Модельдеу "Қоректік тізбектегі энергия тасымалының сызбасын жасау ". Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі 11.4А Биосфера,экожүйе, популяция | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Тақырып | Модельдеу "Қоректік тізбектегі энергия тасымалының сызбасын жасау ". | ||||
Сабақ типі | Жаңа сабақ | ||||
Осы сабақарқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 11.3.1.2 экожүйедегі трофикалық деңгейлердің сызбаларын жасау | ||||
Сабақ мақсаттары | 1. Сэнки диаграммасын құрастыру. 2. Оқушылар биологиялық түралуандылық пен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орната алады. | ||||
Бағалау критерийлері | 1. Сэнки диаграммасын қолдана отырып трофикалық тізбектегі энергия тасымалының мвхбасын жасайды. 2. Сэнки диаграммасында трофикалық тізбекте берілген энергияның санын түсіндіру үшін Линдеман заңын қолданады. | ||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады: Экожүйенің тұрақтылығы мен биологиялық түралуындылығы арасында байланысты ауызша орнатады. Пәндік лексика мен терминология: түр, экожүйенің тұрақтылығы, эндемиктер, продуценттер, консументтер, редуценттер, автотрофтар, гетеротрофтар, трофикалық деңгейлер, генетикалық алуандылық, экожүйелердің алуандылығы, түр алуандылығы, түрлердің біркелкілігі. Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы: Биоалуандылық - бұл … Биоалуандылық төмендеген кезде, … Экожүйенің биоалуандылығына әсер етуші факторлар … | ||||
Құндылықтарды дағдыландыру | Берілген сабақ академиялық адалдылықты сақтау, ынтымақтастық, топта жұмыс істей алу қабілеттерін, жауапкершілік пен жетекшілік құндылықтарын дамытуға бағытталған. Құндылықтарды дағдыландыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату мен қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Физика- энергияның берілу жолдары мен энергияны жоғалту. Математика – проценттік қатынасытар. | ||||
Алдынғы білім | Биосфера және экожүйе: 7, 9 сыныптар. Қоректік тізбектер: 7 сынып. Биосфера, экожүйе, популяция: 8 сынып. Эволюциалық даму мен селекция негіздері: 10 сынып. Тірі ағзалардың алуантүрлілігі: 9, 10 сыныптар. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақта жоспарланған кезеңдер | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 1-4 мин | Амандасу. Сабақта жағымды көңіл - күй орнату. Стартер: ойын «Сен маған, ал мен саған» Дескрипторлар:
Оқушылардың жауаптары болуы мүмкін: Консументтер (бірінші реттік) Детритті тізбек Төңкерілген пирамида Консументтер (үшінші реттік) Мұғалім бағалауды жүзеге асырады. |
| |||
Сабақтың ортасы 5-7 мин 8-10 мин 11-13 мин 14-22 мин 23-35 мин | (М) Тақырыпты жариялайды, оқушылармен оқыту мақсаты, бағалау критерийлері мен болжанылған нәтижелерді талқылайды. (Ө) Оқушылардан Линдеман ережесін еске түсіруді сұраңыз. Ауызша жауап үшін дескрипторлар:
Оқушылардың жауаптары болуы мүмкін: Егер консументтер (екінші реттік) 90 кДж энергия алса, консументтердің (бірінші реттік) энергиясы көбірек болады, ал бастапқыда продуценттердің энергиясы ... энергия санына тең болды. Мұғалім бағалауды жүзеге асырады. Оқушылардың ойлары ортаға салынып болған соң, мұғалім кері байланыс береді. (М) Мұғалім Сэнки Диаграммасы түсінігін енгізеді. Осы диаграмма бойынша қысқаша ақпарат береді. (Ж) Оқушылар түртіп алу әдісі бойынша Қосымша 1 ақпараттық парақты оқиды. Оқушылардан Сэнки диаграммасының негізін, оны құрастыру принциптерін анықтауды сұраңыз. Оқушыларды жұптарға бөліп, мәтінде берілген тақырыпшалар бойынша түртіп алу әдісі арқылы оқушы сұраңыз. 1 жұп: Жылықанды жануарлардың Сэнки диаграммасы. 2 жұп: Салқынқанды жануарлардың Сэнки диаграммасы. 3 жұп: Интенсивті бақылау мен қоректендіру жағдайларындағы ауылшаруашылық жануарлардың Сэнки диаграммасы.4 жұп: Жайылымдаңы жануарлардың Сэнки диаграммасы. Дескрипторлар:
Оқушылардың бірін-бірі бағалауды талап етіңіз, Ол үшін ақпараттық парақтар мен дескрипторларды қолдануды сұраңыз. Дифференциациция: қабілеттері әртүрлі оқушылар жұпта жұмыс істейді. (Ж) Модельдеу «Қоректік тізбектегі энергия тасымалының сызбасын жасау». Ол үүшін оқушыларға келесі сандық ақпараты ұсыныңыз: 986000кдж, 852000кдж, 757200кдж, 96000 кдж, 200400 кдж. Оқушылар өз бетінше қоректік тізбектегі энергия тасымалын модельдеуде қолданылатын санды таңдап алады. Дескрипторлар:
Кері байланыс бойынша дифференциация. Орындалынған жұмыстар «Автобус аялдамасы» стратегиясы бойынша таныстырылады. Оқушылардан бірін-бірі дескрипторлар бойынша бағалауды сұраңыз. | Презентация Презентация Қосымша №1 А4 парағы, фломастерлер, маркерлер. Презентация, А4 парағы, фломастерлер, маркерлер. | |||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері бойынша қорытынды жасаңыз. Кері байланыс:
Үй тапсырмасы: Қосымша №1 Ақпараттық парақты қайталау. Ақпараттық парақтағы мәліметтерге сүйене отырып, 3 сұрақ дайындау. | Презентация | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Кері байланыс бойынша саралау. Қабілеттері әртүрлі оқушылар бірге жұмыс істейді. | Мұғалімнің бағалауы. Оқушылардың дескрипторлар мен ақпараттық парақтарды қолдана отырып бірін-бірі бағалауы. | Биология кабинетіндегі жұмыс істеу ережелерін сақтау. Кабинетті желдетіп отыру. Сабақта жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің алмасып отырылуы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?