Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс ерекшеліктері. Өкілдері. Биология, 11 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы: Грамоң және грамтеріс бактериялардың құрылыс ерекшеліктері.

Оқыту мақсаты:

грамоң және грамтеріс бактерияларды салыстыру

Бос орынға керекті сөздерді орналастырыңыз

Бактерия жасушаларының боялу себебі олардың жасуша қабырғасы қабаттарының құрылысының ерекшеліктеріне байланысты болады1_________________жасушасының мембранасының сыртында пептидогликан, ұяшықты құрылымды зат болады. Бактериялар үшін пептидогликан өте маңызды. Ол оны күшті ішкі 2_______________болған жағдайда ішкі мембрананың жарылуынан қорғайды. Мысалы, өсімдік жасушасының судың көп мөлшерінің жинақталуы нәтижесінде жарылып кетуінен целлюлозалық жасуша қабырғасы қорғайтынын еске түсіріңдер.

 Грам теріс бактериялардың жасуша сыртында жасуша мембранасы болады және 3_______________ грам оң бактериялардағыға қарағанда едәуір жұқа болады және жасуша қабықшасының жалпы массасының бар-жоғы 5–10%-ын құрайды. Сонымен қатар грам теріс жасушаларда пептидогликан батып тұратын 4_______________ деп аталатын мембранааралық кеңістік болады. Онда жасушаларға алуан түрлі жаңа заттарды пайдалануға мүмкіндік беретін тасымалдаушы 5__________________________ болатын жасушааралық сұйықтық бар. Жасушаны сыртынан тағы бір сыртқы 6 ____________________қаптайды. Ол жасуша ішіне антибиотиктер, бояғыштар мен жуғыш заттардың енуіне кедергі келтіреді. Осы кешенді үшқабатты қабықша бактерияларға 7___________ (сілекейдің антибактериялық ферменті) және бұрынғы буын антибиотиктеріне тұрақты болуға мүмкіндік береді.

 

Жауабы:

1. Грам оң бактериялар ; 2. мос қысымы;

3.  пептидогликан;

4. периплазмалық ; 5. нәруыздар мен гидролитикалық ферменттер ; 6. жасуша қабықшасы (мембрана); 7. лизоцимге;

ГРАМ ОҢ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ЖАСУША ҚАБЫҒЫНЫҢ ҚҰРАМБӨЛІКТЕРІН ЖАЗЫҢЫЗ

ГРАМ ОҢ БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ЖАСУША ҚАБЫҒЫНЫҢ ҚҰРАМБӨЛІКТЕРІН ЖАЗЫҢЫЗ

Грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасының құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Грамтеріс бактериялардың жасуша қабырғасының құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз.

ВЕНН диаграммасын толтырыңыз

Грам теріс және грам оң бактериялардың құрылымдық ерекшеліктерін білу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу