Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары. Биология, 11 сынып, презентация.


Ғаламдық жылыну: себептері, салдарлары және шешу жолдары.

11.3.2.1 мүмкін болатын климаттың жаһандық жылыну салдарын болжау.

Бағалау критерийлері:

Ғаламдық жылыну себептерін түсіндіреді;

Ғаламдық жылыну салдарына талдау жасайды;

Ғаламдық жылынуды болдырмаудың жолдарын ұсынады;

Ғаламдық жылыну мәселесін талдап, баға береді.

Ғаламдық жылыну

Қазіргі таңда әлемді алаңдатып тұрған мәселе ол - климаттың өзгерісі.

Соның бірі - жаһандық жылыну.

Ғаламдық жылыну - температураның өзгеру әсерінен немесе басқа да жағдайлардан болатын өзекті мәселелердің бірі

Ғаламдық жылыну

Ғаламдық жылыну - жердің бетіндегі орташа температураның артуы.

Ғаламдық жылыну - XX және XXI ғасырлардағы Жер атмосферасы мен Дүниежүзілік мұхиттың орташа - жылдық температурасының біртіндеп өсу процесі.

XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жердің орташа температурасы 0,7°C көтерілді және соңғы 50 жылдағы жылыну процесінің көп бөлігі адамзаттың кесірінен орын алған, бірінші кезекте газдардың атмосфераға шығарылуынан туындаған. Көмірқышқыл газы (CO2) мен метанның (CH4) қосылуы «жылу эффектісі» (Greenhouse effect) қалыптасты.

Жылу эффекті

Жылу эффекті (ағылш. greenhouse effect, орыс. парниковый эффект) ғарыштан байқалатын планетаның жылулық сәулелену температурасымен салыстырғанда планета атмосферасы төменгі қабаттары температурасының көтерілуін білдіреді.

Жылу эффекті

Жылу эффекті - планетаның жылулық сәулеленуі атмосферадағы жылу газдары тарапынан сіңіріліп, жан-жаққа қайта сәулеленуге алып келетін процессті сипаттайды. Қайта сәулеленудің бір бөлігі жер бетіне және төменгі атмосфераға бағытталады. Нәтижесінде, жер бетінің орташа температурасы жылу газдарының әсерінен көтеріледі.

Жер атмосферасындағы негізгі жылу газдарының үлесі

Қалыпты жылу балансын және әрдайым тұрақты температураны ұстап тұру үшін, жердің атмосферасында парникті газдардың белгілі бір мөлшері (су буын қоса есептегенде) әрдайым бар. Бұл жағдай табиғи парникті эффектіні туындатып, Жердің температурасын 30 градустан жоғары ұстап тұруға мүмкіндік береді. Табиғи түрдегі парникті эффектісіз барлық жер мәңгі мұз астында болып, қазіргі тіршілік формасының өмір сүруі болмас еді.

Жердің жылу балансының бұзылуы

Күн сәулесімен қызуы кезінде жер инфрақызыл сәулелерді (жылу) шағылыстырады және осы нолдік баланс шартты түрде жердегі температураны соңғы мұз кезеңінен кейінгі шамамен 12 мың жыл бойы қалыпты ұстап тұруға көмегін тигізді.

Жердің жылу балансының бұзылуы

СО2 концентрациясының артуы бұл балансты бұзды және жердің шағылысатын жылуының барлық үлкен бөлігі, парникті пленка тәрізді жердің бетінде ұсталынады.

Кейіннен СО2 газына, қасиеттері ұқсас басқа да парникті газдардың бар екендігі анықталды: метан, азот, фреондар.

Түрлі заттардың климаттың жылынуына тигізетін үлесі

Түрлі газдардың жылуды сіңіру қасиеті әр түрлі. СО2 газымен салыстырғанда, метанның бір молекуласы жылуды 26 есе, азот субоксидінің бір молекуласы шамамен 200 есе, түрлі фреондардың молекуласы бір мыңнан ондаған мың есе жылуды сіңіре алады.

Түрлі заттардың климаттың жылынуына тигізетін үлесі

көмірқышқыл газы-55%, метан-15%, азот диоксиді - 6%, фреондар -17%,

тропикалық ормандарды кесу салдарынан климаттың жылынуына тигізетін үлесі - шамамен 12%

Ғаламдық жылыну себептері

Әлемде энергиямен қамтамасыз ету атмосфераға жылу эффектісін қалыптастыратын газдардың ең көп мөлшерін бөліп шығарады. Екінші орында өнеркәсіп - 19,4%. Орман шаруашылығы 17,4%, ауыл шаруашылығы – 13,5%, көлік – 13,1%, ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету - 7,9%, қалдықтарды өңдеу - 2,8%

Жылу газдарын бөліп шығарудағы елдердің үлесі

АҚШ – 25%

Европа елдері – 14%

Әлемнің басқа елдері – 61%

Ғаламдық жылыну себептері

Ғаламдық жылыну себептері

Соңғы он жылдықта климаттың жылынуы және орын алу себебі ең басты экологиялық проблеммаға айналды. Ғаламдық жылынудың ең басты себептеріне адам факторымен, қатар табиғи фактордың әсері мол. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды кесу, жанартаулардың атқылауы және Күндегі өзгерістер, адамның әр түрлі әрекеттері ғаламдық жылынудың басты себептері болып тұр.

Ыстық орындық



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу