Зертханалық жұмыс " Грам оң және грамм теріс бактерияларды бояу". Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Зертханалық жұмыс

Грам оң және грам теріс бактерияларды зерттеу

Мақсаты:

  • Грам бойынша боялу әдістерін зерттеу
  • Бактерияларды грам-теріс және грам-оңға жіктеу

Құрал-жабдықтар:

  • Микроскоп /иммерсионды объектив/
  • Кристалды күлгін /0,5% сулы ерітінді/
  • Спирт 90%
  • Сафранин /0,5% сулы ерітінді/
  • Люголь ерітіндісі
  • Микробиологиялық ілмек
  • Бунзен жанарғысы
  • Заттық шыны
  • Пинцет
  • Бояуға арналған штатив
  • Сүзгі қағаз
  • Дистилденген су
  • Иммерсионды май
  • Тамызғы

Жұмыс барысы

1.Заттық шыныда бактерия жақпаларын дайындауТазартылған заттық шыныға 1 тамшы дистилденген су тамызу. Микробиологиялық ілмекті бунзен жанарғысы жалынына қыздыру. Сол қолмен бактерия өсіндісі бар пробирканы алу, оң қолмен микробиологиялық ілмекті ұстау. Пробирканың тығынын алу. Тығын алынған соң пробирканың аузын қыздыру. Қызған микробиологиялық ілмекті пробирка ішіне енгізіп, қабырғасына тигізе отырып, суытып, өсінді биомассасынан аздап алып, пробирканың аузын жабу. Заттық шынының бетіне диаметрін 1 сантиметр етіп, біркелкі жұқалап жаю. Жағындыны даярлап болған соң ілмекті шамның жалынында күйдіріп, залалсыздандыру.

2. Бактерияларды бекіту Негізгі мақсаты:

а) Бактерияны өлтіру және одан әрі жұмыс істегенде оның адамға қауіпсіз болуын көздеу.

в) Бактерияның бояуды қабылдағыштығын арттыру. Өлі бактерия жасушасы тірілеріне қарағанда бояуды жақсы қабылдайды.

Термикалық жолмен өңдеу.

Бетінде жағындысы бар заттық шыныны шамның жалынында кем дегенде үш-алты рет шарпып алады. Олардың арасы кем дегенде 5-6 секунд болу керек.

3. Бактериялар боялуы

Жағындыға күлгінді тамызу. Тамызылған бояу жағындыны түгел жауып тұруы қажет. 2 минут ұстау.

4. Бояғышты Люголь ерітіндісімен шаю

Заттық шыныға люголь ерітіндісін құю және 2 минутқа қалдыру. 30 секундқа 90% спиртті тамызу. Спиртті дистилденген сумен шаю.

5. Шыныға сафранин құю

Заттық шыныға сафранинді құю және 1 минут ұстау. Бояғышты сумен шаю. Заттық шыныдағы артық суды сүзгі қағазбен сору және толық кептіру.

6. Микроскоп астында бақылау

Жағындыға 1 тамшы иммерсионды май тамызу және микроскопта қарау.

Талдау және өңдеу.

А және В суретінде грам-оң және грам-теріс бактериялардың жасуша қабықшасы көрсетілген. Құрылымдық бірліктерін анықтап салыстыру.

Қорытынды сұрақтар

  • Бактерияларды Грам әдісі бойынша бояудың мәні
  • Грам-оң бактериялар қандай түске боялды? Себебін түсіндіру
  • Грам-теріс бактериялар қандай түске боялды? Себебін түсіндіру


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу