№2 Климаттың жаһандық жылынуын компьютерлік модельдеу. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Экология және қоршаған ортаға адамның әсері

Мектеп: ХХБ НЗМ Павлодар

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Балгина С.К.

Сынып: 11

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№2 Климаттың жаһандық жылынуын компьютерлік модельдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқубағдарламасынасілтеме)

11.3.2.1 жаһандық климаттық өзгеруінің салдарын болжамдау

Сабақтың мақсаттары

  • Парниктік эффектті мен озон қабатының бұзылуын түсінеді;
  • Ақпарат құралдарымен жұмыс істеп сұрақтарды талдай алады;
  • Ғаламдық жылынудың себептері мен салдарларын жан жақты 6 қалпақ принцпімен талдайды. Өзіндік пікірлерін ұсынады
  • Деректер мен дәлелдемелерді қолданып ғаламдық жылыну мәселесін талдап, баға береді.

 Бағалау

 критерийлері

Парниктік эффектті мен озон қабатының бұзылуын түсінеді; Ақпарат құралдарымен жұмыс істеп сұрақтарды талдай алады; Ғаламдық жылынудың себептері мен салдарларын жан жақты 6 қалпақ принцпімен талдайды. Өзіндік пікірлерін ұсынады; Деректер мен дәлелдемелерді қолданып ғаламдық жылыну мәселесін талдап, баға береді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:қоршаған орта, парниктік әсер, жаһандықжылыну, климаттың өзгеруі, озон қабатыныңжұқаруы, ластану

Диалогқұруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Егер жаһандық жылыну болса, онда ..... .Мына заттар: ..... ... ... азан қабатына әсер етеді. Олар ... ..... мәселелерді туындатады. Біз ..... керек/керек емес, себебі… артықшылығы. Х болғандықтан .... туындайды сондықтан ..... Оның … салдары/ … артықшылықтары/кемшіліктері … болып табылады

 Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;
  • Оқушылар мұғаліммен бірге сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды;
  • Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді;
  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Азаматтық борыш:

  • Елдің, жердің тазалығын сақтауға үлес қосу.
  • Ана тілінде өз ойларын еркін жеткізеді;

Өмір бойы оқу:

  • Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді.

шыншылдық таныту.

  • Оқушылар топта, жұпта, жеке жұмыс жасау барысында өз білімін кеңейтуге мүмкіндік алады және жаңа ақпараттармен іздену жұмыстарын жүргізеді.

Академиялық шыншылдық: өзара бағалау мен өзіндік бағалауда

Пәнаралық байланыстар

Азон қабаты, ғаламдық жылыну, климаттық өзгерістерді талдау арқылы география пәнімен байланыс. Проблема туындататын химиялық заттар (CI, F, C, CO2) арқылы химиямен байланыс.Ультрокүлгін сәулелері толқын ұзындықтары физикамен байланыс

Жаһандық ақпарат

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация, интернетпен жұмыс

Осыған дейін меңгерілген білім

Биосфера, экожүйе, популяция: 7 - 10 сыныптар.

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері: 7 - 10 сыныптар.

Сабақбарысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-2 мин

Сабақты ұйымдастыру:

  • Амандасу
  • Сабаққа қатысуларын тексеру
  • Сыртқы көрінісі
  • Жағымды психологиялық орта қалыптастыру:

Шаттық шеңбері арқылы сыныпта жағымды орта қалыптастыру

Оқушылар шеңбер жасап тұрады да әр елдің амандасу салты арқылы бір-бірімен амандасады.

Қазақтар – қол алысады;

Итальяндықтар – құшақтасады;

Бразилиялықтар – бір-бірінің иығын қағады;

Зимбабалықтар – арқасымен амандасады;

  • Македониялықтар – шынтақпен амандасады.

слайд 1

3-6 мин

Activity 1 «True/False» стратегиясыарқылы алдыңғы білімдерін өзектілендіру

Тұжырымдар

True/

False

Қарқынды УК сәулеленуі атомосфераны газ және шаңнан тазартады.

F/T

УК сәулелену қарқындылығының ұлғаюы, өсімдіктердің фотосинтез үдерісін жылдамдатады.

F/T

УК сәулеленудің үлкен қарқындылығы фитопланктон өнімділігін төмендетеді, бұл бүкіл экожүйеге ықпал етеді.

F/T

УК сәулеленудің шағын бөлшегі озонды қабатпен сіңіріледі.

F/T

Озон УК-С сәулеленуді УК-А және УК-В қарағанда тиімдірек сіңіреді.

F/T

УК сәулелену ағзадағы мутация жиілігін ұлғайтады, бұл неоплазманың дамуына әкелуі мүмкін.

F/T

ИТ, презентация

қызыл және көк түсті карточкалар

3-5 мин

Ой қозғау

Миға шабуыл

«Ғаламдық жылыну деген не, ол қандай жағдайда орын алады, оны тоқтатудың жолдары бар ма?» деген сұрақтарға жауап ізделді. 

Әр оқушы өткен сабақтағы ақпараттарды пайдалана отырып өз болжамын айтадысабақтың тақырыбына шығады.

Тақырыпқа шығу: «Ғаламдық жылыну» (дәптерге жазып алу)

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау (тақтаға жазу)

слайд 2

6-9 мин

Ұғыну

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Жаһандық ақпарат

Кейінгі жылдары ғаламдық жылу жер бетіндегі ең өзекті мәселеге айналып отыр. Ол бекер емес. Себебі, ғаламдық жылынудың салдары мыңдаған адамдың баспанасыз қалып, миллиондаған жан-жануарлардың аштан қырылуына әкеп соқтыруда. Жер бетін топансу басу оқиғалары 125 мың жыл бұрын болған. Ол кезде теңіз деңгейі 7 метрге дейін көтерілген екен. Бүгінде мұндай жағдай орын ала қалса жағалауларда орналасқан мыңдаған қалалар судың астында қалып қоюы бек мүмкін. Себебі, жер бетіндегі бүгінгі адам саны ол кездегімен салыстыруға да келмейді.

Жаһандық жылыну дереккөздер:

https://qazradio.fm/kz/news/13392/

Сабақтың ортасы

10-20 мин

21-30 мин

Activity 2

Топпен жұмыс «Топптас-Бөліс»

Проблемалық сұрақ: «Соңғы 50 жылда ауаның температурасы қанша градусқа көтерілді? Қай жерде көбірек: Европа елдерінің солтүстігінде ме әлде тұтастай жер шарында жылыну жүрді ме?» (20 мин)

Тапсырма: Климаттың жаһандық жылынуын компьютерлік модельдеу

https://www.windows2universe.org/earth/climate/cli_model.html

Дескриптор:

  • Жылыжай эффектісінен келетін зардаптарды болжау.
  • Жылыжай эффектісінене қатысты сандар мен мәліметтерді болжайды
  • Соңғы 50 жылда ауаның температурасы қай елді мекенде ауқымды өзгереіске ұшырайтынын болжайды
  • Жылыжай эффектісінен келетін талдау барысында жасаған -оқушылар жұмысына баға беру.

Жұмыстарын онлайн презентацияға жасайды

Топтардың жұмысы қорғалады.

Топпен дескриптор бойынша өзара «2 жұлдыз 1 тілек» стратегиясы бойынша ауызша бағалау:

«Топтағы кімнің жауабы толық әрі түсінікті болды?»

Мұғалімнің кері байланысы:

Оқушылардың қорғауындағы «+» және «-» туралы диалог құру, ұсынымдар беру.

Оқушыларға ақпарт

https://shr32.ru/kk/esteticheskaya-stomatologiya/globalnoe-poteplenie-prichiny-posledstviya-i-puti-resheniya-globalnoe/

Сабақтың соңы

31-37 мин

Ойыңды ортаға сал

1. Елдер арасындағы халықаралық өзара іс-қимылға мысал келтір.

2. «Тұрақты даму» ұғымын түсіндір.

3. Неліктен жаһандық экологиялық мәселелерді бір ғана елдің күшімен шешу мүмкін емес?

38-40 мин

Рефлексия «Құтқару белдемшесі»

Прақтарды тарату

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:Ақпараттарды мұғалімнің көмегінсіз іздейді. Климаттық жылынудың себеп салдарларын анықтап бүгінгі күнгі климаттық жағдайға баға береді. Деректер мен дәлелдемелерге сүйенеді.

Қабілеті орта оқушылар:

Бірлескен ортада өз жобаларын ортаға шығарады. Негізгі идеяларын қорғайды. Мұғалім ұсынған көмекші сұрақтарды идеяны қозғау үшін пайдаланады. Ішінара дәлелдер мен деректер келтіреді.

Қабілеті төмен оқушылар:Мұғалімнің көмегімен сұрақтарды талдайды, Негізгі Жұмыс парағы оқушылардың диференциалдық картасын ескере құрылған.(логикалық ойлауын, темпинг тесін)

  • Жұмыс парағындағы тапсырмалар (формативті)

Жұпта және топта мысты өзара бағалау жүргізеді.

Жұп жұмысы дискрипторлар көмегімен бағаланады.

Оқушыларға сабақта қауіп туындамайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өзпікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу