Грам оң және грамм теріс бактериялар. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.3В Биотехнология

Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Грам оң және грамм теріс бактериялар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Грамм -оң және грамм -теріс бактерияларды зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар бактерия түрлерін біледі

Көпшілік оқушылар грамм -оң және грамм -теріс бактерияларын сипаттай алады

 Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.

  • Оқушы бактерияның сыртқы қабырғаларындағы айырмашылықты біледі.
  • Бактериялардың қабырғасындағы химиялық заттардың ерекшелігіне байланысты әр түрлі түске боялатынын біледі.
  • Берілген тізімнен «оң» және «теріс»бактериялардың өкілдерін ажыратып жазады.
  • Бактериялардың қандай топтарының антибиотикке төзімділігі мен себебін анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Кесек сабын, қоректік орта, пептон, агардағы саңырауқұлақтар, бактериялар, антибактериялық, «эксперименттік қол», асептикалық әдіс, микроағзалар, ауруханалар, альтернативалар

Бұл … себепті мүмкін.

Бұл … себепті болуы мүмкін

Бұл … себепті бұрын болуы мүмкін

Жоғарыдағы сөйлемдер анықтық тәртібі ретімен, анық еместен анағұрлым аныққа дейін орналасқан. Алайда, олар бір-бірін жиі алмастырады алады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ғаламдық азамат қалыптастыру
  • Ынтымақтастық
  • Өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыстар

Микробиология, биотехнология

 АКТ қолдану дағдылары

Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялау

Microsoft PowerPoint

Бастапқы білім

Оқушыларға осы тарауды игеруге қажетті білім, дағды немесе тәжірибе.

Микроағзалар бойынша практикалық және теориялық жұмыс осы тарауды түгел игергенде көмек болады.

Пайдалы алдыңғы тараулар:

Микробиология және биотехнология: 7, 8, 9, 11.

Тірі организмдердің әртүрлілігі: 6, 7, 11.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5

5-15

«Миға шабуыл» әдісі арқылы тақтадан түрлі бактериялардың суреттері көрсетіледі

Тақырыпты және оқу мақсатын ашу үшін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қояды.

  • Неге кейбір бактериялар антибиотиктерге төзімді, ал кейбіреулері антибиотиктердің бір түріне сезімтал болып келеді?
  • Неге кейбір бактериялардың түрлерін жарық микроскобы арқылы көру қиын?
  • Бұл олардың пішіні мен мөлшеріне байланысты бола алама?

Оқушылардың пікірлері жинақталғаннан кейін тақырып бойынша түсінік беріледі.

Микроб клеткасын бояуды ең алғаш 1884 жылы ұсынған дат ғалымы Грам . Ол микроп клеткасының қабықшасында бояуды сіңіріп ұстап тұратын заттардың болатындығын анықтаған. Сондықтан боялатын микроорганизмдерді Грам оң, боялмайтындарын Грам теріс деп атаған .

Грам әдісі (бояу тәсілі )

Кептірілген және май шам жалынында фиксирленген микроорганизмдер препаратын күлгін генциан феголының ерітіндісінде 1минут бойы бояйды. Бояуды құйып алып , препаратты сумен жумастан , оған люголия ерітіндісін қосып 1 минут (мазок толық қарайғанша ) ұстап тұрады . Препаратты (сумен жумастан ) 96 спиртте 15-20 секунт , шайқап тұрып өңдейді . Түсін өзгерту уақыты өте маңызды , белгілі мерзімнен артып кетсе грам оңның өзі ағкарып кетеді , ал препаратты өңдеу уақыты жетпей қалса қатты боялып кетеді .Препаратты сумен жуып, гоны Пфейфера фуксинімен бояйды . Грам оң микроорганизмдер қара –күлгін түске боялады , Грам теріс боялмайды.

Антибиотиктерге таңдау:

https://meduniver.com/Medical/Microbiology/vibor_

antibiotika.html

Грам оң және грам теріс бактерияларының жасуша қабырғасының құрылысы (ағылш.):

https://www.youtube.com/watch?v=ysWZGLkJJ_M (1.25 минутқа дейін көрсету)

Грам бойынша бояу техникасының пайдалы жаднамасы:

http://www.tes.co.uk/teaching-resource/the-gram-stain-6212510/

Сабақтың ортасы

15-35

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Бірінші топ-грам оң бактериялар

Екінші топ-грам теріс бактериялар

Оқушылар шағын таныстырылымдар жасайды

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында оқушыларға мәтінмен жұмыс беріледі. Мәтіндер сынып бөлмелерінде жасырынып тұрады.Топ мүшелері қиынды қағаздарды суыру арқылы, өз міндеттерін анықтайды.Бір оқушы тапсырма жауабын іздеуші, екінші оқушы жинақтаушы, ал үшінші оқушы баяндаушы болады

Бағалау критерийлері:

  • грам оң және грам теріс бактерияларының құрылысындағы екі ұқсастықты анықтайды;
  • грам оң және грам теріс бактерияларының құрылысындағы екі айырмашылықты анықтайды
  • Таныстырылым нақты болуы қажет

Microsoft PowerPoint презентациясы

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=aJpZzF3h3kc

Сабақтың соңы

35-40 минут

VІІ. Бекіту: Сұрақ-жауап әдісі

  • Грам теріс жасуша қабырғасының сипаттамасы неде?
  • Грам оң және грам теріс жасуша қабырғалары арасында қандай ұқсастықтар бар?
  • Грам оң және грам теріс жасуша қабырғаларының арасындағы айырмашылық неде?

Стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Барлық оқушылар бактерия түрлерін біледі

Көпшілік оқушылар грамм -оң және грамм -теріс бактерияларын сипаттай алады

Кейбір оқушылар грамм -оң және грамм -теріс бактерияларының боялу себебін түсіндіре алады

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Жеке жұмысты бағалау

Оқушының жеке ойын жеткізе алуы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ұсынуын бағалау

Оқушының дербес жұмыс жасауы, көздеген нәтижеге қол жеткізуі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу