Белгілердің тұқымқуалауының нақтылығын талдауда статистикалық әдістер. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Ажыраудың ықтималдық (статистикалық) сипатын анықтау

X2 (Хи-квадрат) әдісі

Бұл әдіс генетикалық тәжірибелерде нақты алынған мәліметтердің теория жүзінде күтілген мәліметтен ауытқуын дәлелдеу үшін және селекциялық жұмыстарда қолданылады.

Хи-квадрат әдісі нөлдік жорамалға (Но) сүйенеді. Ол салыстырып отырған тәжірибеден нақты алынған мәліметтердің теориялық күтіл- ген мәліметтерден айырмасы жоқ деген мағынаны көрсетеді. Хи- квадрат критерийі мынадай формула арқылы анықталады:

О — тәжірибеден алынған нақты мәліметтер.

Е — теория жүзінде күтілген мәліметтер.

X — тәжірибелік кластардағы мәліметтердің қосындысы.

Г. Мендель тәжірибесінен мысал келтірейік. Бұршақ өсімдігі тұқы- мының пішіні бойынша белгілердің ажырауын 7324 тұқымнан зерт- теген. Оның ішінде 5474-і тегіс және 1850-і бұдыр тұқым болған. Берілген мәліметтерді кестеге жазайық.

 Шама

 Тегіс

 Бұдыр

 Барлығы

Тәжірибеде алынған нақты мәліметтер (0)

 5474

 1850

 7324

Теория жүзінде күтіл- ген мәліметтер (Е)

7324x4/3=5493

7324x4/1=1831

 7324

 (0—Е)

 -19

 + 19

 0

 (0—Е)2

 261

 261

 522

 (0-Е)7Е

 0,047

 0,142

 Х2=0,189

X2 (хи-квадрат) критерийінің теориялық мәнін кестеден табамыз.

Ол үшін еркін дәреже санын анықтаймыз: U = К-1, К — ажыраған белгінің (кластың) жалпы саны. Онда U= К-1=2-1=1.

Еркін дөреже саны (II)

Ықтималдық (Р)

 0,05

 0,01

 0,001

 1

 3,84

 6,64

 10,83

 2

 5,99

 9,21

 13,82

 3

 7,82

 11,34

 16,27

 4

 9,49

 13,28

 18,47

 5

 11,07

 15,09

 20,52

 6

 12,59

 16,81

 22,46

 7

 14,07

 18,48

 24,32

 8

 15,51

 20,09

 26,13

 9

 16,92

 21,67

 27,88

 10

 18,31

 23,21

 29,59

 Егер еркін дәреже саны (U=1) бірге тең болса, онда ықтималдықты (Р) кестеден табамыз. Көп жағдайда 0,05 ықтималдық деңгейде қолданылады.8i

 X2 мәні кестеде көрсетілген (3,84) саннан артық болмаса, онда тәжірибеден алынған мәлімет пен теория жүзінде күтілетін мәліметтің айырмасы кездейсоқ деп есептеледі. Нөлдік гипотеза қабылданады.

 Тәжірибеден алынған нақты мәліметтер X2 мәні өзінің кестелік мәнінен кіші немесе тең болса (Х2т< X2теор), онда нөлдік гипотеза күшінде қалады. Генетикалық жорамал дұрыс деп саналады. Егер (Х2т> Х2теор) артық болса, онда нөлдік гипотеза қабылданбайды. Генетикалық есептерді шығару кезінде алынған нәтижелерді осы әдіспен тексеру керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу