Модельдеу "Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу". Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Жаһандық жылыну - жердің бетіндегі орташа температураның артуы.
Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды құрту, жанартаулардың атқылауы ғаламдық жылынудың басты себептері болып табылды.
Жаһандық жылынудың себептері
-Жер шарындағы Күн белсенділігінің артуы. Жалпы жер бетіндегі климаттық өзгерістердің барлығы тікелей Күннің белсенділігіне байланысты.
-Адам қолымен жасалған әрекеттері. Өнеркәсіп, кәсіпорындар жұмысы, көліктердің шығаратын көмірқышқыл газы атмосферада көп мөлшерде жиналып қалады. Жерге түскен Күн сәулелерінің әсерінен көмірқышыл газы сейілмей ғаламшар қатты қызып кетеді. Көмірқышқыл газынан басқа жаһандық жылынуға әсер ететін басқа да газдар бар. Олар метан, азот оксиді және т.б сияқты газдар адам қолымен жасалады.
-Климаттың өзгеруіне әсер ететін бірден бір себеп- мұхит. Мұхиттағы ауа циркуляциясы өте аз зерттелген. Мұхиттағы орташа ауа температурасы 3,5 цельси градус екені белгілі. Судың құрамындағы көмірқышқыл газдар атмосфераға барады. Біздің ғаламшарымыз қызып жатыр. Осы қызу- жер шарының мұз бөлігіне апаттық деңгейде әсер етуде. Ауа температурасы көтеріліп мұз еріп жатыр. Мұхит деңгейі осыдан 100 жыл бұрынғыға қарағанда 2 есе жылдам көтерілген.
Қазақстандағы жаһандық жылыну мәселесі
Соңғы уақыттары елімізде ауа-райы күрт ысып, тіпті Қызылорда облысында ауа-райы температурасы рекордтық 70 градус цельсиге дейін жеткені хабарланған. Ал, ШҚО-да құйын болып ТЖ кезінде бір адам қаза тауып, бірқатар облыстарда жауын-шашын салдарынан су тасқыны орын алды. Осының барлығына жаһандық жылынудың әсері бар ма? Осы орайда жаһандық жылыну мәселелері төңірегінде Qamshy.kz ақпараттың агенттігінің тілшісі Қазақстандық эколог Азаматхан Әміртайдың пікірін білді. «Қазақстан- әлемдік климаттың өзгеруіне септігін тигізіп жатыр»-дейді маман. -2016 жылы Африкада Марикендж қаласында климаттың өзгеруіне байланысты конференция өткен. Әлемнің бірқатар елдері осы конференцияға қатысып, осы мәселе төңірегінде сөз қозғап, жаһандық жылынудың зардаптарын айтып қынжылды. Біздің ел үшін климаттың өзгеруі-фантастика. Ал өзге мемлекеттер үшін бұл үлкен проблема. Қазақстан да өз тарапынан климаттың өзгеруіне әсерін тигізіп жатыр. Ең алдымен Арал теңізі проблемасы осыған әсер етеді. Арал теңізі құрғап кеткеннен аспанға тұздың ұшуы-климатқа әсер етсе, екіншіден еліміздегі мұнайдың әсерінен шығатын парниктік газдар, көліктердің пайдаланатын жанармайы, көмір жағатын үйлер, ТЭЦ-тер, электр шамдары- Қазақстандағы климатта өзгеріске ұшырауына әсер етіп отыр. Париж келісіміне отырған соң Қазақстан өз мойнына жауапкершілік алды. 2020 жылға дейін Қазақстан парниктік газдардың белгілі бір өлшемін азайту керек. Алайда бүгінгі таңда біз осы келісімге сәйкес іс-қимылдар жасап жатқан жоқпыз. Керісінше парниктік газдардың мөлшері көбейіп жатыр. Негізінен алғанда, күннің ысуы-жаһандық жылынудың басты себебі емес. Мұзды мұхиттың еруі мен ауа температурасының +1 градусқа ысуы да жылынуға әсер етеді. Әлемде ауа температурасы +3 градусқа көтерілсе мұзды мұхит, Антарктида еріп, мұхиттағы су деңгейі өсіп, ол өз кезегінде ауыз судың тапшылығына әкеледі. Париж келісімі бойынша ауа температурасын +2 градусқа дейін ұстау керек. Қазақстан осы келісімге қол қойса да, энергияның балама көздерін табуға байланысты әрекет етіп жатқан жоқ. Осы 100 жыл ішінде біздің ғаламшарымыздың өмірі мен болашақтағы тіршілігі қандай болатыны белгілі болады. Жаһандық жылынудың қаупі-ол адамзатты ақыр заманға алып келуі мүмкін. Ауыз су таусылса, жер бетіндегі 8 млрд. адам сусыз қалады, құрғақшылық орнайды»-дейді эколог. Жер ғаламшарының климаты ешқашан тұрақты болған емес, ол әрдайым өзгеріп отырған дейді ғалымдар. Жылы ауа-райын қақаған суық аязды кезеңдер алмастырып, адам да өз кезегінде мұндай климаттық өзгерістерге куә болған. Тарихи хроникалар мен метеорологиялық бақылаулар, мұхит тұнбаларын зерттеу мен Арктика, Антарктида мұздарын талдау арқылы ғалымдар климаттың өзгеруін байқады. Әлемдегі ең танымал климатолог, климаттың өзгеруі Халықаралық Үкімет сарапшылар тобының мүшесі Жан Жузель климаттың өзгеруі – үлкен проблемалық мәселе дейді. «Климатты зерттеу соңғы 50 жылда жақсы қарқынмен жүргізіліп жатыр. Жаһандық жылынуды алдын-алуды қазірден бастау керек. Энергетика мәселесіне байланысты халықаралық комиссия 2020 жыл- соңғы мүмкіндік екендігін айтқан, одан кейін климаттың өзгеруіне әсер ету-пайдасыз, қайтарымсыз болады» дейді ол.
Аптап ыстық. Әлемде қазір түрлі апаттық жағдайлардың орын алуын байқауға болады. Оңтүстік, Орталық Африкада қатты құрғақшылық орнап, теңіз деңгейі көтерліп кеткен. Арктикаға жылы ауа тарап жатыр, ол өз кезегінде Канада мен АҚШ климатына әсер етеді. 2017 жыл – әлемдегі ауа температурасының рекордты деңгейге көтерілуімен тарихқа енді. Соңғы жылдары Арктикада ауа температурасы көтеріліп, мұздықтар еріп жатқандығы белгілі. Осыған байланысты Еуропа елдерінің бірқатарында аномальді ыстық тіркелді. Мәселен, Грецияда шілденің басында ауа температурасы +46 градусқа дейін жеткен. Италияда маусымның басында қатты құрғақшылық пен ыстық ауа-райы 4-5 күн бойы елдің 13 облысында сақталған. Ал Жапонияда мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін тұрғындар аптап ыстықтан зардап шегіп жатыр. Соңғы аптада Жапонияда 6 адам аптап ыстықтан көз жұмып, 17 адам зардап шеккен. 7600 адам аруханаға түссе, олардың 2,5 мыңы ауруханаға ұзақ уақытқа жатқызылған. Біріккен Араб Әмірліктерінің Мезайраа қаласында ең жоғарғы температура тіркелген. Онда температура +50,5 градусты құраған. Калифорниядағы, Еуропа елдерінің бірқатары мен Францияда, Португалияда, Черногориядағы орман алқаптарының өртенуі мен осы апаттың салдарынан адамдардың зардап шегуі, жүздеген адамдардың эвакуациялануы- күннің күрт ысып кетуінен орын алып отыр. Мәселен, Португалия ел тарихында болмаған өрттің орын алуына ауа-райы температурасының 40 градусқа дейін көтерілгендігі себеп болған. 17 маусым күні Педроган-Гранде да орын алған орман өртінің салдарынан 64 адам қаза тауып, 47 адам көліктерде тірідей өртеніп, жалпы 254 адам жараланған. 90 тұрғын үй мен 27 кәсіп орын зардап шеккен. Ал АҚШ-тың Калифорния штатында 16 шілдеде орын алған орман өрті 19,4 мың гектар жерді қамтып 5000-ға жуық адам эвакуацияланған.
Жаз кезіндегі суық. Осы жылғы жаз ауа-райы тарапынан шын мәнінде түрлі ерекшеліктерге, тосын сыйларға толы болды. Әсіресе, Ресейдің Мәскеу қаласында маусым айында қар, бұршақ жауып, бұрын-соңды болмаған ауа-райы болды. 2 маусымда қар жауып, маусым айының ортасына дейін суық ауа райы сақталды. Күндіз ауа температурасы +15-ті құраған. Ең төменгі температура- 9,7 цельси градус болды. 2017 жылы әлемдегі ең төмен ауа температурасы Аргентинаның Сан-Карлос-де-Барилоче қаласында тіркелді. Ауа температурасы 25,4 градус Цельсиге дейін - рекордтық деңгейге түскен. Қатты суықтың кесірінен 4 адам көз жұмған. Жер шарының бір бөлігінде аптап ыстық, ал екінші бөлігінде мүлдем сол жергілікті аймаққа сай емес күннің сууы – климаттың өзгеруі себебінен дейді мамандар.
Су тасқыны. Жер шарының бірқатар аумақтарында қатты жауын-шашын салдарынан су тасқыны орын алып, сел жүріп өткен. Жапонияда маусым айында басталған апаттық жағдай әлі де жалғасын табуда. Соңғы жаңалықтарға сәйкес, Жапонияның Акита перфектурасында 350 милимметрге дейін жауын жауып 25000 адамға тұрғылықты орындарын тастау туралы хабарлама келген. Ал Жапонияның оңтүстік-батысында су тасқыны салдырынан 34 адам қаза тауып, 10-ы із-түссіз жоғалды. Кюсю аралындағы жауын салдарынан 18 адам қаза тауып, 30-ы із-түссіз жоғалғаны белгілі болды. Қытайдың Юньнань провинциясында су тасқыны салдарынан 10 адам қаза тауып 1,2 мың адам эвакуацияланған. 200 ғимарат қирап, 2,4 мыңы зақымдалған. Ал қытайдың Шэньси провинциясының Юйлинь қаласында 2,9 мың тұрғыны эвакуациялаған. Осы сияқты, Үндістанда су тасқынынан 2 миллион адам эвакуацияланып, 100-ге жуық адам қаза тапқан. Бұдан бөлек Шри-Ланка да, Ауғанстанда, Тайландта су тасқыны орын алғанын атап өтуге болады. Әлемдегі орын алған су тасқынының басты себебі-теңіз суларының деңгейінің нормадан көтеріліп жағаға шығып жатқандығы бір болса, толассыз жауындардың салдары да селдің орын алуына әсер етіп отыр. Климатологтар мен ғалымдардың айтуынша, мемлекеттердің көпшілігі, тіпті Еуропа елдері барлығы дерлік климаттың өзгеруіне дайын емес. Сондықтан адамдарға табиғат катаклизмдеріне қазірден бастап дайындалу керек. Қазіргі уақытта тек Нидерландыда ғана арнайы шлюздар, өзендегі, арнадағы не порттағы кемені суының деңгейі одан жоғары не төмен келесі басқа арнаға ауыстыруға арналған гидротехникалық құрылғылар бар. Осыған ұқсас қондырғы Петербор жағалауында да орнатылған екен.
Жаһандық жылынудың салдары
Үлкен қалалар зардап шегеді. Ірі қалалардың климаты ауыл аймаққа қарағанда біршама өзгешеленеді: желдің жылдамдығы, ылғалдық, ауа температурасы сынды мәселелер бойынша салыстырмалы түрде айырмашылық бар. Жаһандық жылыну қалаларға үлкен әсер тигізеді. Әсіресе, атмосфераны салқындату, ауаны ылғандандыру мақсатында көп мөлшерде энергия қажет болады. Адамдарға ыңғайлы жағдай жасау үшін жұмыстар істеліну керек болады. Жылы ауа тиісінше көбірек ластанған. Сондықтан температураның көтерілуінен судың сапасы да нашарлайды. Сонымен бірге ыстық температурада жұмысшылар мен қызметкерлер дұрыс, сапалы қызмет істей алмау себебінен еңбек өнімділігі төмендейді.
Адамдар зардап шегеді. АҚШ ғалымдары дәлелдегендей, Жер шары температурасының көтерілуінен адамдардың көпшілігі ұйқысыздықтан зардап шегетін болады. Температура мен ұйқы сапасын зерттей келе ғалымдар осындай тұжырымға келген. Ыстық ауа-райында ұйықтау қиын болғандықтан, 750 мың американдық азаматтар мұндай кезде мүлдем ұйықтамайтындықтарын жеткізген. Осы орайда ұйқысыздық адамның денсаулығына тікелей әсер етеді. Тек қана физикалық қана емес, аз ұйқы сонымен бірге адамның психологиясына да әсер етеді. Егер жаһандық жылыну жылдам жүзеге асатын болса, ғалымдардың болжауынша 50 жылда мұздықтар еріп бітеді. Жағажайдағы елдер суға батып, Жер шарын мұз басады. Ауаның орташа температурасы 10-15 градусқа төмендейді. Ауа температурасының өзгеруінен сезімтал адамдар қатты зардап шегіп, көз жұмады. Ағаштар климаттың өзгеруіне өте баяу бейімделетіндіктен жойылып кетеді. Боран, дауыл, құйын, су тасқыны секілді апаттар жиілей түседі. Ауыз сулардың тапшылығы орын алып, түрлі эпидемиялар мен аурулардың пайда болуына әсер етеді. Осы орайда жаһандық соғыстың орнау қауіпі де бар. Жаһандық жылынуды алдын-алу Адам Жер ғаламшарының климатын өз бақылауына алады деген көзқарас бар. Қаншалықты рас? Оны әрине уақыт көрсетеді. Қазіргі кезде жаһандық жылынуды алдын-алу үшін тың идеялар айтылып, тәсілдер ойластырылуда. Энергорессурстарды пайдалану мәселесі, парниктік газдарды, соның ішінде көмірқышқыл газының атмосфераға таралуына тосқауыл болуға әсер ететін әдіс-тәсілдер бар. Мәселен, парниктік газдардың ауаға таралуын тежеу – организмдерді жерлеу мен жасанды ағаштарды пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Әрине, мұндай құрылғыларды жасап шығару үшін уақыт пен қыруар қаражат керек. «Жаһандық жылынудың алдын-алуға болады»-дейді эколог Азаматхан Әміртай. Ол үшін әлем елдері келісім шартқа отыру керек. Қазіргі кезде Еуропа елдерінің бірқатары балама энергия көздеріне 30-40%-ға көшті. Осы бағытта Америка, Еуропа елдері жақсы жұмыс жасап жатыр. Қазақстан, Ресейге жаһандық жылыну мәселесін алдын-алуға байланысты қыруар жұмыс атқару керек. Мәселен, біздің елімізде балама энергия көзін пайдалану тек 1% ғана. Бұл өте қиын жағдай. Жер шарының болашағын, ұрпағымыздың болашағын ойлауымыз керек. Істейтін жұмыс өте көп»-дейді маман. Ал қазіргі жағдайда АҚШ пен Қытай зиянды әрі қауіпті газдарды атмосфераға шығару бойынша бір-бірімен жарысып келетінін ескерсек, адам өз денсаулығы мен болашағын шетке ысырып отырған уақытта, жаһандық жылыну мәселесінде прогресс, өзгеріс болады дегенге үміт те жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?