"Биоинформатика" тұсінігі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 2

Биоинформатика деген не? Биология мен Информатиканын қиылысында жатқан сала ол биоинформатика. Биоинформатика ғылымнын жас саласы болып табылады және де оның даму қарқыны таңғаларлық тез. Осы үрдістін себебі неде? Технологиянын дамуы деп те айтуға болады. Осы саланын өрлеуіне себепші болған адамдарынын бірі ағылшын ғалымы Фредерик Санджер. Санджер өзі тікелей биоинформатикамен айналыспаса да, биологиялық манызды ақпаратты алудын жолын тапқан, осы еңбектері үшін екі мәрте Нобель сыйлығын алған. Бірінші Нобель сыйлығын нәруыздын амин қышқылдары байланысқан тізбегін табатын тәсілі тапқан болса, екінші премиясын ДНҚ-ның тізбегін анықтау үшін тәсілді тапқан үшін алды. ДНҚ тізбегін анықтау мүмкіндігі пайда болғансон, адамзат көптеген ағзалардың генетикалық кодтарын анықтай бастады, осындай жобалардын ең ауқымдысы – адам геномы жобасы. Осы жобада бүкіл дүние жүзінін ғалымдары қатысқан. Жобаның басында бір нуклеик қышқылының бағасы шамамен бір доллар болатың, арзан болып көрінгенмен мысалы адам геномы үш миллиард нуклеик қышқылдан турады. Осы жобаның сонында бір адамның геномын білү үшін бір мын доллардай қажет болды. Есептесек сиквенциялаудын бағасы үш миллион есе төмендеді, осының арқасында қазір көптеген ағзалардын геномдары сиквенцияланып жатыр. Ол деген биолог ғалымдарға қолжетімді ақпараттың миллиондаған есе артуына әкеп соқты. Осы ақпаратты біріншіден сақтау қашеті пайда болды, одан кейін осы ақпаратты анализ жасайтын қуралдар керек және ең маныздысы осы анализдың нәтижелерінен биологиялық тужырымдар жасау керек. Осы міндет биоинформатика ыйығына жатты. Биологиялық ақпаратқа барша ғалымдардың қолдары жетү үшін әр түрлі дерекқорлар пайда бола бастады. Геномдық ақпаратты сақтау үшін GenBank деген дерекқор қазіргі кезде ең үлкен болып табылады, нәруыздар туралы ақпарат SWISS-PROT, UniProt сияқты дерекқорларда сақталады. Айтылып кеткен дерекқорлардан басқа көптеген кішігірім дереқорлар бар, мысалы тышқандардағы обырға шалдыққан жасушалардын геномы сақтайтын дерекқорлар бар, немесе жүгеренін ауруға шалдыққан даналарының геномдары сақталатын дерекқорлар. ДНҚ тізбігінде кодтайтын гендерді, промоутерлерді табу, әр турлі ағзалардан келген гендардын тізбектерін салыстырып ағзалардын туыстығын анықтау, гендердін экспрессиянын профайлдарын жасап әр түрлі аурулардын диагностикасы молекуларлы биология, статистика тәсілдері арқылы жүзеге асады. Биоинформатиканын дүние жүзілік орталықтары Жапония, Германия, Швейцария елдерінде орналасқан. Соңғы жылдары АҚШ-та, Сингапурда, Индияда, Ресейде дамый бастады. Бірақ Қазақстанда осы ғылым туралы адамдар біле бермейді, мамандар санаулы болып келеді. Дүние жүзін шарласанда биоинформатикада жумыс істейтін мамандардың тапшылығын көрүге болады. Сондықтан басқа салаларға қарағанда бәсекелестік аз болып келеді, ақпараттын бүкіл адамзатқа ортақ нәрсе деген философиясын устанатын ашық сала, Қазақстанда дамытуға болатын сала деп есептеймін.Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/18691/Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу