Модельдеу "Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу". Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Климаттың жылынуының салдары.

Климаттың жылынуының ең ауыр салдары-полярлық мұздықтардың және таудағы қарлардың еруінің нәтижесінде әлемдік мұхиттың деңгейі жоғарлайды.

Ғаламдық жылынудың нәтижесінде мұз қабаттары еруде. 

Мұз қабаттары дегеніміз — жердің қар мен мұз қаптап жатқан бөліктері. Мұздықтар мұзының қалыңдығы 1000 м-ден жоғары, аумағы 51 800 км² болады. Мұз қабаттарының еруі нәтижесінде теңіз деңгейлері артуда. Арктикалық теңіздердің мұздықтары да ғаламдық жылынудың әсерінен төмен түсуде. Төмен түсудің қазіргі деңгейі әр онжылдықта 8%-ға тең болып тұр. Бұл 2060 жылға қарай жер бетінде Арктикалық теңіздердің жойылатынын білдіреді.

Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өсуімен қатар ғаламдық температураның да өсуі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне алып келеді. Нәтижесінде табиғи катаклизмдер жиілеуі мүмкін, мысалы: су тасқындары, қуаңшылықтар, дауылдар және басқалары, жапа шеккен аймақтарда ауылшаруашылық өнімдерінің мөлшері төмендейді және басқа аймақтарда жоғарлайды (көмірқышқыл газы концентрациясының көтерілу есебінен). Жылыну процесі — мұндай құбылыстардың масштабы мен жиілігін жоғарлатуы ықтимал.

Орташа бағамданған бағалаулар бойынша парникті газдардың шығарындыларының қазіргі тенденциялар жағдайында артуы кезінде, осы жүз жылдықтың аяғына таман мұхиттың деңгейі 60 см көтеріледі және кейбір мемілекеттердің үлкен территориялары су астында қалады.

Тұрғындардың амалсыздан эмиграциялануы, мемлекеттердің және региондардың тұрақтылығына қауіп төнеді.

Климаттың жылынуының басқада салдары.

Топырақтың ылғалдылығының төмендеуі және булануының жоғарлауы.

Экстремалды метеорологиялық (құрғақшылық, нөсер, ыстық, аяз). жағдайлардың болу ықтималдылығының жоғарлауы.

Күшті бұрқасындардың, тропикалық дауылдардың туындауына қатысатын атмосфера циркуляциясының өте белсенді жүруі.

Мұхит ағыстарының ауысуы және жоғалуы.

Өсімдік зоналарының жойылуы, биоалуантүрлілікке қауіп төну.

Түрлі аурулардың және зиянкес жәндіктердің белсенді таралуы.

Климаттың жылынуынан келесі қауіп туындауы мүмкін: кейбір жануар немесе өсімдік түрлерінің таралу аймағының полярлық зоналарға ығысуы; жаға зоналары мен аралдарда мекендейтін саны аз түрлердің жойылуы.

Ғаламдық жылыну қандай апатқа әкеледі.

Мұзайдындардың еруіне, Жердің бетінің құрғауы, Әлемдік мұхиттардың деңгейлерінің көтерілуі, Тропикалық циклондардың көбеюі, Ормандарда өрттердің артуы, Қоңыржай климатында жауын-шашынның көбеюі, Мәңгілік мұздың деградациясы.

Жаңа ортаға бейімделе алмаған биологиялық түрлердің жаппай жойылуы

Температураның жылынуына және мұзайдындардың еруіне байланысты кейбір жануарлар мүлдем біздің экожүйемізден жойылып кету қаупінде: итбалықтар, ақ аюлар

Кейбір жануарлар - аққұтан, үлкенбасты тасбақа өздерінің миграцияларын өзгерткен.

Температураның өзгеруіне байланысты экоқоректе болатын планктондардың азаюы тікелей Шотландық теңіз құстарының санының кемуіне әсер етті.

Ал кейбір жануарлардын жынысы тікелей температураға байланысты, мысалы тасбақалардың барлығы аналық жынысты болып туады.

Климаттың жылынуымен күресудің халықаралық іс-шаралары.

1988 климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ Комиссиясы құрылды.

1992 климаттың жылынуы бойынша Халықаралық конвенция (Рио де Жанейро) қабылданды.

1997 дамыған елдердегі парникті газдардың шығарындыларын төмендеуін қарастыратын Киото хаттамасына қол қойылды. Дамыған елдерде парникті газдардың шығарындылары 1990 ж. салыстырғанда 2010 ж.орта есеппен 8% ға дейн төмендеді.

Хаттаманы қазіргі уақытқа дейін АҚШ, Қытай, Индия әлі ратицификцияламады.

Негізгі проблема ЕО көптеген мемілекеттері Хаттаманың міндеттерін табысты түрде жүзеге асырды, ал Киота хаттамасының бастамашылары (инциатор) (Япония, Канада) өздеріне қойылған міндеттерді толық жүзеге асыра алмады.

Киота хаттамасының аяқталу мерзіміне таман ЕО парникті газдардың шығарындыларын 2020 ж. 20% дейін, 2030 ж. 30% дейін, 2050 ж. 80% дейін төмендету туралы ұсыныстар тастады. Бұл климаттың жылынуын 2 градустан артпауына мүмкіндік берер еді.

ЕО ұсынған ұсыныстарына қарамастан тек Киота хаттамасының күшін 2015 ж дейін созу туралы құжат бекітілді.

Киото хаттамасы - жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге арналған, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған халықаралық құжат. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат.

1992 жылы Рио-де-Жаней­ро­да өткен Жаһандық орнықты даму саммитінде антропогендік өзгерістерге ұшырамау үшін ауаға бөлінетін газдың мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті қойылды. Бұл конвенцияға 186 ел қосылатындығын білдіріп, ол 1994 жылдан бастап күшіне енді.

Климаттың жылынуымен күресу үшін дамушы елдерге көмек беру мақсатында арнайы Жасыл фондты (жыл сайын арттырып, 2020 ж. қарай 100 млрд USD дейін жеткізу) құру туралы келісімге келді.

Ғаламдық жылынуға қарсы американдық ғалымдар бірнеше жобалар ұсынды, соның ішінде ұтымды жоба, қазіргі кезде Антарктиданың кейбір аймақтарында жоба бойынша балдырларды тез өсіретін заттар суға себіледі, соған байланысты балдырлар көмірқышқыл газдарын көп көлемін сіңіре алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу