Фотосинтездің жылдамдығына әсер ететін факторлар. Фотосинтездің шектеуші факторлары: жарық толқынының ұзындығы немесе жарық интенсивтілігі, көмірқышқыл газының концентрациясы, температура. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты – жөні: ____________________________ Сынып: ____ «___»
№ 8 Зертханалық жұмыс
LW) P, DCP, DEC «Фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу»
Зерттеу сұрағы : Фотосинтез процесіне шектеуші факторлар қалай әсер етеді?
Жұмыстың мақсаты: Фотосинтездің шектеуші факторларын зерттеу және түсіндіру
Болжам: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Айнымалылар | Фактор | Бақылауда қалай ұстау қажет |
Тәуелсіз | ||
Тәуелді | ||
Бақылауға алынатын |
Материалдар мен жабдықтар:
Жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелері:
Қатер көзі | Мүмкіндігі | Алдын алу жолы |
1. 2. 3. |
Кіріспе ескертулер
Су өсімдіктерінің фотосинтезінің қарқындылығын анықтау үшін оттегі көпіршіктерін есептеу әдісін қолдануға болады. Жапырақтарда жарықта фотосинтез процесі жүреді, оның өнімі жасуша аралық кеңістікте жиналатын оттегі болып табылады. Артық газ сабағын кескен кезде кесік бетінен көпіршіктердің үздіксіз ағымы түрінде бөлінеді, олардың түзілу жылдамдығы фотосинтез қарқындылығына байланысты болады.
Жұмыс барысы
Тәжірбе 1. Фотосинтез өнімділігінің жарық қарқындылығына тәуелділігі
- Бөлме температурасында 30 мл тазартылған кран суын пробиркаға құйыңыз, 1 г NaHCO3 қосып, шыны таяқшамен араластырыңыз.
- Ұшы зақымданбаған ұзындығы 8 см элодеяның өскінін алыңыз. Жіппен шыны таяқшаға байлап, үстіңгі жағын (ұшын) төмен қаратып 1 п. пробиркаға салыңыз. Су астында жоғарғы жақтан сабағын кесіңіз (бірақ ұшын емес).
- Үстел шамынан 50 см қашықтықта штативке су өсімдігі бар пробирканы орналастырыңыз. Өсімдік кесіндісінен ауа көпіршігінің пайда болуын бақылаңыз.
- Көпіршіктің ағымы біркелкі болғанда, 1 минут ішінде босатылған көпіршіктердің санын есептеңіз. Есептеу 1 минуттық үзіліспен 3 рет жүргізіледі, деректер кестеде жазылады, орташа нәтижені анықтаңыз.
- 3.4-пункітінде көрсетілген қадамдарды қайталаңыз, су өсімдігі бар штативті үстел шамынан 40, 30, 20, 10 см қашықтықта орналастырып қайталап шығыңы.
- Тәжірибе нәтижелерін кестеге енгізіңіз. Төмендегі кеңістікте алынған деректер үшін кестені сызыңыз.
Тәжірбе 2. Фотосинтез өнімділігінің жарық спектрінің құрамына тәуелділігі
- Бөлме температурасында 30 мл тазартылған кран суын пробиркаға құйыңыз, 1 г NaHCO3 қосып, шыны таяқшамен араластырыңыз.
- Ұшы зақымданбаған ұзындығы 8 см элодеяның өскінін алыңыз. Жіппен шыны таяқшаға байлап, үстіңгі жағын (ұшын) төмен қаратып 1 п. пробиркаға салыңыз. Су астында жоғарғы жақтан сабағын кесіңіз (бірақ ұшын емес).
- Үстел шамынан 20 см қашықтықта штативке су өсімдігі бар пробирканы орналастырыңыз. Үстел шамы мен су өсімдігі бар түтікше арасында көк жарық фильтірін қойыңыз. Өсімдік кесіндісінен ауа көпіршігінің пайда болуын бақылаңыз.
- Көпіршіктің ағымы біркелкі болғанда, 1 минут ішінде босатылған көпіршіктердің санын есептеңіз. Есептеу 1 минуттық үзіліспен 3 рет жүргізіледі, деректер кестеде жазылады, орташа нәтижені анықтаңыз.
- 3,4 п. қайталаңыз, көк жарық фильтірлерін қызылға, содан кейін жасыл түске ауыстырыңыз және 3 п. көрсетілген әрекеттерді жарық көзі мен су температурасы тұрақты болуын қадағалай отырып қайталаңыз.
- Тәжірибе нәтижелерін кестеге енгізіңіз. Төмендегі кеңістікте алынған деректер үшін кестені сызыңыз.
Тәжірбе 3. Фотосинтез қарқындылығының температураға тәуелділігі
- Бөлме температурасында 30 мл тазартылған кран суын пробиркаға құйыңыз, 1 г NaHCO3 қосып, шыны таяқшамен араластырыңыз.
- Ұшы зақымданбаған ұзындығы 8 см элодеяның өскінін алыңыз. Жіппен шыны таяқшаға байлап, үстіңгі жағын (ұшын) төмен қаратып 1 п. пробиркаға салыңыз. Су астында жоғарғы жақтан сабағын кесіңіз (бірақ ұшын емес).
- Сыйымдылығы 500 мл 250 мл химиялық стақандарға температурасы 15°С су құйыңыз.
- Өсімдігі бар пробирканы стаканға салып, қондырғыны үстел шамынан 10 см қашықтықта орналастырыңыз. Өсімдік кесіндісінен ауа көпіршігінің пайда болуын бақылаңыз.
- 5 минуттан кейін 1 мин ішінде бөлінген көпіршіктер санын есептейді. Есептеу 1 минуттық үзіліспен 3 рет жүргізіледі, деректер кестеде жазылады, орташа нәтижені анықтаңыз.
- 25°С және 45°С температураларымен 3,4,5 п. қайталаңыз.
- Тәжірибе нәтижелерін кестеге енгізіңіз. Төмендегі кеңістікте алынған деректер үшін кестені сызыңыз.
Тәжірбе 4. Фотосинтез қарқындылығының СО2 концентрациясына тәуелділігі
- Бөлме температурасында 30 мл тазартылған кран суын пробиркаға құйыңыз.
- 2.Ұшы зақымданбаған ұзындығы 8 см элодеяның өскінін алыңыз. Жіппен шыны таяқшаға байлап, үстіңгі жағын (ұшын) төмен қаратып 1 п. пробиркаға салыңыз. Су астында жоғарғы жақтан сабағын кесіңіз (бірақ ұшын емес).
- Үстел шамынан 10 см қашықтықта штативке су өсімдігі бар пробирканы орналастырыңыз. Өсімдік кесіндісінен ауа көпіршігінің пайда болуын бақылаңыз.
- Көпіршіктің ағымы біркелкі болғанда, 1 минут ішінде босатылған көпіршіктердің санын есептеңіз. Есептеу 1 минуттық үзіліспен 3 рет жүргізіледі, деректер кестеде жазылады, орташа нәтижені анықтаңыз.
- 3.4-қадамын қайталаңыз, бірақ пробиркаға 0,5, 1,5, 2 г NaHCO3 қосып, шыны таяқша араластырыңыз.
- Тәжірибе нәтижелерін кестеге енгізіңіз. Төмендегі кеңістікте алынған деректер үшін кестені сызыңыз.
Деректерді талдау және нәтижелерді талқылау
- Фотосинтездің қарқындылығы жарықа, жарықтың спектрлік құрамына, көмірқышқыл газының концентрациясына және температураға тәуелділік графигін жасаңыз.
- Құрылған графиктердің деректерін пайдалана отырып, Фотосинтездің қарқындылығын төмендегі көрсеткіштерден тәуелділігін сипаттаңыз
Жарықтандыру қарқындылығынан
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жарықтың спектр құрамынан
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Температурадан

СО2 концентрациясынан

Бағалау: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Шектеу мен кемшіліктер:
1._________________________________________________________________________
2._________________________________________________________________________
3._________________________________________________________________________
- Нәтижеге теріс әсер ететін,әдісте қателіктер бар ма?
- Бақылау мен есептеу нәтижелері сенімді ме?
Жақсарту тәсілдері.
- Зерттеу жұмысын жақсарту үшін қандай ұсыныс айта аласыз?
- Бақылау мен есептеу барысында сенімді нәтиже алу үшін,әдісті жақсартудың қандай тәсілін ұсына аласыз?
1.__________________________________________________________________________
2.__________________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________________
Қорытынды:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?