Зерттеу жұмыстарында биоинформатика құралдарын қолдану. Биология, 11 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы

Зерттеу жұмыстарында биоинформатика құралдарын қолдану

Сабақ мақсаты

11.4.4.3 – биоинформатика ролін түсіндіру

Бағалау критерийлері:

Биоинформатиканың негізгі бағыттарын сипаттайды;

Биоинформатиканың бағдарламалық кешендерін зерттейді;

Қазіргі ғылымдағы биоинформатиканың бөлімдері мен құрылымдарын зерттейді.

Терминология

Ой қозғау.

Видео қарау: М.Гельфанд: «Биоинформатика дисциплина ретінде». Оқытушы роликти қарар алдында сұрақтармен таныстырады, корип болған соң олар осы сұрақтарға жауап береді.

https://www.youtube.com/watch?v=IE8PRZrU7XI&list=PLh6dVTO7f4FazIQHrdOT1W0N1yMPRlzwE https://www.youtube.com/watch?v=IE8PRZrU7XI&list=PLh6dVTO7f4FazIQHrdOT1W0N1yMPRlzwE

Сұрақтар:

Биоинформатикамен байланысты терминдер?

Ақуыздардың жаңа функцияларын қалай білуге болады?

Компьютерлік бағдарламалар жасаудың маңызы неде?

Биоинформатиканың құралдарын қолдана отырып, ежелгі ақуыздардың не биологиялық жүйелердің эволюциялық дамуын қайтадан жаңғыртуға болар ма еді?

Өзара талқылау. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтау.

Бағалау критерийлерін анықтау.

Биоинформатиканың негізгі бағыттарын сипаттайды;

Биоинформатиканың бағдарламалық кешендерін зерттейді;

Қазіргі ғылымдағы биоинформатиканың бөлімдері мен құрылымдарын зерттейді.

Жаңа материалды игеру.

Іс-әрекет түрі: топтық жұмыс (дифференциация)

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Кейбір оқушылар видеоролик қарауға мүмкіншілік береді.

Оқушылар материалдарды өздері таңдайды.

Әр топ постер дайындап, сынып алдында қорғайды.

ФБ: Өзара бағалау, оқытушының кері байланысы

Іс-әрекет түрі: жеке жұмыс

Оқушылар жеке дидактикалық материалдар алған соң биоинформатиканың жаңа мүмкіншіліктері жөнінде баяндама дайындайды: «Қарапайымнан күрделіге: биоинформатика жөнінде не білу қажет».

Оқушылар өзара баяндама жасау арқылы қажетті мөлшерде мәліметтермен танысып, бір-біріне сұрақтар қояды.

Бағалау: өзара бағалау, кері байланыс

 

Іс-әрекет түрі: сыныппен бірігіп жұмыс жасау

«Биоинформатикағылымның болашағы» тақырыбына интеллект карта жасау.

Оқушылар сабақ бойы алған білімдрін сұйене отырып, бірігіп интеллект карта жасайды. Әр оқушы өз анықтамаларын, терминдерін түсіндіреді.

 

Бағалау: өзара бағалау, оқытушының кері байланысы

Биоинформатиканың әдiстері мен тәсілдік жиынтықтары:

Зерттеудің негізгі бөлімдері

Генетикалық тiзбектердi талдап, мәлiметтердi алып соны өңдеу биоинформатиканың ең маңызды тақырыптарының бірі болып саналады. 1977 жылдан бастап организмдердің көпшiлiктерi Phi-X174 тiзбегiнде анықталған және сақталынған дерекқорлар.Бұл мәлiметтер ақуыздардың тiзбектерiн анықтау үшiн пайдаланылады.

Биоинформатиканың орталықтары

Биоинформатиканың дүние жүзілік орталықтары Жапония, Германия, Швейцария елдерінде орналасқан. Соңғы жылдары АҚШ-та, Сингапурда, Индияда, Ресейде дамый бастады. Бірақ Қазақстанда осы ғылым туралы адамдар біле бермейді, мамандар санаулы болып келеді.

V. Рефлексия

Биоинформатика жөнінде бұрын білгеніңіз?

Сабақ барысында не қин болды?

Бүгінгі сабақта білген жаңалығыңыз?

Биоинформатика жөнінде мағлұмат қызық болды ма?

Қандай мағлұматты қосымша білгіңіз келеді?

Ада геномын зерттегіңіз келе ме?

Үй тапсырмасы: «Биоинформатиканың қазіргі заманғы мүмкіншіліктері»атты тақырыпқа постер дайындау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу