Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері. Биология, 11 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері.
Оқу мақсаты:
хлоропластың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
Бағалау критерийлері:
хлоропласттың негізгі құрлымдық элементтерін белгілейді;
өлшемдік пропорцияларды сақтайды.
ХЛОРОПЛАСТ
Хлоропласт (грек. chloros — жасыл және plastos — соғып жасау) —фотосинтез процесін жүзеге асыратын өсімдіктердің жасуша ішкілік органоиды.
Хлоропластар
Хлоропластар - митохондриялар сияқты қос мембраналы органоид. Оның құрылысы митохондриялардың құрылысына ұқсас болғанымен, көптеген айырмашылықтары бар. Хлоропластардың пішіні көбіне сопақша болып келеді. Оның ұзындығы - 5 - 10мкм, ені - 2 - 4мкм. Олардың саны өсімдіктің түріне қарай түрліше болады. Хлоропластардың ішкі қабатында жалпақ мембраналы тилакоидтер және оның матриксін құрайтын строма нәруызы көп кездеседі.
Онда пигменттер, электрон тасымалдағыш тізбек және ферменттер шоғырланады. Тилакоидты граналардан бос кеңістікті строма деп атайды. Хлоропласт тилакоидты граналардың саны бірнешеу. Оларды өзара стромалық тилакоид жалғастырып тұрады. Стромада фотосинтездің биохимиялық реакциялары жүреді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлоропласт сопақша, линза тәрізді. Оның ұзындығы 5 — 10 мкм, ені 2 — 3 мкм.
Әр жасушада шамамен 20 — 30-дай хлоропласт болса, балдырларда мөлшері өте үлкен, формасыз 1 — 2 данасы ғана болады.
Жарықсыз өсірген өсімдіктерде болатын этиопластар жарықтың әсерінен жасыл түске боялып, хлоропластға айналады.
Осы айналу барысында ішкі мембрана қатпарлана өсіп тилакоид (бір қабат мембранадан тұратын жұқа құты-қапшық) түзеді.
Тилакоидтар өзара топтасып граналар пайда болады. Тилакоидты граналар жуып, дестелеп қойған тостаған-табақшаны елестетеді.
Пропластидтерден хлоропластар түзілу үрдісінде оның матриксінде күрделі мембраналы жүйе пайда болады. Хлоропластың ішкі мембранасының қатпарларынан стромада оған кесе көлденең орналасқан ламеллалар немесе тилакоидтар деп аталатын қос мембраналы тақталы құрылымдар түзіледі. Әрбір тилакоид хлороплатың қабықшасы секілді екі мембранадан тұрады.
Хлоропластар стромасындағы тилакоидтар жүйесінен басқа рибосомалар, крахмал дәндері, ДНҚ жіпшелері және пластоглобулдар бар. Крахмал дәндері фотосинтез өнімдерін уақытша жинайтын орын.
Өсімдіктер 24 сағат қараңғы жерде тұрса крахмал дәндері жойылып кетеді де, жарыққа шығарғаннан кейін 3-4 сағат ішінде қайта пайда болады.
Топтық жұмыс:
1 топ: хлоропластың моделін құрастырады.
2 топ: хлоропластың суретін салады.
Бағалау критерийлері (топтық жұмысқа):
- нақты ақпарат беру;
-қосымша материалдарды пайдалану;
-топ мүшелерінің жұмысқа қатысуы;
-қорғау уақытын сақтау ...
Рефлексия:
Мен сабақта ......................................білдім
Бәріненде маған................................ұнады
Мен үшін пайдалы ақпарат...........болды
Мен ...................................................тілеймін
Менің ұсыныстарым........................................
Үйге:
хлоропласт туралы ақпарат жасау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?