Трансляция кезеңдері, нәруыз биосинтезі. Биология, 11 сынып, презентация.
Сабақтың мақсаты: Нәруыз синтезі процесін сипаттау
Сабақтың мақсаттары:
Трансляция үрдісін сипаттайды
тРНҚ құрылысымен танысады
Нәруыз биосинтезінің басталу және аяқталу
нүктелерін анықтайды
Инициация кезеңіндегі үрдістерді талдайды
Элонгация кезеңде жүретін үрдістерді
түсіндіреді
Терминация кезеңін сипаттайды
Трансляция
Трансляция — м-РНҚ матрицасында полипептидті тізбектер синтезделеді.
Нәруыз молекуласының синтезделуі цитоплазмадағы бос рибосомаларда және түйіршікті ЭПТ-да жүреді
Трансляция
Жасушаның қажеттілігі үшін синтезделген нәруыз ЭПТ түтігі арқылы Гольджи комплексіне тасымалданып, жасушадан шығарылады.
Транспорттық РНҚ
Нуклеотидтерді рибосомаға тасымалдау кезінде тРНҚ қолданылады.
тРНҚ ерекшелігі :
Антикодонды ілмек
Акцепторлі бөлік
Белгілі аминқышқылы кодының триплетіне комплементарлы РНҚ-ның антикодон ілмегінде антикодон болады.
Аминоацил-тРНҚ-синтетаза ферменті арқылы акцепторлы бөліктің 3` ұшындағы ЦЦА аймағына аминқышқылдары жалғанады /АТФ жұмсалады/
Транспорттық РНҚ
Әрбір аминқышқылының т-РНҚ –сы және өз ферменті болады. Сол ферменттің әсерінен тРНҚ аминқышқылына жалғанады
Трансляция 3 кезеңге бөлінеді
инициацию
элонгацию
терминацию
Рибосомы
Рибосоманың кіші суббірлігінде рибосоманың функциональды орталығының 2 бөлігі орналасқан:
Пептидті (Р-бөлік)
Аминоацилді (А-бөлік).
РФО –да 6 нуклеотид болады, оның 3-і пептидті бөлікте, қалған 3-і аминоцилді бөлікте болады
Трансляция инициациясы
Нәруыздың синтезделуі м-РНҚ-ның 5'- ұшына рибосоманың кіші суббірлігі байланысқаннан басталады. Р – бөлікке т-РНҚ метионині кіреді.
.
Инициаторлы кешені (рибосоманың кіші суббірлігі, т-РНҚ метионинмен бірге) АТФ есебінен трансляцияланбайтын аймақтан метионинді кодон АУГ-дейін жылжиды.
Бұл үрдіс сканирлеу деп аталады.
Трансляция инициациясы
Р-бөліктегі сканирлеу кешеніне АУГ кодоны түскенде, рибосоманың үлкен суббірлігі жалғанады.
РФО-ның А-бөлігіне м-РНҚ-ның кодонына комплементарлы т-РНҚ-ның антикодоны келіп түседі.
Элонгация
Инициация. Элонгация.
Элонгация
Рибосоманың үлкен суббірлігінің пептидилтрансферазды орталығы метионин мен келесі аминқышқылы арасындағы пептидті байланысты түзеді. Пептидті байланысты түзуді катализдейтін басқа фермент болмайды.
Элонгация
Пептидті байланыс түзілгеннен кейін рибосома
м-РНҚ-ның келесі триплет кодына жылжиды, метионинді т-РНҚ метиониннен ажырайды және оны цитоплазмаға ығыстырады.
Элонгация
А-бөлігіне үшінші т-РНҚ келеді. Екінші және үшінші аминқышқылдары арасында пептидті байланыс түзіледі.
Элонгация
Терминация
Нәруыз молекуласын синтездеу үшін рибосоманың қозғалуына бірнеше минут қана қажет болады.
А-бөлікке (УАА, УАГ, УГА) кодон-терминатор келіп түскенде, т-РНҚ-дан полипептидті тізбек ажырайды және рибосомадан босап шығады. Диссоциация болады, рибосоманың суббірліктері бір-бірінен ажырайды.
Терминация
Ең алғаш 51 аминқышқылы қалдығынан тұратын инсулин нәруызы жасанды жолмен синтезделіп алынды.
Терминация
м-РНҚ арқылы бірмезгілде бірнеше рибосомалар келіп, бірдей нәруыздар синтездеуі мүмкін. Мұндай құрылымды полисома деп атайды.
Полисома
м-РНҚ –дағы нуклеотидтердің реті
АУГ УГГ АУА УЦЦ УУУ АГУ УАГ
Сұрақ: Қандай аминқышқылдары синтезделеді?
2. Аминқышқылдарының полипептидті тізбектегі реті :
мет – три – иле – сер – фен – сер
Сұрақ: қандай триплеттер кодтайды?
Таблица 4-3. Основные компоненты белоксинтезирующей системы
Примечания: elF (eukaryotic initiation factors) - факторы инициации; eEF (eukaryotic elongation factors) - факторы элонгации; eRF (eukaryotic releasing factors) - факторы терминации.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?