Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері. Каспий теңізінің экологиялық мәселелері. Биология, 11 сынып, презентация.


Изведать то, чего не видел сроду, -

Глазами, ртом и кожей пить простор!

Кто в океане видит только воду -

Тот на земле не замечает гор.

В.Высоцкий

«Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар.Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда: экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы; мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі; осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы; аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясыҚорытындылай келе, біздің ойымыз, жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін 5 мемлекет бірігіп жұмыс жасап жатыр. Теңіздің флорасы мен фаунасын сақтап қалу үшін мұнай қалдықтарын, өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуді қолға алу қажет, қайта өңдеу қолға алынса теңізге түсетін қалдықтар азайып, табиғатты қалпына келтіруге мүмкіндік болады. Теңіз айналасындағы зауыт фабрикалардан шығатын улы газ, химиялық қоспасы бар сұйықтар теңізге төгуді тоқтату қажет

http://startinfo.kz/buisness/kaspi-tenizi-alemd-problema/

http://startinfo.kz/buisness/kaspi-tenizi-alemd-problema/

Каспий теңізінің жағалауында Теңіз итбалықтары неге қырылып жатыр?

Қызыл кітапқа еңген Каспий теңізінің жануарлары мен құстарын, өсімдіктерін қалай қорғай аламыз?

Сабақ тақырыбы: Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері. Каспий теңізінің экологиялық мәселелері

Оқу мақсаты:

11.3.2.2 - Қазақстанның экологиялық мәселелерінің шешу жолдарын ұсыну. Каспий теңізінің экологиялық мәселелері

Каспий – жағасын бес мемлекет жайлап жатқан көне тарихы талай елдердің ескілікті жазба мұрағаттарында қатталған тұйық теңіз. Бұл айдынның соңғы жылдары мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналуы оның экологиялық апатты аймақ қатарына қосылуына әсерін тигізбей қоймады. Біздің Теңіз бен Қашағаннан бөлек Әзірбайжанның Азери-Чираг-Гюнешли, Шах-Дениз және теңіздің солтүстігіндегі Ресейдің мұнай өндірістерінің теңіздің ластануы мен оның тіршілік дүниесіне тигізетін зардабы айтпаса да түсінікті

Теңіздің тіршілік дүниесінің өзгеруі, бекіре балық­тардың көптеп қырылуы, уылдырық шашатын көк­серке балықтарының кеміп кетуі, осы теңізде ғана тір­шілік ететін итбалықтың мезгіл­-мезгіл қырылуы, күні кешегі Жайықтағы бекірелердің жаппай тырапай асуы - Каспий теңізі қайраңында кең көлемде басталған бұрғылау жұмыстарының теңізге қауіп төндіруінен орын алып отырған жайлар емес пе деген сұрақ туады. Теңіз айдынының ластануына әсер етуде оған келіп құя­тын өзендердің үлесі айтарлықтай үлкен. Тек Еділ мен Жайық өзендерінің ағынымен теңізге құятын ластаушы заттектер құрамының өзі теңізге орасан зор зардабын тигізумен келе­ді. Бұл – өзендердің табиғи гидрологиялық режимінің және контрреттеуіштерді пайдаланудың бұзылуы кәсіпшілік балық түрлерінің жүздеген мың тоннасына дейін айырылуға әкеліп соқтырып отырған жайт. Көптеген сарапшының пікірі бойынша ластаушы зат­тектердің басым бөлігі Солтүстік Каспийге Еділ мен Жайық өзендерінен бөлек жағалау маңындағы мұнай кенорындары мен консервацияланған ұңғымалар себебінен туындап отыр­ғандығы белгілі болып отыр.

ақпарат: https://mangystaumedia.kz/kk/kogam/69421

Тапсырма: Интернет ресурстарды немесе мұғалім ұсынған таратпа материалдарды пайдаланып жоғарыда айтылған үш мәселені Каспий теңізіне шекаралас жатқан 5 мемлекет қалай шешіп жатқандығын түсіндіріңіз.

Форумға қатысушыларды бағалау критерийлері:

Жұппен жұмыс жасай алады: басқа оқушылардың ой-пікірін

тыңдай алады;

Биология, география, химия, заң саласындағы бастапқы

білімдерін қолдана алады;

Ұсынылған ақпараттады қысқа уақыт аралығында сараптап.

Қорытынды шығара алады;

Ой пікірін дәлелдемелер арқылы жеткізе алады

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

Тапсырма: Каспий теңізінің негізгі бір экологиялық мәселесі осы уақытқа дейін қалай шешіліп жатқандығын және қалай шешуге болатыны туралы өз ойынынзы жазыңыз:

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу