Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері. Өкілдері. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Грам оң және грам теріс бактериялардың құрылыс  ерекшеліктері

Білу және түсіну:1. Жұқпа қоздырғыштарын зерттеу не үшін маңызды екенін түсіндіріңдер.2. Грам бойынша бояу дегенді қалай түсінесіңдер?

Қолдану:1. Микропрепараттарды бояудың әртүрлі әдістерін инфекционистер не үшін ойлап табады және қолданады?2. Грам оң және грам теріс бактерияларды салыстырыңдар. Сәйкес белгіні Х деп белгілеп, кестені толтырыңдар.

Талдау:1. Әртүрлі бактерия жасушасы қабықшасының құрылысын сызба түрінде бейнелеңдер.2. Аурутуғызғыш грам оң бактериялармен күрес жалпы грам теріс бактерияларға қарағанда едәуір жеңіл болуы тиіс екенін мысалдармен дәлелдеңдер.

Синтез:1. Неліктен науқас қанына талдау жасаған кезде грам теріс бактерияларды да бояуға тырысатынын талқылаңдар. «Егер қоздырғыштар оң болып боялмаса, демек, олар теріс» деп неге бірден қорытынды жасалмайды?2. Грам оң және грам теріс бактериялардың эволюциялық жолы қалай өткенін талқылаңдар. Ғалымдардың мынадай пікірлерін талқылаңдар: «Грам теріс бактерияларда гликан жіпшелерінің бір қабатынан тұратын пептидогликанның жұқа қабаты болуы мүмкін. Сондықтан ол екіөлшемді құрылымға ие және байланыстырушы пептидті көпіршелер гликан жіпшелері орналасқан жазықта орналасады. Грам оң бактерияларға қарсы пептидогликан қабаты едәуір қалың және гликан жіпшелерінің бірнеше қабатынан тұрады. Бұл жағдайда көлденең көпіршелер бәлкім әртүрлі жазықта орналасады және қабаттан төмен орналасқан жіпшелермен бір жазықта болатын жіпшелерді жалғастырады. Грам оң және грам теріс бактерияларда пептидогликанның әртүрлі жолмен жиналатыны белгісіз». Эволюциялық көзқарас тұрғысынан осы болжамның мағынасын бағалаңдар.

Бағалау:1. Ұсынылған жіктеуді бағалаңдар. Берілген сызбаның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу