Зертханалық жұмыс "Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі". Биология, 11 сынып, презентация.


Зертханалық жұмыс "Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі".

11.1.7.3 өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер етуін зерттеу

Бағалау критерийлері

Оқушылар ауксиннің және гибберелиннің өсімдікке әсерін сипаттайды. Оқушылар кесте, график түрінде берілген ақпараттарды болжамдау, талдау үшін тірек терминдерді қолдану қажет. Оқушылар эксперимент жүргізіп, ауксиннің өсімдік тамырына әсерін зерттеу қажет.

Өткен тақырыпты еске түсіру.

Бейнебаян көру

https://www.youtube.com/watch?v=cc_RBh_S9Pk- (ауксинмен жүргізілетін зертханалық жұмыстың анимациясы)

Техникалық қауіпсіздік ережелері

Қажетті құрал-жабдықтар

Асбұршақ (8х10)

ІАА/ІВА ерітінділері 0,1%, 0,2%, 0,3%, 0,4%, 0,5%, 0,8% және 1%.

0,0 % су құбырындағы су (бақылауға)

Дистилденген су (араластыру үшін)

8 өлшеуіші бар тамшуырлар

Қаңылтыр қағаз (фольга)

8 өлшеуіші бар стақан

8 Петри табақшасы

16 сүзгілі қағаз

Маркерлер

Ауксиннің ассиметриялық таралуының колеоптилдердің және тамырлардың өсуіне әсері

Кіріспе/теориялық мәлімет: өсуді реттейтін ауксиннің өсімдік ұлпасына әсері (ІАА немесе ІВА).

Эксперимент 1-2 апта көлемінде жүргізіледі. Эксперимент бастапқы дайындық, бақылау, нәтижелерді жазып алу бөлімдерінен тұрады.

Ауксин – өсімдік мүшелеріне әртүрлі әсер етеді:

Ауксиннің әлсіз концентрациясы – тамырдың өсуін ынталандырады, сабаққа әсер етпейді.

Ауксиннің жоғары концентрациясы – сабақтың өсуін ынталандырады, тамырдың өсуіне кедергі келтіреді.

Индолил -3- май қышқылы (ІН-индол-3-бутан қышқылы, ІВА) кристалды қатты зат, ақ түстен ақшыл сары түске дейін, молекулалық формуласы C12H13NO2. 125 ° C температурасында балқиды, қайнату кезінде ыдырайды. ІВА уксиндер тобындағы өсімдік гормоны болып табылады және бақша өсімдіктерінің өсуін жылдамдату мақсатында көптеген өнімдердің ингредиенті болып табылады.

Жұмыс барысы:

1).Петри шынысын маркермен белгілеу: 0,1%, 0,2%, 0,3%, 0,4%, 0,5%, 0,8% және 1%.

2).Әр петри табақшасына сүзгілі қағаздарды орналастырыңыз және 10 түйір асбұршақты біркелкі орналастырыңыз.

3).Таза өлшеуіші бар тамшуырды алып, сәйкес ІАА/ІВА ерітінділерінің әрқайсысынан 10 мл-дан асбұршаққа тамызыңыз.

4).Тағы бір өлшеуіші бар таза тамшуырды алып, 10 мл су құбырының суын алып, 0,0 % табақшадағы асбұршаққа тамызыңыз.

5).Әрбір маркерленген табақшаларды қағаз қаңылтырмен (фольга) ұқыпты жауып қойыңыз. (әрбір концентрлі ерітіндіні)

6).Барлық табақшаларды 2-3 күнге өскіндердің өсуі үшін қараңғы жерге қойыңыз.

7).Тамырдың өскіндерін әр күн сайын бір уақытта сызғыштың көмегімен өлшеп отыру қажет.

8).Әрбір петри табақшаға сәйкес концентрлі ерітіндіні күн сайын құйып отыру қажет (3-5 см3), өйткені асбұршақ ылғалды ортада өнуі қажет.

9).Өлшеніп алынған мәліметтерді кестеге толтырыңыз (мм).

10).Нәтижелер күн сайын 5 күн көлемінде жүргізіледі.

Алынған нәтижелерді талқылау, зертханалық жұмысты рәсімдеу.

Кері байланыс

«Менде сабақта жақсы жүзеге асты ...........»

«Маған көмек қажет .....................................»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу