Экстракорпоралды ұрықтандыру әдісі және оның маңызы. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесінің классификациясы бойынша еркектер бедеулігінің 16 және әйел бедеулігінің 22 түрлі себебін тапты. Егер еркектің шәуһетінің ұрықтандыру қабілеті төмен болып, өзгерістері, яғни, бұзылыстары болса, ол еркектік фактор болып табылады. Бедеулікке шалдыққан отбасылардың 30 пайызында еркек бедеулігі себепші. Егер бедеуліктің себебі әйел баласына қатысты аурулар болса, онда әйел бедеулігі деп саналады (30 пайыз). Әйел ағзасындағы гормоналдық реттеудің бұзылуынан болса, эндокринді бедеулік, ал жатыр түтікшілерінің жоқтығы олардың өткізу қабілетінің бұзылуынан болса, түтікшелік бедеулік деп ажыратылады. Ерлі-зайыптылардың 3 пайызында репродуктивті жүйесінің көрсеткіштері дұрыс болып, бедеуліктің себебі иммунологиялық қарсылық болуы мүмкін, яғни, әйел организмінде еркек шәуһетіне қарсы денелер пайда болып, олар еркек шәуһетінің белсенділігіне қарсы әсер көрсетеді. Және де бедеулік денсаулығы жақсы, бір-бірімен сәйкес келетін ерлі зайыптылардың арасында да болады. Оны идиопатиялық немесе түсіндіруге жатпайтын бедеулік дейді.Ұрықтандырудың ең көп таралған әдістерінің бірі- ДТҰ (экстракорпоралдық ұрықтандыру) рәсімі болып табылады, ол баланың анасының денесінен тыс ұрықтануы (in vitro) болып табылады . Бұл процедура кезінде арнайы пробиркада сперматозоид пен аналық жасушалар қосылады.Бұл ұрықтандыру кезінде бірнеше жұмыртқа қатысады. Пациенттің қалауы бойынша бір ұрықтың редукциясы жүргізілуі мүмкін, бірақ бұл тостаған балалардың толық жоғалуына, яғни түсік шығуына әкеледі. Статистикаға сәйкес, мұндай ұрықтандыру әдісінің тиімділігі шамамен 40% құрайды.
ЭКҰ төмендегі себептер болса ғана жасалады:
- Жатыр түтігінің өткізу қабылетінің жоқтығы немесе жатыр түтігінің мүлдем болмауы
- Эндокриндік ауытушылықтың салдарынан болған бедеулік
- Аналық жыныс бездерінің әлсіздігі
- Жыныс мүшелерінің дамуындағы туа біткен ауытқушылық
- Әйел ағзасының аталық ұрықты жойып тастайтын антиденеледі бөлуі
- Жыныс жолдарының созылмалы аурулары
ЭКҰ-ның әйел ағзасына мүмкін болатын теріс әсерлері:
• Аллергия
• гипертонияның дамуы
• қан кету
• Гормондардың бұзылуы
• Іштің ауыруы, әлсіздік.
• Жылдам салмақ жинау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?