Зертханалық жұмыс "Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі". Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2 B Координация және реттелу

  • Мектеп:
  • Күні: Мұғалім:
  • Сынып: 11
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы
  • Зертханалық жұмыс "Ауксиннің тамырдың өсуіне ықпал етуі".

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер етуін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер етуін зерттеу

 Бағалау критерийлері

Оқушылар ауксиннің және гибберелиннің өсімдікке әсерін сипаттайды. Оқушылар кесте, график түрінде берілген ақпараттарды болжамдау, талдау үшін тірек терминдерді қолдану қажет. Оқушылар эксперимент жүргізіп, ауксиннің өсімдік тамырына әсерін зерттеу қажет.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

жүйкелік реттелу, гуморальды реттелу, гипоталамус, гипофиз, медиатор, биологиялық белсенді заттар, нысан – жасушалар, медиатор, гормондар, эндокриндік жүйе, стимул, реттеуші, эффектор, афферент, кері байланыс, жағымсыз және жағымды кері байланыстар, гомеостаз.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

……жүйке жасушалары арқылы жүзеге асады.

Жүйкелік реттелу ….. көмегімен және мадиаторлармен жүзеге асырылады.

Бұлшық еттің жиырылуын … реттеп тұрады.

Психикалық үдерістердің жүруін… қамтамасыз етеді.

Гуморальды реттелу ... көмегімен жүзеге асырылады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Химия – гормондардың жасушаға әсері

Ауыл шаруашылығы – өнімді өсіру кезінде жасанды фитогормондарды қолдану мүмкіншілігі

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау

Microsoft PowerPoint

Бастапқы білім

Жүйке жасушасы, ұлпа, жүйке жүйесі: 7-10 сыныптар.

Эндокринді жүйе: 7-10 сыныптар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-10 мин

1.Өткен тақырыпты еске түсіру.

Бейнебаян көру. Ауксиемен жүргізілетін зертханалық жұмыс бойынша бейнебаян көрсетіледі. Жүргізілетін зертханалық жұмыстың ерекшелігін талқылау.

2.Техникалық қауіпсіздік ережелері.

Зертханалық жұмыстың техникалық қауіпсіздік ережелерінің нұсқаулығымен таныстыру. Зертханалық жұмыстың қауіп-қатерлерімен танысып, оқушылар ТҚ журналына қол қояды.

3.Оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерін қалыптастырады.

Оқу таныстырылымы

https://www.youtube.com/watch?v=cc_RBh_S9Pk- ауксинмен жүргізілетін зертханалық жұмыстың анимациясы Қосымша 1 ҚТ журналы

Сабақтың ортасы

10-35

4.Кіріспе/теориялық мәлімет: өсуді реттейтін ауксиннің өсімдік ұлпасына әсері (ІАА немесе ІВА).

Эксперимент 1-2 апта көлемінде жүргізіледі. Эксперимент бастапқы дайындық, бақылау, нәтижелерді жазып алу бөлімдерінен тұрады.

Ауксин – өсімдік мүшелеріне әртүрлі әсер етеді:

Ауксиннің әлсіз концентрациясы – тамырдың өсуін ынталандырады, сабаққа әсер етпейді.

Ауксиннің жоғары концентрациясы – сабақтың өсуін ынталандырады, тамырдың өсуіне кедергі келтіреді.

Индолил -3- май қышқылы (ІН-индол-3-бутан қышқылы, ІВА) кристалды қатты зат, ақ түстен ақшыл сары түске дейін, молекулалық формуласы C12H13NO2. 125 ° C температурасында балқиды, қайнату кезінде ыдырайды. ІВА уксиндер тобындағы өсімдік гормоны болып табылады және бақша өсімдіктерінің өсуін жылдамдату мақсатында көптеген коммерциялық өнімдердің ингредиенті болып табылады.

Жұмыс барысы:

1).Петри шынысын маркермен белгілеу: 0,1%, 0,2%, 0,3%, 0,4%, 0,5%, 0,8% және 1%.

2).Әр петри табақшасына сүзгілі қағаздарды орналастырыңыз және 10 түйір асбұршақты біркелкі орналастырыңыз.

3).Таза өлшеуіші бар тамшуырды алып, сәйкес ІАА/ІВА ерітінділерінің әрқайсысынан 10 мл-дан асбұршаққа тамызыңыз.

4).Тағы бір өлшеуіші бар таза тамшуырды алып, 10 мл су құбырының суын алып, 0,0 % табақшадағы асбұршаққа тамызыңыз.

5).Әрбір маркерленген табақшаларды қағаз қаңылтырмен (фольга) ұқыпты жауып қойыңыз. (әрбір концентрлі ерітіндіні)

6).Барлық табақшаларды 2-3 күнге өскіндердің өсуі үшін қараңғы жерге қойыңыз.

7).Тамырдың өскіндерін әр күн сайын бір уақытта сызғыштың көмегімен өлшеп отыру қажет.

8).Әрбір петри табақшаға сәйкес концентрлі ерітіндіні күн сайын құйып отыру қажет (3-5 см3), өйткені асбұршақ ылғалды ортада өнуі қажет.

9).Өлшеніп алынған мәліметтерді кестеге толтырыңыз (мм).

10).Нәтижелер күн сайын 5 күн көлемінде жүргізіледі.

5.Алынған нәтижелерді талқылау, зертханалық жұмысты рәсімдеу.

Қажетті құрал-жабдықтар:

Асбұршақ (8х10)

ІАА/ІВА ерітінділері 0,1%, 0,2%, 0,3%, 0,4%, 0,5%, 0,8% және 1%.

0,0 % су құбырындағы су (бақылауға)

Дистилденген су (араластыру үшін)

8 өлшеуіші бар тамшуырлар

Қаңылтыр қағаз (фольга)

8 өлшеуіші бар стақан

8 Петри табақшасы

16 сүзгілі қағаз

Маркерлер

Қосымша 2

Сабақтың соңы

35-40

Кері байланыс:

Мұғалім сабақ мақсатына оралып, критерийлердің орындалу деңгейін талқылайды. Оқушылар зертханалық жұмысты орындау барысында жақсы іске асқан немесе қиындық туғызған мәселелерді анықтайды.

«Менде сабақта жақсы жүзеге асты ....................»

«Маған көмек қажет ..............................................»

стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады, уақыт ескерілу қажет.

Зертханалық жұмысты орындау барысында мұғалім және белсенділігі жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектесуге болады.

Зертханалық жұмысты оқушылар жұпта орындайды. Мұғалім оқушылардың үлгерімін сабақ барысында бағалайды, сабақтың соңында оқушылар өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды. Оқушылар сабақ соңында өздерінің жетістіктерін бағалау мақсатында жеке жұмыс жасайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Қауіпсіздік техникасы ережелеріне кіріспе нұсқаулық

Көз гимнастикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу