Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиденелердің белсенді орталығы. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ: | Мектеп: | ||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
СЫНЫП: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Антиденелердің құрылысы мен құрылымы. Антиденелердің белсенді орталығы. | ||||
Осы сабақ арқылы қол жеткізілетін Оқу мақсаты: |
| ||||
Сабақ мақсаты: | Оқушылар орындай алады: Қан топтарындағы антиген/агглютиноген мен антидене/агглютининді ажырату Антидене мен антигеннің құрылысын сипаттайды және атқаратын қызметтерін талдау Антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмін сипаттау | ||||
Бағалау критерийлері: | Оқушылар орындай алады:
| ||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: •антиген мен антидене байланысын сипаттау (айтылым және жазба дағдылары). Пәндік лексика және терминология Антиген, антидене, иммунитет, В-жасушалар, Т-жасушалар, хелперлер, иммуноглобулин, агглютинин, агглютиноген, резус-фактор, резус-конфликт, жеңіл тізбек, лимфоцит, тимозин, тимус, тимоцит, лимфоидты ұлпа, лимфокин, иммуноцит, эффектор, гуморальды және жасушалық иммунитет, ауыр тізбек, макрофаг, сүйек кемігі. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Антиген-------------------------кезде түзіледі Антидене................................қарсы әсер етеді. Резус-конфликт...........................кезде байқалады. Қан сарысуында..........агглютиногені бар болса..........агглютинины болады. Антиген..........................................қарсы әсер етеді. Гуморальдық иммунитет кезінде..............жасушалары қатысады. Жасушалық иммунитет кезінде........................жасушалары қатысады. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық Сабақ барысында оқушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынастар орнатылады. Ашықтық Өнімділікті арттыру әдістері бойынша оқушылар өз идеялярын еркін айтады. Өмір бойы білім алу Сабақ барысында өзін-өзі бағалау, кері байланыс және оқушы рефлексиясы жүзеге асырылады. Өзіне және өзгелерге деген сыйластық Жұптық немесе топтық жұмыстарда сыйластық көрсету | ||||
Пәнаралық байланыс: | Антидене мен антигеннің құрылысын оқу кезінде химия пәнінде қарастырлатын аминқышқылдары арасындағы байланыстарды еске түсіреді. | ||||
Алдынғы білім: | Осы тақырыпқы қатысты модулдер: Молекулалық биология: 6, 7, 8, 9, 10 сыныптар; | ||||
Жоспар | |||||
Өткізуге жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-15 минут | (Ұ) Оқушыларға «жарақаттанған жараның орны жазылып, қалпына келуі» туралы анимацияны ұсыныңыз. Анимацияны көргеннен кейінгі талқыланатын сұрақтар: 1.Ағзаның қорғаныш реакциясы барысында иммунитет қандай рөл атқарады? 2.Ағза үшін бөгде заттар не болуы мүмкін? Оларды атаңыз. | Ұлпаның жарақаттанудан кейін қалпына келуі туралы анимация (ағылш.) | |||
Сабақтың ортасы 16-36 минут | Оқушларға «Антидененің құрылысы туралы видео» видео көрсетіледі Сынып оқушыларын топтарға бөліп, антидененің құрылымын және қызметтерімен байланысын мұқият түсіндіру. Оқушылардан антидененің барлық бөліктері мен қызметін жазуды сұраңыз (тыңдау және жазу дағдылары). Антидене бөлшектерінің құрылымы мен қызметі туралы топтық / құрдастық пікірталас өткізіңіз. Бейнені көрсетіп оқушылардан талқылауға қолданылатын маңызды сөздерді, негізгі ұғымдар мен мазмұндарды (тыңдау, жазу және оқу дағдылары) көрсетуді сұрайды. Мұғалімде субтитрді қосу / өшіру мүмкіндігі бар. Бағалау критерийлері: Нәруызды тізбектерді, екі «ауыр» және екі «жеңіл» тізбектерді дұрыс анықтайды; Вариабельды аймақтарды, константалы аймақты және дисульфидті көпіршені дұрыс белгілейді. | Антидененің құрылысы туралы видео (ағылш.): | |||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Сабақты қорытындылау. Рефлексия «талқылау серіктестері» 1. Қандай кезеңде қиындыққа тап болдыңыз? 2. Келесі сабақта мұғалімнен қандай көмекті қажет етер едіңіз? | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Білімдерін анықтау кезеңінде «Блум Түймедағы» әдісін қолдану арқылы дифференциация жүзеге асырылып, оқушыларға деңгейлік сұрақтар қойылады. Осы кезеңде ақпаратты қабылдау ерекшелігіне сүйене отырырып оқушылардың жақыннан даму аймағы анықталады. Алған білімдерін тексеру кезеңінде деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. | Білімдерін анықтау кезеңінде «Блум Түймедағы» әдісін қолданады, ал оқушылар сыныптастар жауабын, мұғалімнің нұсқаулық карточкасына сүйене отырып бағалайды. ЖАДАны анықтау барысында «Дене модельері» әдісін қолданады. Тақырыпты ұғыну кезеңінде оқушылар визуалды ақпаратты негізге ала отырып кесте толтырады және бірін бірі критерийлермен бағалайды. Сабақты бекіту «Сұрақ-жауап» жаттығуы арқылы жүзеге асады, ал суретті тексеру жұмыстары кітаптағы оқу ақпаратына қарап өзін өзі бағалау арқылы жүреді. | Сыныпта орыннан жылжу кезінде ТҚ ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?