Модельдеу "Қоректік тізбектегі энергия тасымалының сызбасын жасау ". Биология, 11 сынып, презентация.
Стартер: ойын «Сен маған, ал мен саған»
Дескрипторлар:
Екі топ түзу.
Топтар кезек бойынша бөлімге қатысты сөз/термин айтады.
Сөз/терминге дұрыс сипаттама береді.
Уақыт шарттарын (3 мин) ұстанады.
Сабақтың тақырыбы
Модельдеу "Қоректік тізбектегі энергия тасымалының сызбасын жасау".
Оқыту мақсаты: 11.3.1.2 экожүйедегі трофикалық деңгейлердің сызбаларын жасау.
Сабақтың мақсаты:
Сэнки диаграммасын құрастыру.
Оқушылар биологиялық түралуандылық пен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орната алады.
Бағалау критерийлері:
Сэнки диаграммасын қолдана отырып трофикалық тізбектегі энергия тасымалының мвхбасын жасайды.
Сэнки диаграммасында трофикалық тізбекте берілген энергияның санын түсіндіру үшін Линдеман заңын қолданады.
Пәндік лексика мен терминология:
түр, экожүйенің тұрақтылығы, эндемиктер, продуценттер, консументтер, редуценттер, автотрофтар, гетеротрофтар, трофикалық деңгейлер, генетикалық алуандылық, экожүйелердің алуандылығы, түр алуандылығы, түрлердің біркелкілігі.
Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:
Биоалуандылық - бұл …
Биоалуандылық төмендеген кезде, …
Экожүйенің биоалуандылығына әсер етуші факторлар …
Энергия ағыны
-бұл оның бір деңгейдегі ағзалардан органикалық қосылыстардың (тамақ) химиялық байланысы түрінде екінші деңгейге өтуі.
Энергияның кейбір бөлігі жылу түрінде таралады метаболизм үдерістеріне жұмсалады да, энергияның көп бөлігі жоғалады.
Энергия ағыны
Заттар мен энергия тасымалдануының әрбір кезеңінде шамамен 90 %- і жоғалады және олардың 1/10 бөлігі ғана келесі тұтынушыға көшеді. Ағзалардың қоректік тізбегіндегі энергияның берілу заңы «10 % ереже» деп аталады. Бұл заңды 1942 жылы Р.Линдеман ашқандықтан, кейде оны «Линдеман заңы» деп те атайды.
«Линдеман заңы»
Тапсырма : 10 % ережесін қолдану.
Ауызша жауап үшін дескрипторлар:
Линдеман ережесінің қолданысы.
Түрлі экожүйелердегі заттар энергиясының тасымалының тиімділігі.
Қай тізбек энергия жағынан тиімдірек? Неліктен?
СЭНКИ ДИАГРАММАСЫ
Сурет1 «Жаунарлар ағзасына түскен бірінші реттік энергия»
Сурет 2 СэнкиДиаграммасы
Сенки диаграммасы дегеніміз – энергия ағынын графикалық түрде бейнелеу, диаграммадағы әр түрлі элементтердің қалыңдығы шығаратын энергиясына тура сәйкес келеді.
Сенки диаграммасы
Оқушылар үшін тапсырма:
Қосымша № 1 ақпараттық парақты зерттеу.
Сэнки диаграммасын құрастыру.
Тақырыпшалар:
1 жұп: Жылықанды жануарлардың Сэнки диаграммасы.
2 жұп: Салқынқанды жануарлардың Сэнки диаграммасы.
3 жұп: Интенсивті бақылау мен қоректендіру жағдайларындағы ауылшаруашылық жануарлардың Сэнки диаграммасы.
4 жұп: Жайылымдаңы жануарлардың Сэнки диаграммасы.
Дескрипторлар:
Ақпараттық парақты зерттейді.
Сэнки диаграммасын құрастырады.
Диаграмманың құрастыру принциптерін түсіндіреді.
Жұптық жұмыс:
Модельдеу «Қоректік тізбектегі энергия тасымалының сызбасын жасау».
Сандық мәліметтер (кейбіреулері экожүйенің бастапқы энергиясы болып табылады):
986000кдж,
852000кдж,
757200кдж,
96000 кдж,
200400 кдж.
Дескрипторлар:
Сызбаны құрастыру үшін сандық мәнді таңдайды.
4 трофикалық деңгейден тұратын Сэнки диаграммасын жасайды.
Сызық түрінде жалпы энергия ағынын, ағзамен жоғалтылған энергияны, жиналған энергияны, жоғалтылған энергияны, келесі трофикалық деңгейге берілетін энергияны көрсетеді.
Линдеман ережесін қолдана отырып, жалпы энергия мен берілген энергияның сандық көрсеткіштерін анықтайды.
Кері байланыс:
Сабақта не қызық болды?
Сабақта нені үйрендім?
Сабақта қандай қиындықтар болды?
Үй жұмысы:
Қосымша №1 Ақпараттық парақты қайталау.
Ақпараттық парақтағы мәліметтерге сүйене отырып, 3 сұрақ дайындау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?