Адамның дезоксирибонуклеин қышқылы геномын анықтау. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:

Мерзім:

Сынып: 11

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы:

Адамның дезоксирибонуклеин қышқылы геномын анықтау

Оқу мақсаты:

11.2.4.3 “Адам геномы жобасының маңызын талқылау

 Сабақ мақсаттары:

“Адам геномы” жобасының маңызын талқылау

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

Адам геномының мағынасын ашу (расшифровка) маңызын түсіндіреді

Адам геномын білу маңыздылығын талдайды

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар орындай алады:

Өз зерттеу жұмысының маңызды кезеңдерін анықтау; “Адам геномы” жобасының маңыздылығын жазу (сөйлеу және жазу дағдылары)

Терминалогия

“Адам геномы” жобасы, ген, ДНҚ, салдары, нуклеотид жұптары,

зерттеу, технология, жеке сектор, лицензиялау, мақсаттар, бюджет, халықаралық достық, этика, құқықтық және әлеуметтік мәселелер, биотехнология, медицинада пайдалануы, фармакогеномика,

гендік тестілеу, гендік терапия, генетикалық кеңес беру.

 Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

 Эссе жазудағы кезектілік:

1.Ой, маңызды сәттер

2.Эскиз/құрылым

3.Бағалау

4.Қорытынды нұсқа

 Құндылықтарды

 дарыту

 

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Құндылықтарды дарыту ... арқылы жүзеге асады (іс-әрекетті немесе/және тақырытың мазмұнын сипаттау).

 Пәнаралық

 байланыстар

Информатика: жаңа тақырыпты зерттеу барысында, №2 тапсырмада

Бастапқы білім

Тұқымқуалаушылық және түрөзгергіштік: 9, 10 сынып

Жасушалық цикл: 9, 10 сынып

Молекулалық биология: 10 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1

1-8

8-10

Ұйымдастыру моменті

Сәлемдесу

Ойға шабуыл

Оқушыларға түрлі жануарлардың, өсімдіктердің геномдарын адам геномымен салыстыруын ұсын.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Түрлі тірі ағзалардың геномдарын салыстырады

Маймыл, мысық, тышқанның геномдарын адамның геномымен салыстырады

Қорытынды жасайды

Оқушылардың ойларын тыңдап болған соң, жаңа тақырыпты жазғызыңыз.

Слайд 1-6

Слайд 7

Сабақтың ортасы

10-15

15-30

30-35

Жана тақырыпты менгеру

(W) Оқушыларды қосымша 1-дегі “Адам геномы” туралы ақпаратпен танысуын ұсыңыз.

(G)(f) Тапсырма №1

Зерттеу бойынша жобаның бір аспектін алып, соған постер құрастыруын ұсыңыз.

Тапсырманы жұп болып немесе шағын топтар арқылы орындауға болады.

Постерде болу мүмкін ақпараттар:

Жоба тарихы/Халықаралық ынтымақтастық/Бюджет;

Әдістер/Нәтижелері;

Медицинада қолданылуы/Басқа салаларда қолданылуы;

Жаңа мәселелер және туындаған сұрақтар/Перспективасы

Берілген уақыт аяқталған соң, “Биологиялық галерия” сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы бойынша, оқушылардың жұмыстары сынып қабырғасына ілінеді.

Оқушылар барлық жасалған постерлерге назар аударып, қажетті ақпараттарды жазып алып, ал егер де сұрақ туындаған болса, міндетті түрде қою қажет.

Оқушылар жұмыстарын белгілі дескриптор бойынша бағалайды.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Адам геномын декодтаудың маңыздылығын түсіндіреді

Адам геномы жобасының тарихын сипаттайды

Адам геномы жобасының дамуына үлес қосқан халықаралық серіктестерді атайды

Адам геномы жобасына жұмсалатын қаржыны талдайды

Адам геномы жобасын зерттеу тәсілдерін сипаттайды

Адам геномы жобасынан шыққан нәтижелердің маңыздылығын сипаттайды

Адам геномы жобасының түрлі бағытта қолданылуын сипаттайды

Адам геномы жобасының перспективаларын талдайды

Оқушылармен бірге қорытынды жасалады

Қосымша 1

Оқушыларды ғаламтор жүйесімен қамтамасыз етіңіз және презентация жасау уақытын белгілеңіз.

Флипчарт, маркер

Слайд 8

Конец урока

35-40

Рефлексия

Тақырыпқа қатысты нені еске сақтадыңыз сызба не сурет арқылы қорытындылаңыз.

Не білдің?

Не түсіндің?

Бүгінгі тақырыптың өмірде қандай байланысы бар?

Үй жұмысы

(W) Адам геномы жобасына үлес қосқан ғалымдар туралы қарастыру

Дифференциация – қалайша қолдау көрсетіп, жоспарлаудасыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың ақпаратты қабылдау деңгейін тексеруді қалай жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Эссені ағылшын тілінде, тек сол тілді білетін оқушылар жаза алады.

Жоғарғы деңгейлі оқушылар Адам геномы дезоксирибонуклеин қышқылын анықтауда биоинформатиканың рөлі тақырыбында есеп бере алады. Себебі, бұл кезде, міндетті түрде түсіндіру, талдау, дәлел келтіру және тағы басқа дағдыларды пайдаланады.

Презентация жасауды, эссе жазуды, есеп беруді бағалау кезінде арнайы бағалау критерийлерін қолдану

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу