Ғаламдық жылыну. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Тарау: 11.4C: Экология, адам және қоршаған орта

Мектеп: ФМБ НЗМ, Шымкент қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ғаламдық жылыну

Оқу мақсаттары

Мүмкін болатын климаттың ғаламдық жылыну салдарына болжамдар жасау. (М)Практикалық жұмыс 11.4С-2.Парниктік әсер (виртуалды зертхана).

Сабақ мақсаттары

Климаттық ғаламдық жылынудың салдарын анықтайды, болжамдар мен дәлелдемелерді нақтылауды үйренеді.

 Бағалау критерийлері

Кем дегенде бір қонымды болжамды дәлелдемелерімен құрастырады және қорғайды. Мысалдар: судың деңгейінің көтерілуі аралды су басуға соқтырады; өте экстремальды ауа –райы жағдайы аралда дауыл/құйын көп болуына соқтырады; дауыл аралдағы ағаштарды сындырды, құлатты және бұл басқа ағзалардың мекен ортасын жойып жіберді;

 Тілдік мақсаттар

Таныстырылымдарды қорғау тілдік дағдыларды дамытады.

Жаһандық жылыну, парниктік эффект, метан, ластану, жүйе, температура

қышқылдану (теңіздегі), адаптация,

 ЖӘО

Жаһандық жылыну мәселелері

 Құндылықтарды дағдыландыру

Еңбек сабақ барысында; өмір бойы оқу ғаламтор материалдарымен жұмыста; ынтымақтастық өзара көмек жасау арқылы; өзіне және айналадағыларға құрмет топтық жұмыс кезінде жүзеге асады

 Пәнаралық байланыс

Физика, химия

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламторданқажеттіақпараттардыіздеп табу арқылыкомпьютердібелсендіпайдаланушыдағдыларындамыту

Алдыңғы білім

Биосфера, экосфера, популяция: 6, 7, 8, 9, 10

Адамдық қызметтің қоршаған ортаға әсері: 6, 7, 8, 9, 10

Сабақбарысы

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысында орындалу тиіс іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

5 минут

I.Сабақты ұйымдастыру.

II.Өткен сабақ материалдарын есіне түсіру мақсатынды сұрақ жауап.

15 минут

20 минут

ІІІ. Жаңа материалды игеру.

G- топтық жұмыс. Ғылыми баспаларды және ғылыми емес газет/журналдарды қоса алғанда, дереккөз қатарынан жаһандық жылу туралы мақалалармен танысу. Топтар оқып, талдауды және аталған тақырыптарды бағалауды ұсыну.

Оқушылар топта сұрақтармен жұмыс жасайды.

  • Оның негізінде болжам жасалатын деректердің шынайылығы – ақпарат қайдан алынған/ол әлемдік масштабта дұрыс қолданылды ма?
  • Мәліметтерге басқа да түсініктер бар ма, яғни CO2 басқа, назар аударылуы қажетті басқа да факторлар бар ма (күн дақтары?, табиғи циклдер?)
  • Жақын арадағы 5/20 жылда жағдай өзгеруі мүмкін бе? CO2көлемінен төмен шығарылым мүмкін бе?

Топтық жұмысты бағалау критерийлері:

Нақтылық, фактілерге негізделуі, уаытты тиімді пайдалану.

30 минут

5 минут

(М)Практикалық жұмыс 11.4С-2.Парниктік әсер (виртуалды зертхана)

  • мүмкін жаһандық жылу салдарын болжау;
  • гипотезаны тұжырымдау және бақылау мен деректерді жазу және беру;
  • тиісті әдістер, талдау, қорытынды және белгілеу пайдалану.

Виртуалды зертханамен жұмыс. Парникте «шынымен» өткізілетін Күн және Жерді зерттеу қатынасын өзгертіңіз

Нәтижені талдау. Қорытындылау.

Анағұрлым қабілетті оқушылар зат айналуда алған білімдерін қолдана отырып тірі және өлі табиғаттың арасындағы бірлікке дәлел (аргумент) келтіре алады.

Интернетте сілтеме:

http://www.virtulab.net/index.php?option=com_content&view=article&id=139:2009-08-22-14-24-46&catid=41:2009-08-23-11-29-31&Itemid=101

5 минут

Қорытынды.

Сабақтың соңы

Кері байланыс.Ресторан әдісі.

  • Сабақтың ең дәмді және ең ашшы тұсы ?

Қосымша ақпарат

Дифференциациалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Анағұрлым қабілетті оқушылар зат айналуда алған білімдерін қолдана отырып тірі және өлі табиғаттың арасындағы бірлікке дәлел (аргумент) келтіре алады.

Өзара бағалау, мұғалімнің кері байланысы, өзін өзі бағалау, сұрақтарға жауап беруі бағаланады.

Биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері. Сергіту сәттері мен партада дұрыс отыру ережелері,3-4 және 7-8 сабақтарда көзге жаттығу жасау.Ноутбукпен, ғаламтормен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау ескертіледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным мәнінде жүзеге асты ма? мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабаққа қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Интернетте сілтеме:

http://www.virtulab.net/index.php?option=com_content&view=article&id=139:2009-08-22-14-24-46&catid=41:2009-08-23-11-29-31&Itemid=101



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу