Зертханалық жұмыс. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биомедицина және биоинформатика | Мектеп: ФМБ | ||||||
Күні: | Мұғалім:. | ||||||
Сынып: 11 (Жаратылыстану-математика бағытында) | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Зертханалық жұмыс | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.4.1 электромагниттік және дыбыстық толқындардың адам ағзасына әсерін түсіндіру | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: құлақтың әртүрлі бөліктерін белгілеп, әр бөліктің қызметін сипаттайды; Құлақ қалай жұмыс істейтіндігін сипаттайды. Лексика және терминология, пәндік терминдер: есту, сыртқы, орта, ішкі құлақ, құрылым, есту жүйкесі, есту жолы, ұлулы дене, құлақ сүйекшелері, құлақ қалқаны, жинау, дыбыс, қоршаған орта, бөлек, діріл, хабарлама, үлкейту, беру, анықтау, бағыттау, ретінде түсіндіру Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Электромагниттік толқындардың ұзақ мерзімді әсер етуі .......... себеп болуы мүмкін. Ультрадыбыс …………………… диагноз қою үшін қолданылады. Акустикалық ластану ………. антигенге әсер етуі мүмкін. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Академиялық адалдық, ынтымақтастық мәдениеті, өмір бойы білім алу, өзін-өзі тану | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Ағылшын тілі: ғылыми терминдерді қолдану. Электромагниттік, дыбыстық, жарық толқындары сияқты толқындардың түрлері туралы физикадан алынған білімі | ||||||
Бастапқы білім | Биотехнология: 10 сынып Жүйке жүйесі: 7-10 сыныптар | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ақпарат көзі | |||||
Сабақтың басы 0-2 3-5 |
Оқу мақсаты және сабақ мақсаттарымен таныстыру. Аудиторияны демонстрациялық экспериментпен таныстыру Зертханалық жұмыс күні оқушылар сыныпқа кіргенде, сіз экспериментпен таныстыра аласыз: Оқушылар орындарына отырып жатқан кезде бөлмеде ерекше дыбыс шығады. Бұл магнитофон болуы мүмкін, ол адамның дауысын немесе жануарлардың дыбыстарын ойнай бастайды; кішкентай желдеткіш іске қосылғанда жел соғыла бастайды; немесе қарындаштар салынған қорап еденге құлап кеткен дыбыс. Дыбыс пайда болып, оқушылар реакция жасағаннан кейін не болғанын сұраңыз. Оқиға жайлы оларды не ескертті деп сұраңыз? --- (дыбыс) --- және олар оны естігенде не істеді? --- (бұрылды, дыбыс көзі шыққан жаққа қарай). Есту қабілетінің маңыздылығын оқушылармен бірге талқылаңыз, бізді қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар туралы ескерту үшін есту мүшесі маңызды және ол шудың көздерін анықтау үшін көзбен бірге үйлесіп жұмыс істейтінін айтыңыз. | Power Point презентациясы, слайдтар | |||||
Сабақтың ортасы 6-15 | Қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп, оқушылармен бірге қайта қарау. Зерттеу жұмысының мақсатын қойыңыз Оқушылардан гипотезаны айтуын сұраңыз Оқушылар зерттеу жұмысын бастай алады Біздің есту қабілетіміз туралы сабақтың барысымен оқушыларды оқытушы тәжірибеңізге сәйкес таныстырыңыз, мысалы, зертханалық жұмыс алдында бірінші оқу керек, тыңдау керек және талқылау керек. Есту жүйесінің анатомиясы мен физиологиясын қамтудан басқа, сіз қосымша ұғымдарды қосуыңызға болады: бинауральды есту (екі құлағымен есту), жиілігі мен қарқындылығы, децибель деңгейі. Оқушыларды қызықтыратын басқа да тақырыптарға назар аударуға болады: жануарлардың есту қабілеттері, құлақты қатты дыбыстан қорғау саңырау түрлері, сөйлеу мен есту қабілеттілігінің байланысы және басқа тақырыптар. Нұсқаулықтан кейін оқушыларға сабаққа арналған материалдар бар кестені ашуға рұқсат етіңіз Тәжірибе Немен жұмыс істейтіндерін анықтау үшін оқушыларға бес-он минутқа беріңіз, олар отырғанда, осы материалдармен есту қабілеті туралы не түсінгендігін сұраңыз. Зерттеу жұмысының сұрағы: Көзі жұмып отырған тыңдаушының айналасында адамдар шу шығарса, тыңдаушы, әр дыбыс көзі қайдан шыққанын қаншалықты дәл көрсете алады егер басын немесе денесін бұрмай отырса? басын немесе денесін бұрған жағдайда ше? ЖОСПАРЛАР МЕН ЖОРАМАЛДАР Оқушыларға негізгі ақпарат бергеннен кейін болжау жасау үшін өздерінің білімдері мен тәжірибелерін қосуға шақырыңыз. Оқушылар өз топтарында болған кезде, дыбыс қай жақтан шыққан кезде оқушыларға жақсы естілетінін олардың алдын ала болжауын сұраңыз. Дыбыстың қайдан шыққанын анықтау үшін біз тек құлағымызды ғана пайдаланамыз ба және сенсорлық ақпаратты алу үшін денемізді қалай бағыттаймыз деп сұраңыз. Жұмыс барысы. 1-қадам: Тыңдаушының көзін матамен жабыңыз 2-қадам: тыңдаушыны 8 оқушы (дыбыс шығарушылар) айнала қоршап отырады. (суретті қараңыз). Әр оқушының нөмірі болуы керек 3-қадам: Дыбыс шығарушы әр адамда екі үлкен қасық болуы керек 4-қадам: Бір оқушы тыңдаушының бақылау жазбаларын жазып отырады. 5-қадам: Мұғалім аудиторияның артында отырады, тыңдаушы мұғалімді көре алмайды 6-қадам: дыбысты қасықпен қанша рет шығару керек екендігін мұғалім саусағымен көрсету арқылы көрсете алады 7-қадам: Әр әрекеттің арасына 30 секунд уақыт беріңіз 8-қадам: Дыбыс шыққаннан кейін тыңдаушы шудың санын көрсетіп, шу көзін анықтауы керек. (Тыңдаушы көзін жұмбай тұрып тұрып, оқушылардың орналасқан жерін анықтап алуы керек) 9-қадам: әр бағытта 20 рет орындаңыз 10-қадам: жазба жазып отырған оқушы деректерді тыңдаушыдан алып, келесі кестеге жазуы керек | Қосымша 1 Қосымша 2
| |||||
Сабақтың соңы 39-40 | Үй жұмысы: Интернетте зерттеңіз: үкінің есту мүшесі; жарқанаттың құлағы. Олардың есту қабілетінің адамның есту қабілетінен қандай айырмашылығы бар? Олар естігендерін қандай ерекше жолмен пайдаланады? | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Дифференциация тапсырма бойынша, нәтиже бойынша, жеке қолдау арқылы, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып оқу материалдары мен ресурстарын таңдау арқылы болуы мүмкін (Гарднердің бірнеше интеллект теориясы). Неғұрлым қабілетті оқушылар қосымша жұмысты өткен емтихан жұмыстарынан немесе оқулықтардан алады. | Сабақ барысында қолданылатын ақпараттың парақшалар | Денсаулыққа ықпал ететін әдістер Үзіліс және физикалық жаттығулар. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелері. АКТ: ойын ойнау үшін Интернетті пайдалану (ресурстардағы Нобель сыйлығы) | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?