Натрий – калий насосы мысалындағы белсенді тасымал механизмі. Биология, 11 сынып, презентация.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
| |||||||
|
| |||||||
|
| |||||||
|
| |||||||
|
| |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.3.1 - натрий – калий насосы мысалындағы белсенді тасымал механизмін сипаттау | |||||||
Сабақ мақсаттары | 1.Натрий – калий насосы мысалындағы белсенді тасымал механизмін сипаттау. 2.Белсенді және енжар тасымалды ажырату. | |||||||
Бағалау критерийлері | 1.«Белсенді тасымал» терминіне анықтама береді. 2.Белсенді тасымал түрлерін ажыратады.. 3.Белсенді тасымалға мысалдар келтіреді. 4.Белсенді тасымалдың маңызын сипаттайды. | |||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар орындай алады: •белсенді тасымалды, оның түрлерін сипаттау (тыңдалым және айтылым дағдылары) Пәндік лексика мен терминология: тасымалдаушы нәруыздар, натрий-калий насосы, тыныштық потенциалы. Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: Тасымалдауға энергияны қажет етеді .... Иондардың концентрация градиентіне қарсы қозғалысы ... Заттардың ... қарамастан қозғалысы. Натрий иондары таралуға тырысады... Калий иондары ... таралады. | |||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық – жұпта жұмыс арқылы, нәтижелерді сыныпта талқылау арқылы. Өмір бойы білім алу – тапсырмаларды орындау мен сабақта ақпаратты іздеу арқылы. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Химиямен – судың құрылысын транспирация, фототропизм, минералды және органикалық заттардың транспортын зерттеу барасында білу. Физикамен – потенциалдардың әртүрлілігінің пайда болуы, тыныштық потенциялы, әрекет потенциялы, деполяризация, реполяризация. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқу процессін визуализациялау. | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 7-сынып курсынан тасымалдауға қатысатын өсімдік мүшелерін тани алады. 7 сынып курсынан сабақ пен тамыр, ксилема мен флоэма құрылысы туралы білімдері. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0- 7мин | Амандасу. Психологиялық көңіл күй орнату. Стартер: Алдыңғы білімдерін ынталандыру. (І) Оқушылардан «Белсенді транспорт » тақырыбы бойынша бос орындарды керекті сөздермен толықтыруды сұраңыз. Дескриптор: 1.Сөйлемге қажетті лексиканы қолданады. Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің кері байланысы. Қабылдау типі бойынша дифференциация. Сабақтың тақырыбын жариялау, сабақ және оқыту мақсаттарын, критерийлерді талқылау. Күтілетін нәтижелерді талқылау. | Қосымша 2 Формативті бағалау | ||||||
Сабақтың ортасы 6-16 мин (АП жұмыс) 17-20 мин (постерлардың презенетациясы, әр топқа 1,5 мин) 21-22 мин 23-30 мин 31-37 мин | (G) Оқушылар топта ақпараттық парақты зерттейді де, постерлер дайындайды. Бірінші топ – натрий-калий насосының маңыздылығы бойынша АП зерттеу. Екінші топ – ішектегі, жүйке және бұлшық ет жасушаларындағы белсенді транспорт. Дескрипторлар: 1.Академиялық тілді қолдану, кілттік сөздер мен түсініктемелерді белгілеу. 2.Оқыту материалын түсінікті етіп түсіндіру. 3.Уақыт лимитін сақтайды. Постерлердің таныстырылымы. Оқушылар ақпаратты бірге зерттейді, сол ақпарат бойынша кейінірек «Ес картасын» дайындайды, бірін-бірі оқытады, бағалайды. Дифференциация: әртүрлі деңгейдегі оқушылар бірге жұмыс істейді. (Т) Оқушылардың ақпаратын қысқаша қорытындылаңыз. Натрий –калий насосының маңыздылығы мен ішектегі, жүйке жасушалары мен бұлшық ет жасушаларындағы натрий –натрий калий насосының маңыздылығына тоқталыңыз. (Р) Оқушылар алынған ақпаратқа сүйене отырып, «Натрий – калий насосы мысалындағы белсенді тасымал механизмі.» тақырыбы бойынша ес картасын» жасайды. Дескрипторлар: 1.Натрий-калий насосының механизмін сипаттайды. 2.Натрий-калий насосының маңыздылығын сипаттайды. 3.Ішектегі белсенді тасымалды ескереді. 4.Жүйке және бұлшық ет жасушаларындағы белсенді тасымалды ескереді. Мұғалімнің бағалауы. Кері байланыс. Кейбір оқушылар өз ес карталарын бүкіл сыныпқа таныстырады. Дифференциация: деңгейі жоғары оқушылар ес карталарын толықтай жасайды, деңгейі төмен оқушылар тек кілтті идеялар бойынша жасайды. (І) Жұмыс парағымен жұмыс жасау. 1.Венн диаграммасын толтыру. 2.Қорытындылау сұрақтары. Дескрипторлар: 1.Белсенді және енжар тасымалды сипаттайтын тұжырымдамалар бойынша Венн диаграммасын толтырады. 2.Сурет бойынша транспорт типін анықтайды. 3.Белсенді тасымалдың енжар тасымалдан қалай ерекшеленетіндігін түсіндіреді. Дифференциация: деңгейі жоғары оқушылар белсенді тасымалды сипаттауды және оның маңызын сипаттауды қажет ететін жұмыс парағын алады, ал деңгейі төмен оқушылар белсенді транспорттың сипаттамаларын, белсенді транспорт пен енжар транспортты суреттен анықтайды. Мұғалімнің кері байланысы, мұғалімнің бағалауы. | Қосымша 1 АП Презентация Қосымша 2 және 3 Тапсырма | ||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Тақырып бойынша сұрақтарды қолданып кері байланыс алыңыз.
Сабақты оқыту мақсаты, бағалау критерийлері бойынша қорытындылаңыз. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Қабылдау типі бойынша дифференциация. Әртүрлі деңгейдегі оқушылар бірге жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар барлық тапсырмаларды дұрыс орындайды, көмек қажет ететін оқушылар жеңілдетілген тапсырмаларды орындайды. | Оқушылардың бірін-бірі ақпараттық парақ арқылы және дескрипторлар арқылы бағалауы. Оқушылардың өзін-өзі дұрыс жауаптарды қолдана отырып бағалауы. | Сымбатты қадағалау. Зейіннің концентрациясын әртүрлі тапсырмаларды кезектестіру арқылы шаршатпау. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?