Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім 11.1А Молекулалық биология және биохимия | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуі. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 11.4.1.2 - фермент-субстрат комплексінің түзілу механизмін түсіндіру | ||||||
Сабақ мақсаттары | Фермент пен субстраттың өзара әрекеттесуін талдау Фермент- субстрат комплексін түзілу механизмін сипаттау | ||||||
Бағалау критерийлері | Ферменттің құрылысын сипаттайды Белсенді орталықтың маңызын түсіндіреді Фермент мен субстарттың әрекет ету реттілігін сипаттайды | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: фермент, субстрат, белсенді орталық, фермент-субстратты кешен, өнім, жылдамдығы артады, әсер етеді, температура Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Барлық ферменттер реакцияны ……………… Барлық ферменттер нәруыздар, бірақ барлық нәруыздар ...................... Әр фермент субстратқа қатысты ...................... болады Бір фермент – бір ...................... Барлық ферменттер реакцияның ................. төмендетеді | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет Топпен жұмыс істеу арқылы бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Ашықтық Бір-бірлеріне ашық өз ойларын жеткізеді | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушыларға химиялық байланыстар мен заттардың табиғаты туралы түсініктерді қолдану қажеттілігі химия пәнімен байланысын қамтамасыз етеді. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақ барысында ресурстар, жұмыс парақтары, интербелсенді тақта қолданылады. | ||||||
Бастапқы білім | Молекулярлы биология: 8 - 10 сынып. Заттардың тасымалы: 9 сынып | ||||||
Жоспар | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
0 – 5 минут | Сабақ тақырыбы, оқыту мақсаты, сабақ барысы талқыланады. «Ия» және «Жоқ» тапсырмасын орындау. Оқушылар бір жағы қызыл және екінші жағы жасыл карточкаларды көтеріп жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген оқушылардың балдары анықталады. Оқушыладың ұпайын оларға жетон беру арқылы санауға болады. Әрбір дұрыс жауап үшін 1 ұпайдан беріледі. Максималды- 10 ұпай. (Ж) (ҚБ) Оқушыларға ферментті және оның субстратын сәйкестендіруге ұсыныс жасаңыз. Кесілген суреттер бойынша ферментті оның субстратымен байланыстыруын сұраңыз «2 жұлдыз 1тілек» арқылы өзара бағалау | РРТ | |||||
Сабақтың ортасы 06-36 мин | (Т) Оқушыларға фермент- субстратты өзара әрекеттесуінің «мылқау» суретін толтыруға ұсыныс жасаңыз. Фермент пен субстрат өзара әрекеттескенде не болатынын туралы оқушылардан түсіндіруді сұраңыз. Ферменттердің тізімі: липаза, амилаза, протеаза, мальтаза, карбогидраза, пепсин. Субстраттар: майлар, крахмал, протеиндер, сахароза. Оқушыларға қағаздан қиып жасалынған «кілт» және «құлып» моделін таратыңыз. Кілт терминдер: субстрат, ферменттің белсенді орталығың, фермент, өнім, фермент – субстратты кешен Бағалау критерийлері: • Суреттегі барлық элементтер белгілейді • Фермент-субстрат кешенінің түзілу механизмін сипаттайды Жұптардың жұмысы. Критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау (М) Оқушыларға Фишера және Кошланд теорияларын түсіндіріңіз Мұғалім Фишер мен Кошланд теорияларын түсіндіреді. Тақырыпты үсіндіру кезінде оқушылардың назарын Фишер және Кошланд теорияларының ерекшеліктеріне және Кошландтың прогрессивті теориясына аудару қажет. | Фермент, субстраттың қағаз қималары Фермент- субстраттың өзара әрекеттесу суреттеріне мысал: http://fb.ru/misc/i/gallery/15322/595149.jpg https://www.pinterest.co.uk/pin/549509592019442576 Кошланд және Фишердің теориялары туралы жазба материал (орыс тілінде) | |||||
Сабақтың соңы 37-40 | «Шабадан, ет тартқыш және қоқыс жәшігі» бойынша әр оқушы сабақ бойынша өз ойларын стикерге жазады немесе ауызша айтып кетеді. Шабадан- мен өзіммен аламын........, ет тартқыш- ақпаратты өңдеу үстіндемін.........., қоқыс жәшігі- маған керек емес болды........ | Стикер | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Қауіпсіздік сақтау | ||||||
Оқушылар: субстрат пен фермент байланысын сипаттайды. Кейбір оқушыларға мұғалім тарапнынан көмек қажет болады. Кейбір оқушылар: ферментінің әрекет ету механизмін анықтаудың өзге де жолдарын ұсынады.....немесе қосымша тапсырма орындайды. | Сынып бөлмесінде қауіпсіздік ережесін сақтайды | ||||||
Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Оқушыларды бағалау мұғалім тарапыныан, оқушылардың өзін өзі бағалауы және бірін-бір бағалуы арқылы жүзеге асырылады. | ||||||
Ой толғаныс Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылар бүгін нені білді? Оқыту ахуалы қандай болды? Жоспарланған саралау тиімді болды ма? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?