Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері. Өкілдері. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Тапсырма 1
Доктор Г. Грамның бактерияларды зерттеуі. Заманауи ғалымдар вирустар мен бактериялардың жұмыс принципін және адам ағзасына әсер ету себептерін жақсы түсіну үшін қасиеттерін зерттейді және жіктейді. Дат дәрігері әрі бактериолог Ганс Кристиан (Христиан) Грам (1853–1938) бактерия жасушалары бар микропрепараттарды бояудың ерекше әдісін ойлап тапты. Бұл әдіс ғалымның фамилиясымен аталды. Ол медицинада қазіргі кезге дейін белсенді қолдаланылады. Бактериялар әлемін зерттеуде доктор Грам күлгін бояғышты пайдаланды. Оларды бояған кезде бактериялардың бір бөлігі көкшіл түске, ал басқа бөлігі боялмаған күйі қалатынын анықтады. Мысалы, Грам бактерия жасушаларының екі типін жіктеп, оларды грам оң (боялады) және грам теріс (боялмайды) жасушалар деп атады.
Грам оң бактериялардың физиологиясы мен құрылысының ерекшеліктері. Бактерия жасушаларының боялу себебі олардың жасуша қабырғасы қабаттарының құрылысының ерекшеліктеріне байланысты болады. Грам оң бактериялар жасушасының мембранасының сыртында пептидогликан, ұяшықты құрылымды зат болады (32-сурет). Бактериялар үшін пептидогликан өте маңызды. Ол оны күшті ішкі осмос қысымы болған жағдайда ішкі мембрананың жарылуынан қорғайды. Мысалы, өсімдік жасушасының судың көп мөлшерінің жинақталуы нәтижесінде жарылып кетуінен целлюлозалық жасуша қабырғасы қорғайтынын еске түсіріңдер. Пептидогликан жасуша қабырғасының 40–90% мөлшерін құрайды. Бұл физикалық қысым кезінде қосымша амортизация жасайды, сондай-ақ кейбір бактериялардың тұрақты пішінін сақтайды.
1-сурет. Грам оң бактериялардың физиологиясы мен құрылысы
Грам оң бактериялардың бояғыштарға әсер көрсету себебі, жасуша мембранасын қоршайтын пептидогликан ұяшықты құрылымды болады. Бұл ұяшыққа бояғыштар мен антибиотиктер енеді. Заманауи медицинада Грам әдісі қандай да бір ауру қоздырғышының табиғатын анықтау үшін қолданылады. Әдетте сілекей, мұрыннан алынатын бөлінді немесе плевра сұйықтығы зерттеледі. Талдауға арналған бактериялар күлгін бояғыштармен боялады, йодпен белгіленеді де, спиртпен шайылады. Боялған соң ауруға қандай қоздырғыштар себеп болғаны түсінікті болады. Егер бұл грам оң бактериялар болса, онда олар бірден боялады. Егер боялмаса, онда зерттеу жалғасады. Грам теріс бактерияларды анықтау үшін әдетте қайталап бояуды қажет етеді. Ол бактерия жасушаларын қызыл немесе қызғылт түске бояйды. Грам теріс бактериялардың жасуша ішіне сұйық бояғышты өткізбеу қабілеті олардың құрылымына байланысты. Ол туралы кейін айтылады. Грам теріс бактериялардың физиологиясы мен құрылысының ерекшеліктері. Грам теріс бактериялардың жасуша сыртында жасуша мембранасы болады және пептидогликан грам оң бактериялардағыға қарағанда едәуір жұқа болады және жасуша қабықшасының жалпы массасының бар-жоғы 5–10%-ын құрайды (33-сурет). Сонымен қатар грам теріс жасушаларда пептидогликан батып тұратын периплазмалық деп аталатын мембранааралық кеңістік болады. Онда жасушаларға алуан түрлі жаңа заттарды пайдалануға мүмкіндік беретін тасымалдаушы нәруыздар мен гидролитикалық ферменттер болатын жасушааралық сұйықтық бар. Жасушаны сыртынан тағы бір сыртқы жасуша қабықшасы (мембрана) қаптайды. Ол жасуша ішіне антибиотиктер, бояғыштар мен жуғыш заттардың енуіне кедергі келтіреді. Осы кешенді үшқабатты қабықша бактерияларға лизоцимге (сілекейдің антибактериялық ферменті) және бұрынғы буын антибиотиктеріне тұрақты болуға мүмкіндік береді.Грам теріс бактериялармен тек соңғы буын антибиотиктер тобы күресе алады. Сонымен қатар жасуша мембранасы бұзылған кезде эндотоксиндер бөлінеді, олар ағза интоксикациясына, кейде өлімге апарып соғуы мүмкін.
2-сурет. Грам теріс бактериялардың құрылысы
Грам оң және теріс бактериялардың маңызы. Тек аурутуғызғыш бактериялар ғана осы әдіспен боялмайды. Автотрофтар болып табылатын барлық фотосинтездеуші бактериялар мен хемобактериялар да грам теріс бактерияларға жатады. Дегенмен грам теріс бактериялардың ішінде гетеротрофты паразиттер – жұқпалы ауруларға себеп болып табылатындары да бар. Бұлар – менингит, соз, мерез сияқты және т.б. ауыр патология қоздырғыштары. Грам оң бактериялардың барлық түрі энергия алудың негізгі әдісі ретінде тыныс алуды немесе ашуды пайдаланатын гетеротрофтар болып табылады. Әрине, олардың барлығы ауруқоздырғыштар емес. Мысалы, ауру тудырмайтын грам оң бактерияларға сүтқышқылды ашу үдерісін қамтамасыз ететін лактобактериялар жатады. Қандай ауру қоздырғышы адам үшін қауіпті? Көптеген ауруларды грам оң бактериялары тудырады. Бірақ олар антибиотиктерді қабылдағыштығына байланысты жалпы әдетте оңай емделеді. Ал грам теріс бактериялар грам оң бактерияларға қарағанда аз ауру тудырады. Сондықтан кейбір ғалымдар грам теріс бактериялар тудырған аурудың кері салдарының жоғары қатеріне қарамастан адам үшін шамалы қауіпті деп есептейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?