Мүмкін болатын климаттың ғаламдық жылыну салдары. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

  • Экология және адамның қоршаған ортаға әсері

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Гинаят Т.Г.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мүмкін болатын климаттың ғаламдық жылыну салдары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.2.1 – мүмкін болатын климаттың ғаламдық жылыну салдарына болжамдар жасау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Мүмкін болатын климаттың ғаламдық жылыну салдарына компьютерлік болжамдар мен модельдер жасайды.

Бағалау критерийлері

  • Мүмкін болатын климаттың ғаламдық жылыну салдарының әртүрлі сценарийлерін модельдей алады.
  • Мүмкін болатын климаттың ғаламдық жылыну салдарына компьютерлік болжамдар жасай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар басқаларға ғаламдық жылынудың себептері мен салдары туралы сипаттап, түсіндіре алады және бір-бірлеріне сұрақтар қойып, жауап бере алады, тұжырымды ойды жазбаша сипаттап, қорытынды жасай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ғаламдық жылыну, климат, климаттың өзгеруі, парниктік эффект, радиация, озон қабаты, атмосфера, ластану, температура, қалдық Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Х тобы Y-ті болжайды, себебі ...

Y зерттеуіне сүйене отырып, Х тобы ... деген қорытындыға келді.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

  • Оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен өзара әрекеттестіктері сабақтың барлық кезеңдері бойы жүзеге асырылады.
  • Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды.

Академиялық адалдық

  • Оқушылар қалыптастырушы бағалау жұмыстарын орындау кезінде академиялық адалдықты сақтайды.

Пәнаралық

байланыстар

Микробиология, биотехнология, химия, информатика, физика, география, экология.

АКТ қолдану

дағдылары

Ғаламтор ресурстарын қолдану мүмкіндігі виртуалды зертхана мен модельдерге өзгеріс енгізеді.

Бастапқы білім

Биосфера, экожүйе, популяция: 7-10-сыныптар.

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері: 7-10-сыныптар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

    • мин

Ұйымдастыру кезеңі

2-7 мин

Ой қозғау

2005 жылы Катрина дауылына ұшыраған Жаңа Орлеандағы оқиғаның бейнежазбасын көрсетеді

https://twig-bilim.kz/kz/film/hurricane-katrina-part-2 (1:50-ге дейін)

Кейін оқушылардан 1 мин жұппен ойланып, осы дауылдың пайда болуы мүмкін себептерінің тізімін жасауды сұрайды. Оқушылар дайын болғанда, мұғалім олардың 3-4 оқушыдан топтасып, өз жауаптарын салыстыруды және ортаға салуды ұсынады.

Осыдан кейін бейнежазбаны әрі қарай көріп, дұрыс жауапты тыңдайды: ол – жаһандық жылыну.

Тақырыпқа шығу.

Осы арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбына шығады: «Мүмкін болатын климаттың ғаламдық жылыну салдары».

Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды.

ИТ, презентация

8-20 мин

Мағынаны ашу

«Ғаламдық жылыну», «Ғаламдық жылынудың себептері» ұғымдарын оқушылар алдыңғы сабақтарда меңгерді. Олар «парниктік газдардың» Жердегі климатқа әсері туралы білулері тиіс.

Жұппен / топпен жұмыс

https://www.windows2universe.org/earth/climate/cli_model.html сайтында ғаламшардағы жаһандық климаттың өзгеруінің қарапайым моделі және нұсқаулығы берілген.

Оқушылар жұпта немесе топта осы ресурспен жұмыс жасай отырып, климаттың жаһандық өзгеруінің мүмкін болатын моделін жобалайды.

Тапсырма:

  • Климаттың өзгеруінің мүмкін болатын моделін құрастыру;
  • Алынған графикті сипаттау.

Бағалау критерийлері:

  • Атмосфераға шығарылатын СО2 мөлшерін анықтайды / жылына;
  • Уақыттық қадамдарды анықтайды (5 жыл ұсынылады);
  • 2100 жылға дейінгі ғаламшардағы орташа жылдық температураның өзгеруін болжайды;
  • Ғаламшардағы жоғары температура кезіндегі климаттың / қоршаған ортаның / өсімдік және жануарлар дүниесінің өзгеруін сипаттайды.

*Мұғалім болжам салыстырмалы түрде болатынын түсіндіреді, себебі шығарылатын СО2 деңгейі алдағы уақытта сәйкес өзгеруі мүмкін.

Тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, өз жұмыстарын қорғайды.

Өзара бағалау «2 жұлдыз, 1 тілек»

Оқушылар топпен критерийге сәйкес бір-бірлерінің жұмыстарын өзара бағалайды (1 жұпты 2 жұп бағалайды, 2-жұпты 3 жұп бағалайды, солай кете береді)

ИТ, презентация, видео

Ақпараттық парақша

21-35 мин

Сабақты бекіту тапсырмасы

Жаһандық жылынуға қатысты ғылыми болжамдар https://www.youtube.com/watch?v=_pksF6h-Vsk бейнежазбасын көру ұсынылады.

Жаһандық климаттың өзгеруі өте күрделі, сондықтан қазіргі заманғы ғылым алдағы уақытта бізді не күтіп тұрғанына нақты жауап бере алмайды.

Оқушылар топпен ғаламшарда болуы мүмкін оқиғалардың әртүрлі сценарийлерін қарастырады:

1-сценарий – ғаламдық жылыну баяу жүреді;

2-сценарий – ғаламдық жылыну біршама тез жүреді;

3-сценарий – ғаламдық жылыну Жердің кейбір бөліктерінде қысқамерзімдік суықпен алмасады;

* 4-сценарий – парниктік катастрофа – қабілеті жоғары оқушылар үшін (тапсырманың күрделілік деңгейі бойынша саралау).

Мұғалім топ оқушыларына ұсынылатын климаттың өзгеруі сценарийін өз қалаулары бойынша таңдап алуға мүмкіндік береді.

Тапсырма: Таңдап алған өз сценарийіне сәйкес климаттағы және биосферадағы өзгерулерді болжаңыз

Бағалау критерийлері:

  • климаттың өзгеру себептерін атайды;
  • климатта қандай өзгерістер болатынын сипаттайды;
  • климаттың өзгеру салдарын сипаттайды.

«Джигсо» әдісі бойынша бір-бірлеріне түсіндіреді және критерийлерге сәйкес өзара бағалайды.

36-40 мин

Кері байланыс «Нысана» әдісі бойынша

Сұрақ: Бүгінгі сабақтың мақсаттарына жеттік пе? .

Тақтаға немесе әр оқушыға нысананың суреті беріледі. Оқушы «Белсенді қатыстым. Қызықты болды. Түсінікті болды. Жаңа тақырыпты игердім» секторларына белгі қояды. Белгі нысана орталығына жақын болса, сабақтың нәтижелі болғанын білдіреді.

Үйге тапсырма: Бейнежазбамен жұмыс

https://www.twig-bilim.kz/film/global-warming-5547/

https://www.twig-bilim.kz/film/the-greenhouse-effect-5546/

Рефлексия парақшалары

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта оқушыларға қолдау көрсету жұптар арқылы іске асырылады. Жұппен жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірлеріне қажетті көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда мұғалім қосымша ақпарат таратып, түсіндіреді.

Бүгінгі сабақта оқушылар бір-бірлерін өзара бағалау арқылы бағалайды

«2 жұлдыз, 1 тілек»

Кері байланыс «Нысана»

ИТ 10 минуттан артық қолданбау

Оқушылардың партада дұрыс отыруларын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар берілген уақытты тиімді пайдалана алды, бүгінгі тақырып бойынша мақсатқа жетті деп ойлаймын.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу