Зертханалық жұмыс. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ:

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Зертханалық жұмыс

Осы сабақ арқылы қол жеткізілетін Оқу мақсаты:

11.4.4.1 электромагниттік және дыбыстық толқындардың адам ағзасына әсерін түсіндіру

 Сабақ мақсаты:

  • есту мүшелерінің құрылымын қайта қарастыру және дыбысты қалай қабылдайтынымызды түсіндіру;

Бағалау критерийлері:

Оқушы:

  • дыбыс сигналдарының құлақтан миға өтетін жолының диаграммасын сызады;
  • дыбыс көзін табу үшін көру, есту немесе екеуін де қолданудың артықшылықтарын талқылайды ·
  • эксперимент ойлап табады және өткізеді, мысалы есту сезімін одан әрі зерттеу үшін

 Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: құлақтың әртүрлі бөліктерін белгілеп, әр бөліктің қызметін сипаттайды;

Құлақ қалай жұмыс істейтіндігін сипаттайды.

Лексика және терминология, пәндік терминдер: есту, сыртқы, орта, ішкі құлақ, құрылым, есту жүйкесі, есту жолы, ұлулы дене, құлақ сүйекшелері, құлақ қалқаны, жинау, дыбыс, қоршаған орта, бөлек, діріл, хабарлама, үлкейту, беру, анықтау, бағыттау, ретінде түсіндіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Электромагниттік толқындардың ұзақ мерзімді әсер етуі .......... себеп болуы мүмкін.

Ультрадыбыс …………………… диагноз қою үшін қолданылады.

Акустикалық ластану ………. антигенге әсер етуі мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

Академиялық адалдық, ынтымақтастық мәдениеті, өмір бойы білім алу, өзін-өзі тану

Пәнаралық байланыс:

Ағылшын тілі: ғылыми терминдерді қолдану.

Электромагниттік, дыбыстық, жарық толқындары сияқты толқындардың түрлері туралы физикадан алынған білімі

Алдынғы білім:

Биотехнология: 10 сынып

Жүйке жүйесі: 7-10 сыныптар

Жоспар

Өткізуге жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

  • Сәлемдесу, сабақты ұйымдастыру сәті. Сабаққа қатыспаған оқушыларды тексеру.

Оқу мақсаты және сабақ мақсаттарымен таныстыру.

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, оқушылармен бірге қайта қарау.

Power Point презентациясы, слайдтар

Сабақтың ортасы

6-36 минут

Зерттеу жұмысының мақсатын қойыңыз

Оқушылардан гипотезаны айтуын сұраңыз

Оқушылар зерттеу жұмысын бастай алады

Зерттеу жұмысының сұрағы:

Көзі жұмып отырған тыңдаушының айналасында адамдар шу шығарса, тыңдаушы, әр дыбыс көзі қайдан шыққанын қаншалықты дәл көрсете алады егер басын немесе денесін бұрмай отырса? басын немесе денесін бұрған жағдайда ше?

Жұмыс барысы.

1-қадам: Тыңдаушының көзін матамен жабыңыз

2-қадам: тыңдаушыны 8 оқушы (дыбыс шығарушылар) айнала қоршап отырады. (суретті қараңыз). Әр оқушының нөмірі болуы керек

3-қадам: Дыбыс шығарушы әр адамда екі үлкен қасық болуы керек

4-қадам: Бір оқушы тыңдаушының бақылау жазбаларын жазып отырады.

5-қадам: Мұғалім аудиторияның артында отырады, тыңдаушы мұғалімді көре алмайды

6-қадам: дыбысты қасықпен қанша рет шығару керек екендігін мұғалім саусағымен көрсету арқылы көрсете алады

7-қадам: Әр әрекеттің арасына 30 секунд уақыт беріңіз

8-қадам: Дыбыс шыққаннан кейін тыңдаушы шудың санын көрсетіп, шу көзін анықтауы керек. (Тыңдаушы көзін жұмбай тұрып тұрып, оқушылардың орналасқан жерін анықтап алуы керек)

9-қадам: әр бағытта 20 рет орындаңыз

10-қадам: жазба жазып отырған оқушы деректерді тыңдаушыдан алып, келесі кестеге жазуы керек

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

35-40 минут

Үй жұмысы:

Интернетте зерттеңіз: үкінің есту мүшесі; жарқанаттың құлағы. Олардың есту қабілетінің адамның есту қабілетінен қандай айырмашылығы бар? Олар естігендерін қандай ерекше жолмен пайдаланады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Білімдерін анықтау кезеңінде «Блум Түймедағы» әдісін қолдану арқылы дифференциация жүзеге асырылып, оқушыларға деңгейлік сұрақтар қойылады.

Осы кезеңде ақпаратты қабылдау ерекшелігіне сүйене отырырып оқушылардың жақыннан даму аймағы анықталады. Алған білімдерін тексеру кезеңінде деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.

Білімдерін анықтау кезеңінде «Блум Түймедағы» әдісін қолданады, ал оқушылар сыныптастар жауабын, мұғалімнің нұсқаулық карточкасына сүйене отырып бағалайды. ЖАДАны анықтау барысында «Дене модельері» әдісін қолданады. Тақырыпты ұғыну кезеңінде оқушылар визуалды ақпаратты негізге ала отырып кесте толтырады және бірін бірі критерийлермен бағалайды. Сабақты бекіту «Сұрақ-жауап» жаттығуы арқылы жүзеге асады, ал суретті тексеру жұмыстары кітаптағы оқу ақпаратына қарап өзін өзі бағалау арқылы жүреді.

Сыныпта орыннан жылжу кезінде ТҚ ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу