Белгілердің тұқымқуалауының нақтылығын талдауда статистикалық әдістер. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Тұқым-қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Белгілердің тұқымқуалауының нақтылығын талдауда статистикалық әдістер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.4.2 белгілердің тұқымқуалауының нақтылығын талдауда статистикалық әдістерді қолдану (t-критерий, χ² критерий)

Сабақ мақсаттары

• Нолдік гипотеза, альтернативті гипотеза, еркіндік дәрежесі терминдерінің анықтамасын білу;

• Хи-квадрат критерийін және t-критерийді ажыратады;

• Хи- квадрат және t мәндерін есептеп, экожүйе анализі үшін қолдана алу.

Бағалау критерийлері

Тұқымқуалаушылықтағы белгілердің нақтылығын анықтауда талдаудың статистикалық әдістерін біледі (хи-критерий, t-критерий)

Тұқымқуалаушылықтағы белгілердің нақтылығын анықтауда талдаудың статистикалық әдістерін қолданады (хи-критерий, t-критерий).

Дағдылар

Білу. Талдау, сыни ойлау және зерттеу дағдылары.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

Хи-квадрат, нолдік гипотеза, альтернативті гипотеза, бақыланатын мәндер, күтілетін нәтижелер, еркіндік дәрежесі, p мәні, t-критерий, біркелкі бөліну, стандартты ауытқушылық, ықтималдылық деңгейі

Құндылықтарды дарыту

Құрмет: Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бірі-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Ынтымақтастық: берілген тапсырманы орындауда бірлесіп жоспарлау оқушыларда ынтымақтастық пен шыдамдылықты қамтамасыз етеді.

Пәнаралық байланыстар

Математикалық дағдыны есептер шығару барысында қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарымен, видео көріністермен жұмыс жасайды.

Бастапқы білім

Бөлімнің басында мутацияның ДНҚ репарациясымен, рекомбинациясымен жәәне репликациясымен өзара байланысты қарастырылады. Тұқымқуалаушылық белгілерін оқығанда сатистикалық деректерге өңдеу жүргізіледі. Бөлім соңы «Адам геномы» жобасының мәнін талқылаумен аяқталады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Көз немесе дене жаттығуларын орындау.

3 минут

10 минут

15 минут

8 минут

Миға шабуыл. Интерактивті тақтада Қазақстан халқының саны көрсетілген графикті көрсету.

Сұрақ: Диаграмма не туралы деп ойлайсыңдар?

Қазақстан халқының динамикасы.

2.Статистика дегеніміз не?

Статистика — бұл сандық деректерді ұйымдастыру, жинау, ұсыну, талдау және түсіндіру туралы ғылым.

3.Ол не үшін қажет? Статистика әрбір қауымдастықтың өміріндегі ажырамас бөлігі болып табылатын ғылым болып табылады, ол құбылыстардың даму, құлдырау, өсу динамикасын анықтайды.

4.Нолдік гипотеза дегеніміз не? Нөлдік гипотеза-екі байқалатын оқиғалар, феномендер арасында байланыс жоқ деген әдепкі болжам. Нөлдік гипотеза дәлел келтірмейінше дұрыс күйінде қалады.

Жаңа сабақпен танысу. Мұғалім презентациясы.

Деректер жіктелуі туралы.

(У) χ2 және t критерий жөнінде теориялық материалмен жұмыс (белгілеп көрсету арқылы) және сыни мәндер кестелері туралы таңбасы бар теориялық материалмен жұмыс. Кесте бойынша χ2 есептеулердің көрнекі мысалдары келтіріледі.

Бірлесе материалды талқылау.

(ФО) χ2 арналған есептер шығару ұсынылады.

Есептер шығару.

  • Қара тұқымды бұршақ өсімдігінен өсіп шыққан өсімдікті ақ тұқымды өсімдікпен будандастырғанда 176 қара және 180 ақ тұқым алынған. Аталық-аналық өсімдіктердің генотиптерін және Х2-ті анықтаңдар.
  • Тұқымы сары, тегіс екі бұршақ өсімдігін будандастырғанда 264 сары тегіс, 61 сары бұдыр, 78 жасыл тегіс және 29 жасыл бұдыр тұқымдар алынған. Тұқымдардың фенотиптік ажырауы будандас- тырудың қандай типіне сай келеді?
  • Егер 2-есепте берілген сары бұдыр тұқымның саны 2 есе кем, ал жасыл тұқымның саны 2 есе артық болса, онда жасалған қорытьпідылар өзгере ме?
  • Бидайда некроз (тірі организм үлпасының шіріп бұзылуы) екі доминантты комплементарлық гендердің — Не1 және Не2 әсерінен болады. Екі жаздық бидайдың сортын будандастырғанда 175 некроздық және 128 қалыпты бидайлар алынған. Х2 әдісі арқылы белгілердің осы ажырау қатынасы теориялық күтілуге сай келетінін анықтаңдар.

Бағалау критерийлері:

күтілетін нәтижелерді дұрыс есептейді;

• бақыланған нәтижелерді дұрыс есептейді;

• күтілетін және бақыланатын нәтижелер арасындағы айырмашылықты дұрыс есептейді;

квадраттағы күтілетін және бақыланатын нәтижелерді дұрыс есептейді.

χ² мәнін дұрыс табады;

еркіндік дәрежесін дұрыс есептейді;

нөлдік гипотезаны растаумен/ауытқумен жұмыс нәтижелері бойынша қорытындыларды дұрыс жасайды.

Жауапты шаблон арқылы өзін- өзі тексеру.

Деңгейлік тапсырмалар .

Хи-квадрат критерийлері (тапсырмалар):

Теңсіздік: x2 = ∑ (O - E) 2 / E

Сұрақ 1. Құмтышқан жүнінің қара түсі В, ал қоңыр түсі -b деп белгіленді. Екі гетерозиготалы құмтышқандарды будандастырғанда 29 қара жүнді 7 қоңыр түсті құмтышқандар алынды.

Бұл үшін нөлдік гипотезаны қалыптастырыңыз, нөлдік гипотезаны зерттеу үшін будандастырып, хи- квадратка сынақ жүргізіңіз.

Сұрақ 2. Сары бұршақ А, ал жасыл бұршақ а деп белгіленді. Бұршақтың тегіс болуы- В, кедір бұдыр болуы –b деп белгіленді. Екі дигетерозиготалы бұршақ өсімдіктерін будандару нәтижесінде 34 жасыл тегіс, 18 жасыл кедір бұдыр, 15 сары тегіс және 3 сары кедір бұдыр бұршақ алынды.

Бұл үшін нөлдік гипотезаны қалыптастырыңыз, нөлдік гипотезаны зерттеу үшін будандастырып, хи- квадратка сынақ жүргізіңіз.

  • Бағалау критерийлері:

күтілетін нәтижелерді дұрыс есептейді;

• бақыланған нәтижелерді дұрыс есептейді;

• күтілетін және бақыланатын нәтижелер арасындағы айырмашылықты дұрыс есептейді;

квадраттағы күтілетін және бақыланатын нәтижелерді дұрыс есептейді.

χ² мәнін дұрыс табады;

еркіндік дәрежесін дұрыс есептейді;

нөлдік гипотезаны растаумен/ауытқумен жұмыс нәтижелері бойынша қорытындыларды дұрыс жасайды.

Жауапты шаблон арқылы өзін- өзі тексеру.

Мұғалімнің кері байланысы.

Қосымша 1

А.Сартаев Жалпы биология есептері мен тапсырмалары 82-83 беттер

Қосымша 2

А.Сартаев Жалпы биология есептері мен тапсырмалары 82-83 беттер

Қосымша 3

2 минут

Үй тапсырмасы: χ² - қа арналған есептер шығару.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік есептерді шығару арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалімнің кері байланысы.

Өзін- өзі бағалау.

Өз денсаулығына ұқыпты қарау. Адам өміріндегі денсаулықтың маңызын түсіну.

Кабинеттегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу