Гормондардың әсер ету механизмі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана - жасушаларға әсер ету механизмі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: Үйлестіру мен реттеу

Мектеп: Тараз қ. ФМБ НЗМ

Оқытушы: Койшыгараева А.Т.

СЫНЫП: 11

Қатысушылар саны:

Келмегендер:

Сабақтың тақырыбы

Гормондардың әсер ету механизмі. Инсулин мен эстроген мысалдарында гормондардың нысана - жасушаларға әсер ету механизмі.

Оқыту мақсаттары

11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру

Бағалау критерийлері

- гормондардың қасиеттері мен гормоналды қабылдау түрлерін біледі;

- инсулин мен эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмінің сызбаны жасай алады;

- инсулин мен эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмін (ауызша және жазбаша) сипаттай алады;

- инсулин мен эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • гормондардың нысана-жасушаларға әсер ету механизмінің негізгі кезеңдерін анықтай алады
  • инсулин мен эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтай алады.
  • Пәндік лексика мен терминология:

нысана-жасушалар, мембрана, мембрана-жасушаішілік, ақуыз синтезі, аденилат циклаза, стероидты гормондар, пептидті гормондар, амин қышқылы туындылары, байланыстыру орны, рецептор молекулалары, ерігіштігі, циклдік AMФ, қайталама хабарлар, гендік әсер, транскрипция факторлары, мРНҚ, ақуыз синтезі.

Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар:

Инсулин/эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмі келесі кезеңдерді қамтиды...

Инсулин/эстрогеннің әсер ету механизмдеріндегі ұқсастық - бұл...

Инсулин/эстрогеннің әсер ету механизмдеріндегі айырмашылық - бұл...

Гормоналды сигналдарды тарату оқиғаларының тізбегін келесі диаграмма түрінде көрсетуге болады...

Гормондардың әсер ету механизмдері келесі түрлерге бөлінеді …

Пәнаралық байланыс

химия (ерігіштігі, гормондардың химиялық табиғаты)

физика (диффузия)

Алдыңғы білімдер:

Үйлестір мен реттеу: 7-10 сынып.

Сабақ жоспары

Сабақта жоспарланған кезеңдер

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой шақыру

0-3 мин

  • Мақсат қою

1.1. Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға көмектесетін сұрақтар мен слайдтағы суреттер көрсетіледі:

- Суретте не көрсетілген деп ойлайсыз?

- Неге солай ойлайсыз?

1.2. Сабақ тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге тұжырымдау және дәптерге жазу.

Оқу презентациясы

1-3 слайд

Түсіну

3 -9 мин

9 -19 мин

19 -30 мин

30 -33 мин

33 -39 мин

  • Гормондардың әсер ету механизмі:
    • Гормондардың қасиеттері.

Мұғалім интерактивті режимде оқушыларға сұрақтар қойып, жаңа материалды түсіндіреді:

2.1.1. Гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары.

Сұрақ: Мұны қалай түсінесіз?

Жауап: Гормондар аз мөлшерде бөлініп, өте аз концентрацияда тиімді, гормондардың кішкене бөлігі еркін белсенді күйде қанда айналып жүреді.

2.1.2 Гормондар салыстырмалы ерекшелікке ие. Бұл қасиеттің практикалық маңызы зор, өйткені адам ағзасында гормонның жетіспеушілігін тиісті жануарлардың бездерінен алынған гормоналды препараттарымен өтеуге мүмкіндік береді.

Сұрақ: Гормондардың ерекшелігі дегеніміз не? Бұл қасиет тағыда қандай заттарға тән?

Жауап: Әр гормон белгілі бір процесті реттейді. Ферменттерге.

2.1.3. Гормондар белгілі бір қашықтықта әрекет етеді.

Сұрақ: Бұл қасиетті қалай түсіндіруге болады?

Жауап: Гормон әсере ететін мүшелер мен жүйелер оның пайда болу орнынан алыс орналасады. Әр гормон белгілі бір нысына- мүшеге әсер етеді.

2.2. Мүшелердің гормондарды қабылдауы

Сұрақ: Қандай гормондар жасуша мембранасына еркін өте алады?

Жауап: Стероид, өйткені олар липофильді гормондар.

Нысана жасушалардың гормондарға тиісті рецепторлар бар:

  • Егер гормондар жасуша мембранасына жақсы өте алмаса (амин қышқылы туындылары және пептидті гормондар):

гормон - мембраналық рецепторлар - медиаторлар: (простагландиндер) - аденилат циклаза ферменті АТФ-дан алынған цAMФ синтезін - ақуыз ферменттерінің синтезін катализдейді.

  • Егер гормон жасуша мембранасынан оңай өтсе (стероидты гормондар):

гормон - жасушаішілік рецептор - гормон-рецепторлар жиынтығы - ақуыз ферменттерінің синтезі.

Арнайы рецепторлық ақуыздар арқылы гормондармен өзара әрекеттесетін жасушалар нысана-жасушалар деп аталады. Бұл рецепторлық ақуыздар нысана-жасушасының сыртқы мембранасында немесе цитоплазмада немесе ядролық мембранада және жасушаның басқа органоидтарда орналасады.

Гормондардың екі типіне сәйкес гормондардың әсер ету механизмі келесі түрлеріне бөлінеді:

-мембраналық (байланыс) - оның сыртқы бетінде;

-жасушаішілік (рецепторлық аппарат жасуша ішінде орналасқан);

Жасуша рецепторлары - бұл гормондармен бірге арнайы комплекс құратын жасуша мембранасының арнайы аймақтары. 

Нысана-жасушамен гормондардың әсер ету механизмі келесі қадамдарды қамтиды:

1) мембрана бетінде «гормон-рецептор» комплексінін құрылуы;

2) мембраналық аденилциклазаның белсендірілуі;

3) мембрананың ішкі бетінде АТФ-дан цAMФ синтездеу;

4) «цАМФ -рецептор» комплекстін құрылуы;

5) ферменттің бөлінуіне байланысты каталитикалық ақуыз киназасын белсендіру, бұл ақуыз фосфорлануына, ақуыз синтез процестерін ынталандыруға, ядродағы РНҚ, гликогеннің ыдырауына әкеледі;

6) гормонды, цАМФ және рецепторларды инактивациялау.

2.3. Нысана-жасушаларға әсері

2.3.1. инсулин мысалында

2.3.2. эстроген мысалында

Оқушыларға ақпараттық ресурс ұсынылады:

- оқушылар жұптасып, жасушағы гормондардың әсер ету механизмі туралы ақпаратты зерттейді және талқылайды (бір жұптар - инсулиннің әсері, екіншілері - эстрогеннің әсері);

- топтардағы оқушылар бір-біріне түсіндіреді (бірдей ақпараты бар жұптар топтарға біріктіріледі);

- топтағы оқушылар жасушадағы гормондардың әсер ету механизмінің сызбасымен менталды карта жасайды.

- оқушылар менталды картаны сыныптың алдында қорғайды.

- оқушылар бір-бірін бағалайды (топтық жұмыс), сұрақтар қояды.

Бағалау критерийлері:

  • инсулин мен эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмін дұрыс сипаттай алады;
  • инсулин мен эстрогеннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмін дұрыс анықтай алады.
  • менталдық картада терминдер қолданылады - рецепторлар, нысана-жасуша, мембрана, мембрана-жасушаішілік, ақуыз синтезі, аденилат циклаза, стероидты гормондар, пептидті гормонда, цАМФ.
  • менталды картаны жасау мен қорғау процессіне топтың барлық мүшелері қатысады.

2.3.4. Оқушыларға жасушадағы гормондардың әсер ету механизмі туралы бейне фильм көру ұсынылады (бекіту үшін).

2.4. Жеке жазбаша жұмыс. Оқушылар Венн диаграммасын толтырады: «Эстроген мен инсулиннің нысана-жасушаларға әсер ету механизмдеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар».

2.5. Өзін-өзі бағалау және кері байланыс беру, талқылау.

Оқу презентациясы

Слайд 4

Оқу презентациясы

Слайд 5-9

Оқу презентациясы

Слайд 10-12

Қосымша 1,2

Оқу презентациясы

Слайд 13

Оқу презентациясы

Слайд 14

https://www.youtube.com/watch?v=QoSeNhcAbx4

Слайд 15-17

Қосымша 4

Рефлексия

39-40 мин

Оқушылар бағалау критерийлері бойынша сабақтың мақсатына жетуді талқылайды.

Ү/ж: қайталау.

Қосымша ақпарат

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр түрлі деңгейдегі сұрақтар, білім беру мақсатына жету үшін бірнеше ресурстармен қамтамасыз ету, менталды картасын құру, оны қорғау, Венн диаграммасын толтыру.

Сұрақтар, оқушылардың рефлексиясы, Венн диаграммасы, кері байланыс, өзара бағалау, жеке жұмыс, өзін-өзі бағалау арқылы.

Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз

сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап

беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу