Жаһандық жылыну: себептері, салдары, шешімдері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Экология және адамның қоршаған ортаға әсері | Мектеп: | ||||||
Мерзім: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 11 Сабақтың типі: зерттелген материалды бекіту | Қатысушылар саны: | Келмегендер саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Жаһандық жылыну: себептері, салдары, шешімдері. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.2.1 жаһандық климаттың өзгеруінің салдарын болжау | ||||||
Сабақ мақсаты | Мүмкін болатын жаһандық климаттың өзгеруінің салдарын болжау үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруды жалғастыру | ||||||
Бағалау критерийлері | Мүмкін болатын жаһандық климаттың өзгеруінің салдарын талдайды | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: өздерінің және басқалардың болжамдарын түсіндіру, дәлелдеу және сұрақ қою үшін сәйкес терминологияны және сөз тіркестерінің жиынтығын қолдана алады. Пәндік лексика және терминология: салдар, корреляция, есептеу, кері байланыс, болжау, сенімділік, сезімталдық, белгісіздік, өзгеру, атмосфераның өзгергіштігі, көмірқышқыл газы, климат, климаттың өзгеруі, ормандардың жойылуы, шығарындылар, энергия. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Өзгелердің пікіріне құрметпен қарауды тәрбиелеу, коммуникативті құзыреттілік деңгейін арттыру; ынтымақтастық қабілетін қалыптастыру; команда құру. | ||||||
Пәнаралық байланыс | Химия - қоршаған ортаның ластануы | ||||||
Бастапқы білімдері | Ұқсас модульдер: Биосфера, экожүйе, популяция: 6, 7, 8, 9, 10 сыныптар; Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері: 6, 7, 8, 9, 10 сыныптар | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспарланған сабақ әрекеттері | Ресурстар | |||||
Сабақ басы 5 мин | Ұйымдастыру сәті (сәлемдесу) Білімді өзектілендіру: Оқушылар видеоны көріп, сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын анықтайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын түзетеді. | https://www.youtube.com/watch?v=k8uTWEPczV0- Климаттың өзгеруіне қарсы күресте жоғалтатын уақыт жоқ - БҰҰ Бас хатшысы Слайд 1 Слайд 2 | |||||
Сабақ ортасы 15 мин 10 мин | Жаңа материалды меңгеру (G) Оқушыларды климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топ жинаған ақпаратты топтарда талқылауға шақырыңыз: 1. 1880-2012 жылдар аралығында дүниежүзілік орташа температура Цельсий бойынша 0,85 градусқа жоғарылады. Сонымен қатар, температураның 1 градусқа өсуі дәнді дақылдардың шамамен 5 пайызға төмендеуіне әкеледі. 1981-2002 жылдар аралығында жүгері, бидай және басқа да негізгі дақылдардың дүниежүзілік өнімі жылына 40 мегатоннаға едәуір төмендеді. 2. Мұхит температурасының көтерілуі және қар мен мұздың төмендеуі теңіз деңгейінің көтерілуіне әкелді. 1901 - 2010 жылдар аралығында мұздықтардың жалпы жылынуы мен еруінен туындаған мұхиттардағы су мөлшерінің көбеюіне байланысты әлемдік орташа теңіз деңгейі 19 сантиметрге көтерілді. 3. Мұхиттардың температурасы көтеріліп, мұздықтар ери береді. Теңіз деңгейінің орташа деңгейі 2065 жылға қарай 24-30 сантиметрге, ал 2100 жылға қарай 40-63 сантиметрге көтеріледі деп болжануда. 4. 1990 жылдан бастап әлемдік көмірқышқыл газы (СО2) шығарындылары шамамен 50 пайызға өсті. Оқушылар жоғарыда аталған фактілердің бірін таңдайды, қосымша ақпараттар табады, графиктер, кестелік мәліметтер ұсынады, осы мәселені шешу жолдарын ұсынады. Содан кейін оқушылар ақпарат алмасады. Өзара бағалау
Білімді бекіту Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Өзара бағалау: Оқушылар дескриптор бойынша жұмыс жасайды. | Слайд 3 Слайд 4 Слайд 4 Слайд 5-8 | |||||
Сабақ соңы 2 мин | Рефлексия: Оқушылар фразаны жалғастырады (өз пікірін айтады): Зерттелген тақырып мен үшін маңызды ……. Үйге тапсырма: Оқушылар өздері үшін үй тапсырмасын өзі анықтайды. | Слайд 9 | |||||
Саралау, сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - сіз оқушылардың ақпаратты меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік | |||||
Соңғы нәтижеге негізделген саралау - білімді бекіту. Қолдау деңгейі бойынша саралау - жаңа материалды игеру. | Өзара бағалау: білімді бекіту кезеңі | Биология кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?