Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Ферменттер жоғары деңгейдегі маманданған деңгейге ие. Фишер 1890 ж. ферменттің бұл талғампаздық қасиетке ие болуы, оның молекуласының ерекше формасымен сипатталады, бұл форма субстрат молекуласына сай келеді деп айтты. Бұл гипотезаны «кілт пен құлып» деп атайды. Субстрат кілт, фермент құлып. Әрбір ферменттің белсенді орталығы белгілі формаға ие болып келеді, бұл орталық субстратпен әрекеттеседі. Фермент молекуласы субстратқа қарағанда ірі, бірақ белсенді орталық ферменттің молекуласының аз бөлігін құрайды. Белсенді орталық 3-12 амин қышқылдардың қалдықтарынан құралады. Басқа амин қышқылдардың рөлі, ферменттің глобулярлық формасын сақтауға бағытталған. Түзілген өнім молекулалары формасы бойынша белсенді орталыққа сәйкес келмегендіктен, одан бөлініп қалады. Содан кейін босаған белсенді орталық жаңа субстрат молекулаларын қабылдай алады. 1959 жылы Д. Кошланд «кілт пен құлыптың» жаңа гипотезасын ұсынды. Бұл гипотеза «индуцияланған сәйкестік» үлгісі деп аталды. Нәтижелер негізінде, ферменттер мен олардың белсенді орталықтары физикалық икемді болып келеді. Кошланд: фермент пен қосылған субстрат белсенді орталықтың өзгеруіне әкеледі. Белсенді орталықтың амин қышқылдарының қалдықтары белгілі форманы қабылдап, соның арқасында ферментке өзінің жұмысын эффективті жасауына септігін тигізеді. Мысалы: қолға киілетін қолғап (перчатка) қолға кигізгенде, өзінің формасын қолдың рельефіне сәйкес өзгертеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу