Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Моноклоналды антиденелердің маңызы. Моноклоналды антиденелердің өндірісі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.4.5 - ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклоналды антиденелерді қолдануды түсіндіру

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Моноклоналды антиденелердің маңызын сипаттау

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алады:

  • Антидене құрылысын еске түсіреді
  • моноклоналды антиденелерді өндіру жолдарын сызбалайды
  • моноклоналды антидене үдерісін түсіндіреді
  • моноклоналды антидене маңызын сипаттайды

 Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика мен терминология Микрокөбею, ұлпа себіндісі (культура) көбейтілген бактериялар, тәсілі, жыныссыз, клондау, ұқсас, стерильдеу, жасанды жағдайларда, қоректік орта, қоректік заттар, антиденлер культурасы, қоршаған орта жағдайлары, миеломды жасуша, гибридомды жасуша

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Микрокөбею – бұл … көп санын өндіру мақсатындағы … практика

Ұлпа ... үшін әдетте құрамында … бар … салынады

Циклдерді қайталау арқылы бір эксплантантаны … ұлғайтуға болады.

Миеломды жасуша…………..

Гибридомды жасуша………

Антидене мен антиген………….

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Химия: антидененің химиялық құрылысы

Алдыңғы білімдер:

Антидене мен антиген әрекеттесуі /11 сынып/ антидене құрылысы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Ой-қозғау:

Презентациядағы 1 слайд бойынша талқылау

Сабақ тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру, талқылау

Меңгерілген материал бойынша сұрақтар даярлаңыз.

  • Иммунитет дегеніміз не?
  • Иммуноглобулиндің маңызы қандай?
  • Моноклональды антиденелер туралы естідіңіз бе?
  • Оларды не үшін қолданады?

Топтарда талқылаңыз: Моноклоналды антиденелер қалай пайдалы?

Моноклональды антиденелер өндіру туралы суреттер:

http://www.accessexcellence.org/RC/VL/GG/monoclonal.php

Сабақтың ортасы

11-33

(Ж) Оқушыларға моноклоналды антиденелерді өндірудің суретін қолданып жұпта түсіндіруді сұраңыз. Ауруларды диагностикалау және емдеуде моноклоналды антиденелерді қолдануды мысал келтіре отырып түсіндіруді тапсырыңыз.

(қосымша )

Оқушылар сызба бойынша моноклоналды антиденені жасанды жолмен қалай алуға болатындығын сипаттайды

(Ж) Оқушыларға жұпта моноклоналды антиденелерді қолданудағы артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылауды тапсырыңыз.

Моноклональды антиденелерді дайындаудың қарапайым түсіндірмесі:

http://www.abpischools.org.uk/page/modules/infectiousdiseases_immunity/immunity5.cfm

Сабақтың соңы

33-38

38-40

Оқушыларға моноклоналды антиденелерді өндіру бойынша ҚБ тапсырмасы беріледі / қосымша 3/

Рефлексия мұғалімнің сұрақ қоюы негізінде жүзеге асады:

Видеоматериал:https://www.youtube.com/watch?v=FwHGngEo7c8

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың ой-қозғау бөлімінде әр түрлі деңгейде жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Оқушылардың антидене құрылысы мен моноклоналды антиденелерді өндіру сызбасын түсіндіруі мен оқушылардың алған білімдерін тексеру барысында оқушылардың қабілеттері ескеріле отырып әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылады.

Сабақтың ой қозғау бөлімінде сұрақтармен алдыңғы білім тексеріледі

Сызбалар жасайды және талқылайды

Жеке ҚБ тапсырмасын орындайды

Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу