Зертханалық жұмыс. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Демонстрация және қауіпсіздік ережелері

Сіз әрдайым қауіпсіздікті сақтаңыз. Зертхананы қауіпсіз жұмыс істей алатын орынға айналдыру сіздің міндетіңіз. Сіз оқушыларға зертханалық жұмыстың кез-келген ықтимал қауіптері туралы алдын ала ескертіп, оған жол бермеуіңіз керек және қандай қауіпсіз тәжірибелер қажет екенін түсіндіріп беруіңіз керек. Сіз оқушылардың іс-әрекетін мұқият қадағалап отырасыз, және оқушылар қауіпсіз жағдайда жұмыс жасаулары керек.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы бойынша ұсыныстар

Зертханалық жұмыс барысында студенттердің зерттеу дағдыларын бағалауға болады. Оларға міндеттер жүктеңіз: проблемаларды анықтау; болжау; тәжірибе жүргізу арқылы болжамды тексеру, мәліметтерді жинақтау, жазу және талдау, қорытынды жасау, қателіктерді анықтау және айғақтарға негізделген коммуникациялық нәтижелерді жақсарту бойынша ұсыныстар жасау, манипуляциялық дағдыларды жетілдіреді.

Қауіпсіздік бойынша кеңес: қатерді толық бағалау қажет; егер оқушылар өз бетінше бағалау жасаса, жақсы болады.

Оқушылардан іс-әрекеттерін кезең-кезеңімен сипаттап, нәтижелер мен қорытындылар, сонымен қатар шектеулер туралы жазуларыны сұраңыз. Саралау: сараланған бағалау үшін төмендегі кестені қолдануға болады

Дағдылар

Жақсарту

Жоспарлау

Сұрақтарға жауап беру

Миға шабуыл

Нақты тәжірибені қолданыңыз

Кейбір ғылыми терминдерді қолданыңыз.

Сұрақ қою

Қауіпті анықтаңыз.

Болжам жасау

Идеяны зерттелетін сұрақтарға айналдырыңыз.

Айнымалыларды ұсыныңыз.

Ақпарат алу үшін әртүрлі дереккөздерді пайдаланыңыз.

Ғылыми терминдерді үнемі қолданыңыз.

Зерттеу жұмысының шектеулерін қарастырыңыз.

Зерттеу жұмысының егжей-тегжейлі(яғни толық) жоспарын жасаңыз

Дәлелдемелер алу

Жабдықты қолданыңыз

Күнделікті терминдерді қолданыңыз

Жабдықты қауіпсіз қолданыңыз

Әділ тестілеуге тырысыңыз

Қарапайым өлшеулер мен бақылаулар жасаңыз

Айнымалыларды анықтаңыз

Тұрақты айнымалыларды тұрақты ұстаңыз

Дәл өлшеу жүргізіңіз

Әділ тестілеуді қолданыңыз

Өлшеулердің санын шешіңіз

Жабдықты тиісті түрде қолданыңыз

Дәлелді талдау

Күнделікті жағдайда сурет салу / талқылау

Мұғалім ұсынған кестені пайдаланып қорытынды жазу

Нәтижелерді салыстырыңыз

Мұғалім ұсынған кестелерге өз бетінше жазып алыңыз

Нәтижелерді көрсетудің әртүрлі тәсілдерін қолданыңыз

Нәтижелер туралы мәлімдеме жасаңыз

Нәтижелерді нақты көрсетіңіз

Нәтижелерді нақты түсіндіріңіз

Дәлелдемелерді бағалау

Нәтижелері туралы түсініктеме беріңіз

Зерттеуді қалай жақсартуға болатыны туралы кеңес беріңіз

Әділ сынақтарды мойындаңыз

Кейбір ғылыми терминдерді қолданыңыз...

Бақылауды сипаттаңыз

Нәтижелерден қорытынды жасаңыз

Әрі қарай зерттеу жұмысын жүргізудің жолын ұсыныңыз

Зерттеу жұмысын жақсарту немесе қосымша зерттеу жүргізу себептерін ұсыныңыз. Нәтижелерді сәйкесінше бағалаңыз

ЖОСПАРЛАР МЕН ЖОРАМАЛДАР

Оқушыларға негізгі ақпарат бергеннен кейін болжау жасау үшін өздерінің білімдері мен тәжірибелерін қосуға шақырыңыз. Оқушылар өз топтарында болған кезде, дыбыс қай жақтан шыққан кезде оқушыларға жақсы естілетінін олардың алдын ала болжауын сұраңыз. Дыбыстың қайдан шыққанын анықтау үшін біз тек құлағымызды ғана пайдаланамыз ба және сенсорлық ақпаратты алу үшін денемізді қалай бағыттаймыз деп сұраңыз.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ

1. Қауіпсіздік техникасы ережелерін енгізіңіз: сабаққа дайындық пен сабақ өткізуге арналған зертханалық қауіпсіздік бойынша барлық стандартты нұсқауларды орындаңыз; мысалы, микробтардың таралуын болдырмас үшін сақтық шараларын қабылдаңыз; қолды жуу; жабдықты дұрыс қолданыңыз.

2. Топта болатын оқушылар санын анықтаңыз: әр топқа бір Тыңдаушы (көзін жұмып отырады) және сегіз дыбыс шығарушы оқушы қажет. Сондай-ақ, әр топқа бақылаушы-деректер тіркеуші қажет болады. Нәтижелерді топтар арасында сандық жағынан салыстыру үшін сыныпты тең топтарға бөліңіз. Егер сандар біркелкі шықпаса, бақылаушы-деректер тіркеуші барлық топтарға бір адам бола алады, ал қосымша адамдар кезекті Тыңдаушы бола алады. Есептеулер үшін, жеткілікті мәліметтер алу үшін әр топтағы тыңдаушылар ретінде кемінде үш адамды тексеруге тырысыңыз.

3. Оқушыларға тәжірибе қадамдарын түсіндіріңіз. Олар Оқушыға нұсқаулық парағында, Жұмыс барысы бөлімінде берілген.

4. Деректерді жазу парағын Бақылаушы оқушыға таратыңыз.

5. Оқушыларға зертхананы аяқтаған кейін өзінің жұмыс орнын жинастыру қажет екендігін ескерту керек.

ТЫНДАУШЫ МЕН ДЫБЫС ШЫҒАРУШЫЛАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ

МӘЛІМЕТТЕР ЖИНАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

 Тәжірибенің бірінші бөлімінде Тыңдаушылар басын, денесін қозғамай отыру керектігін және деректерді жазып отырушы - Бақылаушы өз «бақылау парағында» кестеге жауаптарды қалай жазу керектігін түсінетіндіктеріне көз жеткізу үшін топтар арасында ақпарат таратыңыз.

 Әр Noisemaker (дыбысты шығарушы) бір оқшау дыбысты ғана емес, бірнеше рет шертулер немесе дыбыстар шығаруы керек. Шамамен бес секундта он рет жақсы жұмыс істеуі керек. Оқушылар тәжірибенің келесі бөлігін орындаған кезде және Тыңдаушыға басын жылжытуға рұқсат етілгенде бұл өте маңызды болады: көзін жұмған Тыңдаушы дыбыс көзін тек басын бұру арқылы таба алады, сондықтан бір құлағы дыбысқа бағытталады. Осылайша, тыңдаушы басын дыбысқа қарай дұрыс өзгерткенге дейін дыбыс қайталануы керек.

 Тәжірибеден кейін әр топтың оқушылары Бақылаушы жазған жауаптарға қарап, барлық тыңдаушылар үшін дұрыс және дұрыс емес жауаптардың санын анықтай алады. Содан кейін олар әр позициядағы дұрыс және дұрыс емес жауаптардың пайызын есептей алады. Деректермен жұмыс жасау үшін топтарды «басын бұрмайтын және бұрған» деп бөлуге болады.

 Әр топтан Бақылаушы (деректерді жазып алушылар) өз нәтижелерін тақтаға дайындалған диаграммаға жазсын. Одан кейін оқушылар «басын қозғалтпай отырған жағдайдағы» дұрыс және дұрыс емес жауаптардың орташа баллын есептеп пайызбен алады. Неліктен орта есеппен есептеу жақсы идея болатынын немесе болмайтынын оқушылардан сұраңыз және басқалардан мүлдем өзгеше мәліметтер болған жағдайда қалай талдауға немесе есептеуге болатынын оқушылардан сұраңыз.

 Оқушылар тәжірибе барысында өздеріне қызықты болған немесе таңдандырған барлық нәрсені жазып алуы керек.

Оқушылардан нәтижелерді біріктіріп және мәліметтердің дұрыстығын дәлелдейтін есеп жазуын сұраңыз. Қорытындылай келе, оқушылар нәтижелерге түсінік беруі керек. Материалды дұрыс игергендіктеріне назар аударыңыз, осылайша нәтижелерді жазып, кестелер уақытымен толтырылғанына және нәтижелердің түсіндірілгеніне көз жеткізіңіз.

Оқушыларға арналған сұрақтар және жауаптар

Дыбыс көзінің орналасқан жерін айтудың себебі неде? (Дыбыс жақынырақ құлаққа тезірек жетеді - секундтың мыңнан бірінен азы!)

  • Дыбыс көзін таба білу неге маңызды? (Қауіптің көзін табу, мысалы, келе жатқан машиналар; жоғалған жануарды табу; жәндіктердің қайда екенін анықтау; оқушылардан басқа да мысалдар келтіруін сұрау.)Дыбыс көзін таба білу неге маңызды?
  • Сіз бақылау кезінде байқаған кемшіліктерді немесе айырмашылықтарды түсіндіре аласыз ба? (құлаққаптар кейбір тыңдаушыларға тиімді болмауы мүмкін; мүмкін кейбір тыңдаушылар тәжірибе барысында басын қозғаған болар; сонымен қатар дыбыстарды табу үшін дыбыс қарқындылығындағы айырмашылықтарды ескереміз- кейбір дыбыстар басқаларға қарағанда қатты болған болуы мүмкін)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу