Жергілікті экожүйедегі ағзалардың таралуы мен санын анықтауда әртүрлі статистикалық әдістерді қолдану. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Стьюденттің t-критерийі

Стьюденттің t- критерийі - берілгендердің екі жиынына жататын орталық мәндерді салыстыру үшін және орталық мәндер бір бірінен статисткалық мәнді түрде өзгеше екенін шешу үшін қолданылады. Бұл әдіс параметрлік әдістер қатарына жатады.

Стьюденттің t- критерийінің экспериментальды мәнін есептеп болған соң, оны таблицада салыстырамыз.

Екі топ арасындағы орташа бағалардың өзгешелігі айнымалылардың топішілік вариациясынан (дисперсия) тәуелді. Әрбір топ үшін осы мәндердің өзгешеліктерінен тәуелді, топтық орташалар арасындағы айырмашылық тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы күшті немесе әлсіз тәуелділік дәрежесін көрсетеді. Тәуелді таңдамалар үшін t-критерийдің мақсаты практикада жиі пайда болатын топішілік вариацияның (немесе қатенің) көзі оңай анықталып, анализден алынып тасталатын жағдайларда пайдалы. Тәуелсіз таңдамалар үшін t-критерийдің теоретикалық негіздері тәуелді таңдамалар үшін арналған критерийлерге қатысты болады. Бұл жұпталған айырмалар қалыпты үлестірілген болу керек деген сөз. Егер бұл шарт орындалмаса альтернативті параметрлік емес критерийлердің біреуімен қолдану керек.

χ2 әдісінің көмегімен екі эмпирикалқы үлестірімді альтернативті ең қарапайым шкала бойынша салыстыруға болады. Егер белгі сандық түрде, баллдармен және т.б. белгіленетін болса, белгінің алуан түрлі мәндерін бірнеше разрядтарға біріктіру тура келеді. Сосын критерийдің көмегімен белгінің түрлі разрядтарының кездесу жиілігін салыстыруға болады.

Теоретикалық пен эмпирикалық үлестірімді салыстырғанда эмпирикалық жиіліктер мен теоретикалық жиіліктер арасындағы айырмашылық дәрежесін анықтаймыз.

Жалпы Хи-квадрат әдісін қолдану үшін орташа немесе стандартты ауытқуды есептеуді қажет етпейді. Оның артықшылығы сол оны қолдану үшін екі өзгергіштіктен алынған нәтижелерді бөлу жиілігін ғана білу қажет болады. Сондықтан бұл статистикалық әдіс сапалы мәліметтерді өңдеуге арналады.

Хи–квадрат критерийі екі түрлі мақсатта қолданылады:

эмпирикалық жіктелуді теориялық теңдік, қалыпты немесе басқа да өлшемдермен салыстыру үшін, екі, үш немесе одан да көп эмпирикалық жіктелулерді бір ғана белгісі бойынша салыстыру үшін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу