Натрий – калий насосы мысалындағы белсенді тасымал механизмі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
| |||||||
|
| |||||||
|
| |||||||
|
| |||||||
|
| |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.3.1 - натрий – калий насосы мысалындағы белсенді тасымал механизмін сипаттау | |||||||
Сабақ мақсаттары | 1.Натрий – калий насосы мысалындағы белсенді тасымал механизмін сипаттау. 2.Белсенді және енжар тасымалды ажырату. | |||||||
Бағалау критерийлері | 1.«Белсенді тасымал» терминіне анықтама береді. 2.Белсенді тасымал түрлерін ажыратады.. 3.Белсенді тасымалға мысалдар келтіреді. 4.Белсенді тасымалдың маңызын сипаттайды. | |||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: •белсенді тасымалды, оның түрлерін сипаттау (тыңдалым және айтылым дағдылары) Пәндік лексика мен терминология: тасымалдаушы нәруыздар, натрий-калий насосы, тыныштық потенциалы. Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: Тасымалдауға энергияны қажет етеді .... Иондардың концентрация градиентіне қарсы қозғалысы ... Заттардың ... қарамастан қозғалысы. Натрий иондары таралуға тырысады... Калий иондары ... таралады. | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық – жұпта жұмыс арқылы, нәтижелерді сыныпта талқылау арқылы. Өмір бойы білім алу – тапсырмаларды орындау мен сабақта ақпаратты іздеу арқылы. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Химиямен – судың құрылысын транспирация, фототропизм, минералды және органикалық заттардың транспортын зерттеу барасында білу. Физикамен – потенциалдардың әртүрлілігінің пайда болуы, тыныштық потенциялы, әрекет потенциялы, деполяризация, реполяризация. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқу процессін визуализациялау. | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 7-сынып курсынан тасымалдауға қатысатын өсімдік мүшелерін тани алады. 7 сынып курсынан сабақ пен тамыр, ксилема мен флоэма құрылысы туралы білімдері. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0- 7мин | Амандасу. Психологиялық көңіл күй орнату. Стартер: Алдыңғы білімдерін ынталандыру. (W) Оқушыларға белсенді және енжар тасымал мысалдарын көрсету: натрий-калий насосы және диффузия. Оқушылардан дескрипторлар бойынша екі процессі салыстыруды сұраңыз. 1.Молекулалардың қозғалысы. 2.Өтетін жері. 3.Қандай заттар тасымалданады. 4.Маңызы. Мұғалімнің бағалауы. Сабақтың тақырыбын жариялау, сабақ және оқыту мақсаттарын, критерийлерді талқылау. Күтілетін нәтижелерді талқылау. | Қосымша 2 Формативті бағалау | ||||||
Сабақтың ортасы 8-14 мин 15-17 мин 18-23 мин 24-23 мин 34-37 мин | (Т) Оқушыларға белсенді тасымалдың негізгі механизмдерін түсіндіріңіз: градиент концентрациясына қарсы қозғалыс, АТФ –ті энергия ретінде қолдану, арнайы мембраналы нәруыздардың болуы. (W) «Натрий –калий насосы» видеосын қарау. (І) Оқушылар натрий және калий иондарының қозғалысы бойынша схема жасайды. «Неліктен жасушадан натрийдің 3 ионы шығып, 2 калий ионы кіреді?» сұрағына жауап береді. Дескрипторлар: 1.Видео фрагментті қарайды. 2.Схема жасайды. 3.Сұраққа жауап береді. Мұғалімнің бағалауы. Кері байланыс. Қабылдау типі бойынша дифференциация. (Р) Оқушылардан ақпараттық парақты оқып,. келесі терминдер бойынша глоссарий жасауды сұраңыз: белсенді транспорт, тасымалдаушы нәруыз, натрий насосы, калий насосы. Дескрипторлар: 1.Ақпараттық парақты оқиды. 2.Терминдерді белгілейді. 3.Терминдерге анықтама береді. 4.Глоссарий жасайды. 5.Глоссарийге таныстырылым жасайды. Глоссарийдің презентациясы терминдері бар карточка түрінде өткізілуі мүмкін. Оқушылар терминдерге анықтама береді. Дескрипторлар бойынша бірін-бірі бағалау. Кері байланыс. Дифференциация: әртүрлі деңгейдегі оқушылар бірге жұмыс жасайды. (І) Оқушылар «Дұрыс/Бұрыс» тапсырмасын орындайды. Дескрипторлар: 1.Дұрыс және бұрыс сөйлемдерді анықтайды. Дифференциация: қабілеті жоғары оқушылар барлық тапсырмаларды дұрыс орындайды, көмек қажет ететін оқушылар 3 тапсырманы дұрыс орындайды. | Қосымша 2 АП Қосымша 3 Тапсырма | ||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Тақырып бойынша «Әлемнен бір ақпарат» әдісін қолдана отырып, кері байланыс алыңыз. Сабақты оқыту мақсаты, бағалау критерийлері бойынша қорытындылаңыз. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Қабылдау типі бойынша дифференциация. Әртүрлі деңгейдегі оқушылар бірге жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар барлық тапсырмаларды дұрыс орындайды, көмек қажет ететін оқушылар 3 тапсырманы дұрыс орындайды | Оқушылардың бірін-бірі ақпараттық парақ арқылы және дескрипторлар арқылы бағалауы. Оқушылардың өзін-өзі дұрыс жауаптарды қолдана отырып бағалауы. | Сымбатты қадағалау. Зейіннің концентрациясын әртүрлі тапсырмаларды кезектестіру арқылы шаршатпау. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?