Модельдеу "Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу". Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері.

Мектеп: ХББ НЗМ Павлодар қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аутаев Мухит Серикович

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Модельдеу "Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу".

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.2.1 - мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау.

 Сабақ мақсаттары

  • Ғаламдық жылыну себептерін түсінеді;
  • Ғаламдық жылыну салдарын талдайды;
  • Ғаламдық жылынудың шешу жолдарын ұсынады;
  • Ғаламдық жылыну мәселесін талдап, баға береді.

 Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • Ғаламдық жылыну себептерін түсіндіреді;
  • Ғаламдық жылыну салдарына талдау жасайды;
  • Ғаламдық жылынуды болдырмаудың жолдарын ұсынады;
  • Ғаламдық жылыну мәселесін талдап, баға береді.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Климаттың өзгеріс, ғаламдық жылыну, жылу эффектісі, жылу газдары, техногендік әсер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер жаһандық жылыну болса, онда ..... .Мына заттар: ..... ... ... азон қабатына әсер етеді. Олар ... ..... мәселелерді туындатады. Біз ..... керек/керек емес, себебі… артықшылығы. Х болғандықтан .... туындайды сондықтан ..... Оның … салдары/ … артықшылықтары/кемшіліктері … болып табылады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ынтымақтастық:

  • Мұғалім сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнатады;
  • Мұғалім мен оқушы бірлесе сабақтың мақсатына жетеді және өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылайды;
  • Мұғалім оқушыларға, оқушылар бір-бірлеріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік:

  • Оқушылар бір-бірлерін әділ бағалайды, себебін түсіндіреді.

Өмір бойы оқу:

  • Алған білімі өмірде керек болатынын түсінеді;
  • Сабақта оқушылармен кері байланыс орнатылады.

Өзіне және айналадағыларға құрмет:

  • Жұппен, топпен жұмыс кезінде жүзеге асады.

Азаматтық жауапкершілік:

Оқушылар жұмыс орындарын тәртіппен ұстайды.

 Пәнаралық байланыстар

География пәні: Азон қабаты, ғаламдық жылыну, климаттық өзгерістерді талдау.

Химия пәні: Түрлі заттардың (көмірқышқыл газы, метан, азот диоксиді, фреондар) климаттың жылынуына тигізетін үлесі.

Физика пәні:Ультрокүлгін сәулелері толқын ұзындықтары.

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны пайдалану, сондай-ақ ғаламтордан қажетті ақпараттарды өздігінен іздеп табу және керегін іріктеп алу арқылы сын тұрғысынан ойлауларын, компьютерді белсенді пайдаланушы дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Биосфера, экосистема, популяция: 7,8,9,10 сыныптар.

Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері: 7 - 10 сыныптар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Сабақты ұйымдастыру

(оқушылармен амандасу, түгендеу, көңіл-күйлерін білу)

Ой қозғау:

Мұғалім: Біз өткен тақырыпта ғаламдық жылыну не себептерден болатындығын қарастырдық.

Қалай ойлайсыздар ғаламдық жылынуды тағы қандай тұрғыдан қарастыруға болады?

Жаңа тақырыпқа шығу

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау

Оқушыларға сабақ мақсатына жету үшін бағалау критерийлерін ұсыну

ИТ, презентация

1-2 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-36 мин

Топтық жұмыс

«Модельдеу» Климаттың ғаламдық жылынуын компьютерлік модельдеу.

Ол үшін топтарға Ғаламдық жылыну салдарын жайында ақпараттар беріледі немесе өздеріде интернеттен басқада ақпарат көздерінен іздеуіне болады.

Әр топ берілген ізденіс жұмыстарына қарай компьютерлік модельдейді. Содан кейін барлық топтар сыныпта модельдерімен таныстырады.

Зерттеу жұмыстары:

1 топ «Ғаламдық жылынудың климаттың өзгеруіне әсері»

2 топ «Ғаламдық жылынудың тірі ағзаларға тигізітен әсері»

3 топ «Ғаламдық жылынудың адамзат баласына тигізітен әсері»

Жаһандық жылыну жайлы не білесіз?

Климаттағы өзгерістер, жаһандық жылыну жайлы біліміңізді тексеріп көрейік.

https://www.azattyq.org/a/global-warming-quiz/30217860.html

ИТ, презентация

3-9 слайдтар

Теориялық материалдар

Бейнебаяндар.

ИТ, презентация

10 слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс.

Бүгінгі сабақтың күтілетін нәтижелеріне жеттік пе? (сабақтың мақсатына оралу)

Рефлексия «Ыстық орындық»

Тақтаның алдына орындық қойылады. Ол ыстық орындық. Оған өз еркімен немесе мұғалімнің шақыруымен бір оқушы отырады. Қалған оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды.

ИТ, презентация

11 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу