Жасушаның негізгі компоненттерін анықтау. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Сурет сызбасы

Құрылысы

Қызметі

Плазмалық мембрана

Үш қабатты құрылым («сандвич»)- екі қараның ортасында орналасқан бір ашық қабат

Жасуша мен орта арасындағы зат алмасуды реттейтін, таңдап өткізетін барьер

Ядролық саңылауларына енген, екі мембранадан тұратын қабық ішіндегі ең ірі органелла. Хроматиннен тұрады – осындай пішіндегі ширатылмаған хромосомалар интерфазада болады. Сонымен қатар ядрошық деп аталатын құрылымнан тұрады.

Хромосомалар – тұқымқуалаушылық заты ДНҚ тұрады. ДНҚ – жасуша белсенділігінің барлық түрлерін реттейтін гендерден тұрады. Ядроның бөлінуі жасушалардың көбеюі негізінде жатыр, яғни, қайта жаңғыру үдерісі

Түтіктер мен пластинкалар түріндегі – цистерн – жалпақ мембраналық қапшықтар жүйесі. Сыртқы мембаранасы ядролық қабықпен біртұтастылық түзеді.

Егер ЭТ рибосомалармен қапталған болса, онда оны түйіршікті (кедір-бұдыр) деп атайды. Мұндай ЭТ цистерналары арқылы рибосомаларда синтезделген нәруыздар тасымалданады. Түйіршіксіз (тегіс) ЭТ (рибосомасыз) липидтер мен стероидтар синтезделетін орын қызметін атқарады.

Үлкен және кіші – екі суббірліктен тұратын өте ұсақ органеллалар. Нәруыздан және РНҚ тұрады, мөлшері шамамен бірдей болады. Митохондрияларда (сонымен қатар, өсімдіктерде – хлоропластарында) болатын рибосомалар оданда ұсағырақ

Нәруыздың синтезделінетін орны. Рибосомалар ЭТ байланысқан немесе цитоплазмада еркін орналасады. Матрицалық РНҚ жалғыз жіпшесіне тізілген көп рибосомалар полисома (полирибосома) түзе алады.

Митохондриялар екі мембранадан тұратын қабықпен қоршалған; ішкі мембрана – қатпарлар (кристалар) түзеді. Құрамында аздаған мөлшерде рибосома, бір сақиналы ДНҚ молекуласы және фосфатты түйіршіктер болатын матрикстен тұрады.

Аэробты тыныс алу кезінде кристаларда тотыға фосфорлану және электрондарды тасымалдануы жүреді, ал матриксте Кребс цикліне қатысатын ферменттер жұмыс істейді.

 Гольджи аппараты бөліктері жалпақ пішінді іші қуыс, бірінін үстіне бірі қаланып орналасқан қапшықтардан, цистернадан тұрады.

Қаттаманың бір жақ ұшында қапшықтар үздіксіз түзіледі, ал екінші жақ ұшында – көпіршік түрінде босап шығады

Модификациялауға төзімді (процессинг) және әртүрлі жасуша жасушалық материалдар, мысалы ЭТ түсетін нәруыздар, тасымалданатын жүйе. Гольджи көпіршіктерінде материалдар жасушаның басқа бөліктеріне немесе секрециялану үшін плазмалық мембранаға тасымалданады. Гольджи аппаратында лизосомалар түзіледі

Қарапайым сфералық мембраналы қапшық (бір мембраналы), ас қорыту (гидролитикалық) ферменттермен толтырылған. Құрылымы гомогенді тәрізді.

Әрқашан қандай-да бір құрылым немесе молекулалардың ыдырауымен байланысты көптеген қызмет атқарады. Онда ескірген органеллалар бұзылады және фагоцитоз жолымен ұсталған бактериялар қорытылады.

Дұрыс емес сфералық формалы органелла, бір мембранамен қоршалған. Құрамы түйіршікті құрылымнан тұрады, бірақ кейде онда кристаллоид немесе жіпшелердің жиналуы болады

Барлық ұсақ денешіктер- сутегі пероксидін ыдырататын каталаза ферментінен тұрады. Олардың бәрі тотығу реакцияларымен байланысты. Өсімдіктердің ұсақ денешіктерінде глиоксилат циклі жүреді.

Жасушаны қаптап жататын жасуша қабырғасы қатты, целлюлозалы микрофибриллдерден құралып, матрикске батырылған. . Құрамына басқа да полисахаридтер кіреді. Кейбір жасушаларда жасуша қабырғасы екінші реттік жуандауға төзімді.

Пектинді (кальций және магний пектиті) заттарының жұқа қабаты

Жасуша қабырғасындағы жұқа саңылау арқылы көрші жасушалар цитоплазмасын байланыстыратын, жұқа цитоплазмалық жіпше

Механикалық тірек және қорғанышты қамтамасыз етеді. Соның арқасында қорғаныш қызметінің күшеюіне ықпал ететін тургор қысымы пайда болады. Жасушаның осмостық жарылуының алдын алады. Жасуша қабырғасымен су және минералды тұздар қозғалысы жүзеге асады. Түрлі модификациялы, мысалы лигнинді сіңіру, арнайы қызметтерді орындауын қамтамасыз етеді.

Көрші жасушаларды бір бірімен жалғастырады

Көрші жасушалардың протопласттарын бір үздіксіз жүйе –осы жасушалардың арасындағы заттар тасымалы жүзеге асатын симпласт біріктіреді.

Фотосинтез жүретін ірі хлорофилді пластид. Хлоропласт қос мембрана қабатымен қоршалған және қоймалжың стромамен толтырылған. Стромада қаттамаға жинақталған мембраналар жүйесі немесе граналар болады. Онда крахмал жинақтала алмайды. Оған қоса, строма рибосомадан, сақиналы ДНҚ молекуласынан және май тамшыларынан тұрады

Осы органеллада фотосинтез, яғни жарық энергиясының қатысуымен СО2 мен судан қанттардың синтезі жүзеге асады. Жарық энергиясы химиялық энергияға айналады.

Ірі орталық вакуоль

(Өте ұсақ вакуольдер өсімдіктер жасушаларында және жануарлар жасушаларында да кездеседі. Асқорыту және жиырылғыш вакуольдер )

Бір қабатты мембранадан, тонопласт түзілген қапшық. Вакуольде минералды тұздар, қанттар, пигменттер, органикалық қышқылдар және ферменттер сияқты әртүрлі заттардың концентрлі ерітіндісі – жасуша шырыны болады. Жетілген жасушаларда вакуольдер әдетте үлкен болады.

Мұнда әртүрлі заттар, оның ішінде зат алмасудың соңғы өнімдері сақталады. Вакуольдің күшті деңгейлі құрамына жасушадағы осмостық қасиет байланысты. Кейде вакуоль лизосоманың қызметін атқарады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу