Адамның дезоксирибонуклеин қышқылы геномын анықтау. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Адам геномы
Адам Геномы Жобасы (ағылш. The Human Genome Project, HGP) — халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы. Басты мақсаты – ДНҚ-ны құрайтын нуклеотидтер тізбегін анықтау және адам геномындағы 20 – 25 мың гендерді анықтау. Қазіргі уақытта бұл жоба - биология ғылымындағы ең ірі халықаралық ынтымақтастық боп есептеледі. Одан бөлек мақсат: нуклеотидтер тізбегін анықтау арқылы адам геномының нақты генетикалық картасын құрастыру.
Өткен ғасырдың ортасына шейін генетикалық ақпараттың құрылысы және оның таралу үдерісі белгісіз болды. 1953 жылы Френсис Крик пен Джеймс Уотсон (1962 жылы Нобель сыйлығын алды) ДНҚ-ның қос спиралі моделін ұсынды. Қазіргі кездегі, генетика, молекулалық биология салалары осы модельге сүйенеді. Генетикалық кодтардың ашылуы мен молекулалық биологияның орталық догмасын ұйымдастырылуы – жаратылыстану ғылымдарының(әсіресе генетика) дамуына үлкен септігін тигізді. Осы үдерістің негізгі тарихи кезеңдері Сурет 1 көрсетілген.
Сурет 1. Геномдық зерттеудің және нуклеин қышқылдарының анықталу тарихы
8 наурыз 1865 ж. — Грегор Мендель тұқымқуалаушылық механизмін түсіндіретін тәжірибе нәтижелері туралы хабарлады.
1869 ж. — Иоганн Фридрих Мишер жасушадан азот пен фосфор бар белгісіз затты бөліп алып, оны нуклеин деп атады.
1905–1909 ж. — Ген және Генетика терминдерінің пайда болуы.
1953 ж. — Фрэнсис Крик пен Джеймс Уотсон ДНҚ-ның қос спиралінің құрылымын ұсынды.
1958 ж. — Фрэнсис Крик молекулалық биологияның орталық догмасын тұжырымдады.
1975 ж. — Сэнгер өзінің әріптестерімен ДНҚ-ны анықтауда "плюс-минус" әдісін жасады.
1977 ж. — Сэнгер тобы “терминатор” әдісін ойлап тапты.
1977 ж. — Максам мен Гилберт химиялық деградация арқылы ДНҚ-ны анықтау әдісін ұсынды.
2001 ж. — Адамның толық геномы жарық көрді.
2005 ж. — Пиросеквенирлеу технологиясын коммерциализациялау.
2006 ж. — Solexa (Illumina) технологиясын коммерциализациялау.
2006 ж. — Лигазды секвенирлеу технологиясын коммерциализациялау.
2010ж. — Иондық жартылайөткізгіштік секвенирлеу (технология PostLightTM) технологиясын коммерциализациялау.
2011 ж. — бір молекулалы SMRT секвенирлеу технологиясына негізделген PacBio секвенсорларының алғашқы коммерциялық шығарылымы.
2015 ж. — Нанопоралық секвенирлеуге негізделген құралдарды сатудың басталуы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?