» түсінігі | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.3.3 – рекомбинантты дезоксирибонуклейн қышқылын алудың жолын түсіндіру | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар орындай алады:
| |||||
Бағалау критерийлері | 1.Мәселені шешуге өз ойын білдіреді. 2.Рекомбинантты ДНҚ құрастырып шығады. 3.Талдау сұрақтарына жауап береді. | |||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: Терминологияны қолдана отырып, рекомбинантты дезоксирибонуклейн қышқылын алудың жолын түсіндіру, қолданылуын талдау. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Рекомбинантты ДНҚ, рестриктаза ферменті, рекомбинантты плазмид, вектор, плазмид, кесіп алынған ДНҚ, Генетикалық инженерия Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: ........................ технологиясы бөліп алу (кесіп алу) және ДНҚ фрагменттерін рекомбинациялаудан тұрады. Көбінесе адамның .............. қолданылады, оны бактериялық ДНҚ-мен ....................., содан кейін бактериялық жасушаға енгізеді (трансформация). | |||||
Құндылықтарды дарыту | Аталған сабақ академиялық шындықтың құндылықтарын дамытуға, ауыз біршілікке және жұпта жұмыс жасауға, жауаптылыққа және көшбасшы болуға бағытталған. Денсаулық https://dnacenter.com/blog/creating-solutions-health-nutrition/ Global citizenship https://www.news-medical.net/life-sciences/Recombinant-DNA-Applications.aspx | |||||
Пәнаралық байланыстар | Химия: ДНҚ құрастырғанда азоттық негіздердің арасындағы байланыстарды білу. Физика: мутацияға әкелетін ультракүлгін сәуленің әсерін білу. | |||||
Бастапқы білім | Микробиология және биотехнология: Класс 7-10 Генетика анықтамасы, тұқымқуалаушылық, Мендельдің генетикалық ережелері | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-10 |
Біз болашақта ауруларды қалай емдейміз? Осы сұрақты оқушылармен бірлесе отырып талдау. Оқушыларға ДНҚ, генетика туралы білімдері үлкен жетістікке аурулардың алдын-алу мен ауруларды емдеуге қолдануға мүмкіндік беретінін түсіндіріңіз. Презентациядағы Жадыра мен дәрігер Санияның оқиғасын оқушылармен бірге талдау. Гендік терапия, бағаналы жасуша терапиясы, регенеративті медицина туралы ақпарат беру. Бағалау критерийі: Мәселені шешуге өз ойын білдіреді.
| Презентация 1-11 | ||||
Сабақтың ортасы 10-30 30-38 | Оқушыларға рекомбинантты ДНҚмен практикалық жұмысты жүргізу үшін олар ғалымның рөліне ену керектігін ескертіңіз. Практикалық жұмысты жүргізу (жұптық жұмыс). Р53 гені Жұмыс барысы: 1.Плазмидті құрастырып шығыңыз. Зертханалық жұмыста зерттеу барысында көптеген плазмидтерді синтетикалық жолмен ғалымдар өздері жасап шығарады. Ғалымдар плазмидті қандай мақсатта қолданылатындарына байланысты құрастырады. Ол үшін: 1.Плазмид бар таратпа қағазды алып екі тізбекті ДНҚ құрастырып шығыңыз. 2.Екі шетін желімдеңіз (клейлеңіз). 3.Дөңгелек плазмидте сыртта тұрған жағындағы азотты негізер анық көрініп тұрғанын қадағалаңыз. 4.Енді 17-ші хромосоманы құрастырып шығыңыз. Ол үшін р53 генін қолданыңыз. Бірінші р53 қиып шығыңыз, сосын берілген реттілікті сақтап отырып, бір-бірімен желімдеп шығыңыз. Талдау сұрақтары: 1.Плазмид пен хромосоманың арасында қандай айырмашылық бар? 2. Ғалым хромосомадан генді бөліп алу үшін не істеу қажет? 3.р53 генін кесіп алу үшін қай ферментті қолданасыз? Неге ол ферментті таңдадыңыз? 4.Кесіп алатын ферментіңіз бойынша, соңғы нақты таңдауыңызды жасау үшін, сізге қандай қосымша ақпарат қажет? Есіңізде ұстаңыз: сіздің мақсатыңыз р53 генін плазмидке орналастыру. 5.Р53 генінің соңы мен плазмидті ДНҚ соңын салыстырыңыз. Сіз нені байқадыңыз? 6.Плазмидтің рөлі қандай? Қорытынды Бағалау критерийі: 1.Рекомбинантты ДНҚ құрастырып шығады. 4.Талдау сұрақтарына жауап береді. Практикалық жұмысты топта талдау | Қажетті заттар: 1.Нұсқаулық 2.Плазмид 3.Р53 4.Ферменттер 5.Қайшы 6.Клей 7.Маркер Қосымша 2 | ||||
Сабақтың соңы 38-40 | 8.Рефлексия. Мұғалім сабақтың мақсаттарына қайта оралып, олардың жетістік деңгейлерін талқылайды. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: -не білді, неге үйренді; - түсініксіз болып қалған зат; - не істеу керек. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша түрде талқылануы мүмкін. | Стикер | ||||
Саралау - қалай қосымша қолдау көрсетуді жоспарлап отырсыз? Неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Барлық оқушылар рекомбинантты ДНҚ толық дұрыс құрастыра алмауы мүмкін, сондықтан саралау процесс бойынша және соңғы нәтиже бойынша анықталады. Оқушыларды қолдау үшін түсінбеген сұрақтарға қосымша мәліметтер ұсынамын. | Талдау сұрақтарына жауап беру барысында оқушыларға талдау жүргіземін. Бағалау критерийлері негізінде тексеру жұмыстары. | Қайшымен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?