Электромагниттік және дыбыстық толқындардың адам ағзасына әсері. Биология, 11 сынып, презентация.
Электромагниттік және дыбыстық толқындардың адам ағзасына әсері
Оқу мақсаты
11.4.4.1 электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіріңіз
Сабақ мақсаттары
адамның есту аппараты арқылы өтетін дыбыс толқындарын сипаттау;
электромагниттік дыбыстардың адам ағзасына әсерін түсіндіру.
БББ әдісі
Тапсырма A: Құлақтың құрлысы мен қызметі
Бос ұяшықтарға құлақ бөліктерінің атауын жазыңыз.
Тапсырма B: Құлақ қалай жұмыс істейді?
Бейнематериалды тамашалаңыз: Құлақ жұмыс жасау механизміне назар аударыңыз
http://www.youtube.com/watch?v=skXQ6PuIc4s&NR=1
Құлақтың құрлысы мен қызметі
I. Сыртқы құлақ
Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады.
Құлақ қалқаны дыбыс тербелістерін қабылдайды да оны дабыл жарғағына жібереді
Сыртқы есту жолы иірім жасай орналасқан шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Оның шеміршекті бөлігінде май бездері мен сарғыш түсті секрет – құлық көп бөлінеді. Ал сыртқы есту жолындағы түктер қорғаныш қызметін атқарады: шаң, тозаңды, ұсақ жәндіктерді, микробтарды тұтып қалады.
II. Ортаңғы құлақ
Ортаңғы құлақ бір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы, есту түтікшесі мен емізік тәрізді өсіндіден тұрады.
Есту түтікшесі тамақтың, мұрын-жұтқыншақ бөлігін дабыл қуысымен байланыстырып тұрады,
Дабыл қуысында дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке жеткізетін балғашық, төсше және үзеңгі деп аталатын үш кішкене сүйекше бар. Сүйекшелер тізбегі дыбысты лабиринттің сопақша терезесіне жібереді.
Ортаңғы құлақтың бұлшық еттері дабыл жарғағы мен дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау, ішкі құлақты тыс дыбыстық шамадан тітіркендірулерден қорғау; дыбыс өткізгіш аппараты толқынындағы дыбыстарға бейімдеу қызметтерін атқарады
III. Ішкі құлақ
Дыбыс дірілі перилимфадан эндолимфаға, ал ол арқылы ұлуға беріледі. Есту жүйкесінің шеті орналасқан ұлудан дыбысты қабылдайтын жүйке клеткалары бар есту жүйкесі шығады. Дыбыс өткізгіш аппаратына құлақтың сыртқы, ортаңғы, ішкі бөліктері мен перилимфа, эндолимфа, геликотрема жатса, дыбыс қабылдағыш аппаратына кортий мүшесінің сезімтал клеткалары, ұлудың сүйекті бөлігіндегі спиральді түйін, есту жүйкесінің өткізгіш жолдары мен ядролары, ми қыртысының самай бөлігіндегі оң және сол жақтағы (ми орталығы) орталықтары жатады.
Тепе теңдік сақтау мүшесі лабиринт.
Ішкі құлақ – “лабиринт” деп аталады. Ол шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Сүйекті лабиринт: кіре беріс, жартылай үш иірім өзектерден тұрады. Шеміршекті бөлігі сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Оның іші мөлдір сұйық эндолимфамен, ал осы екі лабиринттің арасы перилимфамен толған.
Макула
Дөңгелек қапшық
Сопақша қапшық
Са кристалдарының болуына байланысты отолитті мембрана деп аталады.
Ампула
Дыбыс құлақ арқылы қалай өтеді.
Сыртқы құлақ: Акустикалық энергия, дыбыс толқындары түрінде, құлақ қалқаны арқылы жинақталып, сыртқы есту жолы арқылы өтеді. Дыбыс толқындары дабыл жарғағына соғылып, дабыл жарған тербелтеді.
Ортаңғы құлақ: Ол акустикалық энергияны механикалық түрге айналдыра отырып, үш сүйекті (балғашық, төс, үзеңгі) қозғалысқа әкеледі. Ортаңғы құлақтың бұл сүйектері дыбысты механикалық күшейтеді және импеданстың сәйкессіздігін өтейді.
Ішкі құлақ және Орталық есту жүйке жүйесі: ұзеңгі ұлудың сопақ терезесінен кіріп, шыққан кезде, ол ағым қозғалысын, гидродинамикалық энергияны жасайды. Ол кірпікшелі жасушаларына қатысты кортий мүшесі жабын мембранасының жылжуын тудырады. Бұл миға есту жүйкесі арқылы берілетін электрохимиялық сигнал жасайды.
Электромагниттік толқындар
Ортасыз көлденең толқындар!
(Олар бос кеңістік арқылы саяхат жасай алады)
Толқын ұзындығы (Жиілігі)
Сөздік
1. Құлақ қалқаны – дыбыс толқындарын жинайтын құлақтың сыртқы бөлігі.
2. сыртқы есту жолы – дыбыс толқынын дабыл жарғағына бағыттайтын арна.
3. Дабыл жарғағы – мембрана, ол дыбыс толқындарын балғашыққа жібереді.
4. Балғашық – 3 сүйекшенің біріншісі. Ол дыбысты жалғастыру үшін соғылып, тербеледі.
5. Төс – балғашықтан соққы алып, үзеңгіге жібереді
6. Үзеңгі – сопақша терезеге қарсы тербеледі
7. Ұлулар – спираль, толық сенсорлық "волосков", олар иілу кезінде есту нервіне электр сигнал жібереді.
8. Есту жүйкесі – барлық дыбыстық сигналдарды миға апарады .
9. Жартылай иірім өзекшелер– қоймалжың материалмен толтырылған. Денеңіздің қандай жағдайда тұрғанын көрсетеді, яғни оң жақпен, сол жақпен немесе баспен тұрғаныңызды сезеді. (Тепе-теңдік)
БББ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?