Натрий-калий сорғысының мысалына негізделген белсенді тасымалдау механизм. Биология, 11 сынып, презентация.
Суретте не бейнеленген?
Натрий-калий сорғысының мысалына негізделген белсенді тасымалдау механизмі
Пән мұғалімі: Байгутова Н.Б.
Алматы қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі
11.1.3.1 Натрий-калий сорғысының мысалына сүйене отырып, белсенді тасымалдау механизмін түсіндіру
Оқу мақсаты:
Венн диаграммасы
"Жартылай өткізбейтін мембрана арқылы тасымалдау түрлері"Бұл сипаттамаларды Венн диаграммасының тиісті шеңберлеріне белгілеу:
- судың қозғалысы
- энергияны қажет етеді
- пассивті тасымалдау
- бөлшектер қозғалысы
- жартылай өткізбейтін мембрана қажет
- жоғары концентрциядан төмен концентрацияға
- концентрация градиентіне қарсы
- минералды заттар тамыр шашақтарына қалай өтеді
- жапырақтардың оттегіні бөлуі
- су өсімдік жасушаларында тургор жасайды
- ерітілген заттардың тасымалдануы
Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша.
Биологиялық мембрананың түрлері:
Плазмолемма (жасушаның сыртқы қабаты)
Жасушаішілік мембраналар
Базальды мембрана
Биологиялық мембраналар:
Жасушаны сыртқы қоршаған ортадан шектейді және сыртқы ортаның кері әсерінен қорғайды
Жасуша мен оны қоршаған ортаның арасындағы зат алмасуды басқарады
Электрлік потенциалдардың пайда болуына ықпал етеді
Митохондриядағы АТФ энергиясын синтездеуге қатынасады
Мембрана негізінен үш маңызды қызмет атқарады
Матрицалық
Барьерлік
(кедергілік)
әртүрлі қызмет атқарушы ақуыздарды ұстап тұрушы және өзара орналасуын, қалпын сақтайды
Жасушалар мен жеке бөліктерге керексіз бөлшектердің еніп кетуінен қорғайды
Механикалық
- Фосфолипидтердің екі қабаты
- Липид молекулалары гидрофилды бастан және гидрофобты құйрықшаны түзейді
- Билипидты қабатына ақуыз молекулалары, гликопротеидтер мен көмірсулар батырылған.
Мембрананың құрылысы
Өмірдің элементар ұяшығы – клетка ашық жүйе болып келеді. Сол себепті, биологиялық мембрана арқылы тасымалдау өмірдің маңызды шарты болып келеді
Мембраналық тасымалдаумен клетка метаболизмі, биоэнергетикалық процесстер, биопотенциалдар қалыптасуы, жүйке импульсінің генерациясы және т.б. процесстер байланысты
Мембраналық тасымал
Мембраналық тасымалдау
Тасымалдау түрлері
Пассивті тасымалдау
Активті тасымалдау
Энергияны шығынысыз өтетін тасымал түрі
Энергия шығынымен өтетін тасымал түрі
Пассивті тасымал негізінде концентрация мен зарядтардың айырмашылығы жатыр
Пассивті тасымал кезінде заттар әрқашан концентрациясы көп аймақтан концентрациясы аз аймаққа өтеді, яғни концентрация градиенті бойынша жүреді.
Егерде молекула зарядталған болса, онда тасымалға электрлік градиент әсер етеді
Сол себепті екі градиентті біріктіріп электрохимиялық градиент туралы айтады
Пассивті тасымал
Пассивті тасымалдау түрлері
Қарапайым диффузия(липидтік биқабат арқылы тасымалдау)
Жеңілдетілген диффузия (арнайы тасымалдаушы белоктар арқылы тасымалдау)
Мембраналық каналдар арқылы тасымалдау
БЕЛСЕНДІ (АКТИВТІ) ЗАТ ТАСЫМАЛДАУ
Белсенді (активті) тасымалдау деп заттың электрохимиялық потенциалы аз орнынан оның көп орнына қарай тасмалдануын айтады. Мембранада белсенді зат тасмалдау өздігінен жүре алмайды. Ол аденозин- трифосфат (АТФ) қышқылының гидролиздену процесімен қатар жүреді, яғни бұл тасмал АТФ-те жинақталған энергияны шығындау есебінен болады.
Активті тасымалдау қажеттілігі электрохимиялық градиентке қарсы затты тасымалдауын қамтамасыз ету кезінде туындайды
Бұл тасымалдау түрі таратушы-белок арқылы іске асырылады. Олардың қызмет етуі энергия шығынымен өтеді
Энергия көзі ретінде АТФ молекулалары қолданылады
Активті тасымалдау
Активті тасымалдау түрлері
К+, Na+—«насосы»
Экзоцитоз
Эндоцитоз
Биологиялық мембранада иондық насос бар екені дәлелденді. Ол АТФ гидролизінің бос энергиясы есебінен жұмыс атқарады.
Қазіргі уақытта мембрана арқылы иондарды белсенді тасымалдайтын иондық электрогендік насостың үш түрі бар екені дәлелденді. Олар:
I – К+-Na+-ATФ-аза (цитоплазматикалық мембранада)
II – Са2+-ATФ-аза (саркоплазматикалық ретикулум мембранасында, Са2+- насос)
III – Н+-АТФ-аза немесе протондық помпа (энергия тасмалдайтын митохондрий, хлоропласт және бактерия мембранасында).
Клетканың қалыпты жұмыс істеуі үшін:
K+ клетканың сыртына қарағанда, ішінде көп болуы тиіс
Na+ клетканың ішіне қарағанда, сыртында көп болуы тиіс
Бұл жағдай K+ және Na+ иондарын концентрация градиентіне қарсы тасымалдағанда мүмкін болады. Ол K+,Na+-”насосы” көмегімен іске асады.
К+, Na+—«насосы»
Суретте биологиялық мембрана арқылы тасымалдау көрсетілген. Суретте А дан D-ға дейінгі әріптермен белгіленген тасымалдаудың әр түріне сәйкес атауды таңдаңыздар.
Жұптық жұмыс
А- _______________________________________
В-_______________________________________
С________________________________________
D-_______________________________________
Кері байланыс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?