Зертханалық жұмыс. Биология, 11 сынып, презентация.


Зертханалық жұмыс

«Зерттеп көру».

Зеттеу жұмысының сұрақтағы:

Көзі жұмып отырған тыңдаушының айналасында адамдар шу шығарса, тыңдаушы, әр дыбыс көзі қайдан шыққанын қаншалықты дәл көрсете алады егер басын немесе денесін бұрмай отырса? басын немесе денесін бұрған жағдайда ше?

 

 

Басқа дайындықтар.

Топта болатын оқушылар санын анықтаңыз: әр топқа бір Тыңдаушы (көзін жұмып отырады) және сегіз дыбыс шығарушы оқушы қажет. Сондай-ақ, әр топқа бақылаушы-деректер тіркеуші қажет болады. Нәтижелерді топтар арасында сандық жағынан салыстыру үшін сыныпты тең топтарға бөліңіз. Егер сандар біркелкі шықпаса, бақылаушы-деректер тіркеуші барлық топтарға бір адам бола алады, ал қосымша адамдар кезекті Тыңдаушы бола алады. Есептеулер үшін, жеткілікті мәліметтер алу үшін әр топтағы тыңдаушылар ретінде кемінде үш адамды тексеруге тырысыңыз.

 

Мүмкіндігі шектеулі оқушылар үшін іс-шаралардың шартын өзгерту:

 

ü Есту қабілеті нашар оқушылар (егер тыңдаушы дыбыс көзін нақты көрсетіп отыратын болса), деректерді жазушы ретінде әрекет ете алады. Олар сондай-ақ ұпай санайтын ойыншы бола алады.

ü Соқыр немесе көру қабілеті нашар оқушылар (тек осы рөл өздеріне ыңғайлы болса) тыңдаушы ретінде қатыса алады. Басқа тыңдаушылар сияқты олардың да көздерін жұматындығына (жарық өткізбейтін матамен байлайтындығына) көз жеткізіңіз. Кейбір көру қабілеті нашар адамдар үшін Тыңдаушының айналасында шу жасаушылардың қарапайым үлгісін жасай алады (мысалы, блоктарды пайдалану).

 

Жұмыс барысы

 

1-қадам: Тыңдаушының көзін матамен жабыңыз

2-қадам: тыңдаушыны 8 оқушы (дыбыс шығарушылар) айнала қоршап отырады. (суретті қараңыз). Әр оқушының нөмірі болуы керек

3-қадам: Дыбыс шығарушы әр адамда екі үлкен қасық болуы керек

4-қадам: Бір оқушы тыңдаушының бақылау жазбаларын жазып отырады.

5-қадам: Мұғалім аудиторияның артында отырады, тыңдаушы мұғалімді көре алмайды

6-қадам: дыбысты қасықпен қанша рет шығару керек екендігін мұғалім саусағымен көрсету арқылы көрсете алады

7-қадам: Әр әрекеттің арасына 30 секунд уақыт беріңіз

8-қадам: Дыбыс шыққаннан кейін тыңдаушы шудың санын көрсетіп, шу көзін анықтауы керек. (Тыңдаушы көзін жұмбай тұрып тұрып, оқушылардың орналасқан жерін анықтап алуы керек)

9-қадам: әр бағытта 20 рет орындаңыз

10-қадам: жазба жазып отырған оқушы деректерді тыңдаушыдан алып, келесі кестеге жазуы керек

Әр нөмірленген бағанда дұрыс жауап үшін плюс + және қате жауап үшін минус - қосыңыз. Әр нөмірленген жол - әр дыбыс шығарушының бір раунды

Әр нөмірленген бағанда дұрыс жауап үшін плюс + және қате жауап үшін минус - қосыңыз. Әр нөмірленген жол - әр дыбыс шығарушының бір раунды

Дыбыс көзін басқаларға қарағанда көбірек жіберіп алған дыбыс шығарғыш позициялары болды ма? ………………………………………………………………………………………………………………· Дыбыс көзінің орналасқан жерін айтудың себебі неде? (Дыбыс жақынырақ құлаққа тезірек жетеді - секундтың мыңнан бірінен аз уақытта!) ………………………………………………………………………………………………………………· Дыбыс көзін таба білу неге маңызды? (Қауіптің көзін табу, мысалы, келе жатқан машиналар; жоғалған жануарды табу; жәндіктердің қайда екенін анықтау; оқушылардан басқа да мысалдар келтіруін сұрау.)

· Сіздің нәтижелеріңізді басқа топтардың нәтижелерімен қалай салыстыруға болады?

……………………………………………………………………………………………………………

· Сіз бақылау кезінде байқаған кемшіліктерді немесе айырмашылықтарды түсіндіре аласыз ба? (құлаққаптар кейбір тыңдаушыларда тиімді болмауы мүмкін; мүмкін кейбір тыңдаушылар тәжірибе барысында басын қозғаған болар; сонымен қатар дыбыстарды табу үшін дыбыс қарқындылығындағы айырмашылықтарды ескереміз- кейбір дыбыстар басқаларға қарағанда қатты болған болуы мүмкін) ………………………………………………………………………………………………………………

· Есту қабілеті туралы ақпарат құлақтан миға қалай жетеді? (Сурет мұғалімнің ресурстарына енгізілген – оқушылар осыған негізделген қарапайым диаграмма жасай алады.) ……………………………………………………………………………………………………

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу