Экстракорпоралдық ұрықтандырудың этикалық аспектілері. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Еліміздегі жасанды ұрықтандыру ісіне қатысты Діни басқарманың ғұламалар кеңесі үкім шығарды. Енді ұрпақ көбейткісі келгендер арасында бұл үкімді ескеретіндер болатыны сөзсіз. Шариғат жолымен жасалған діндарлар шешімі қандай жолды ұсынады? Адам ұрпағын өрбіту орталықтары мүфтият үкімімен келісе ме? 

Қазақстанда әрбір бесінші отбасы табиғи жолмен бала сүю бақытына жете алмайды. Сол себепті медициналық жолмен жасанды ұрықтандыруға барады. Алайда бұл ретте дін мен медицинаның қарама-қайшылығы туады. Мүфтияттың ғұламалар кеңесі мәселенің тоқ етер шешімін айтты.  

БАУЫРЖАН ӘЛИҰЛЫ, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы:

- Тек өзінің күйеуінің ғана ұрығы сырттай немесе іштей ұрықтандыру арқылы жасалатын болса ғана шариғи тұрғыда рұқсат беріледі. 

Діни басқарма шығарған үкім бойынша жасанды ұрықтандыру үшін донорлық қызметті пайдалану зина болып табылады. Сондықтан отбасы мүшелері медициналық көмекке жүгініп, емделуді құптайды. 

Алайда еліміздегі 20-ға жуық экстрокорпоральды ұрықтандыру орталықтарына донорлық ұрық пен суррогат ана қызметін қажет етушілер көп келеді екен. Ұрпақ сүюдің соңғы үміті дегенмен, жасанды ұрықтандырудың да барлығы сәтті аяқтала бермейді. 

САЛТАНАТ БАЙҚОШҚАРОВА, "Экомед" емханасының ғылыми директоры, б.ғ.д:

- Ерлі-зайыпты екеуі шешім қабылдаған болса, донорлық ұрыққа мысалы. Бірақ оның моральдық жағы бар. Және де қаражат жағынан көбірек кетеді. Оған өйткені біреуді жалдау керек, не біреуден ұрық алу керек. 

ЭКҰ орталықтары отбасыларға донорлық ұрыққа бармауға кеңес беріп, психологиялық тренингтер өткізеді. Бірақ заң жүзінде рұқсат берілетіндіктен бала асырап алғаннан гөрі, көп отбасылар осы жолды таңдайды дейді маман. Өйткені, жасанды жолмен өмірге келген жатқұрсақ баланың тағдыры алаңдатады.

ЭКҰ тиімділігі немен байланысты?

Хаттама тиімділігіне бірнеше бірінші деңгейлі факторлар әсер етеді, олар:

  • эмбрионнның жай-күйі
  • жатыр және эндометрия күйі

Көбісі білікті маманға, сонымен бірге пациенттің өзіне байланысты. ЭКҰ жүргізуге, сонымен қатар эмбрион жатырға қондырылғаннан кейін бірнеше тәртіпті қадағалау өте маңызды. Бірінші кезекте күйзелістерге, қызынуларға және физикалық ауыр жүктемелерге жол бермеген дұрыс.Бірақ, бұл жалғыз ғана факторлар емес. Процедура жетістігі тікелей байланысты:

  • жасына (әйелдерде – 38 жастан және ерлерде – 45 жастан кейін жетістік мүмкіндігі төмендейді);
  • бедеулік себебінен;
  • жүкті бола алмау себептерінен кезеңнің созылуы;
  • ЭКҰ көмегімен жүкті болудың сәтсіз әрекеттері;
  • Пациенттердің салауатты өмір салтына және тәртібіне (темекі шегу және ішімдік қолдану жүкті болу мүмкіндігін төмендетеді);
  • Тұқым қуалаушылық факторларына және тағы басқалар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу