Белгілердің тұқымқуалауының нақтылығын талдауда статистикалық әдістер (t-критерий). Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Тұқым-қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Белгілердің тұқымқуалауының нақтылығын талдауда статистикалық әдістер (t-критерий)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.4.2 белгілердің тұқымқуалауының нақтылығын талдауда статистикалық әдістерді қолдану (t-критерий)

Сабақ мақсаттары

• Нолдік гипотеза, альтернативті гипотеза, еркіндік дәрежесі терминдерінің анықтамасын білу;

• t-критерийді ажыратады;

• t мәндерін есептеп, экожүйе анализі үшін қолдана алу.

Бағалау критерийлері

Тұқымқуалаушылықтағы белгілердің нақтылығын анықтауда талдаудың статистикалық әдістерін біледі (t-критерий)

Тұқымқуалаушылықтағы белгілердің нақтылығын анықтауда талдаудың статистикалық әдістерін қолданады (t-критерий).

Дағдылар

Білу. Талдау, сыни ойлау және зерттеу дағдылары.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

нолдік гипотеза, альтернативті гипотеза, бақыланатын мәндер, күтілетін нәтижелер, еркіндік дәрежесі, p мәні, t-критерий, біркелкі бөліну, стандартты ауытқушылық, ықтималдылық деңгейі

Құндылықтарды дарыту

Құрмет: Негізгі ұғымдарды талдау кезінде оқушылардың бірі-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетуі. Ынтымақтастық: берілген тапсырманы орындауда бірлесіп жоспарлау оқушыларда ынтымақтастық пен шыдамдылықты қамтамасыз етеді.

Пәнаралық байланыстар

Математикалық дағдыны есептер шығару барысында қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарымен, видео көріністермен жұмыс жасайды.

Бастапқы білім

Бөлімнің басында мутацияның ДНҚ репарациясымен, рекомбинациясымен жәәне репликациясымен өзара байланысты қарастырылады. Тұқымқуалаушылық белгілерін оқығанда сатистикалық деректерге өңдеу жүргізіледі. Бөлім соңы «Адам геномы» жобасының мәнін талқылаумен аяқталады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Көз немесе дене жаттығуларын орындау.

7 минут

10 минут

10 минут

3 минут

«Идеялар дәлізі» әдісі арқылы тексеру.

Тақтаға алдағы уақытта белгілі бір калада өтетін «Статистикалық анализ мәселелері» атты халықаралық конференцияға «қатысатын» оқушы шығады. Мұғалімның қалауымен мотивациясы төмен оқушы немесе кез келген оқушы өз қалауымен тақтаға шығады. Сыныптағы оқушылар үй тапсырмасы бойынша материалды конференция қатысушысының есіне түсіре бастайды. Тұжырымды «Оқушы есімі, конференцияда баяндама жасағанда ... есіңнен шығарма» деп жалғаса береді.

Сынып оқушылары үй тапсырмасы бойынша материалды толық қамтып шыққан соң, «конференция қатысушысының» білімін бірнеше сұрақпен бекітуге болады.

Жаңа материалды игеру.

Оқушыларға t- критерий жөнінде ақпарат беріледі, белгілей отырып текстпен жұмыс жасайды.

Қорытындылау және мұғалімнің кері байланысы.

Мұғалім есептердің шығарылу жолын көрсетеді.

Әртүрлі деңгейдегі есептерді шығару.

Есеп 1. Шу мен төмен жиілікті тербелістің адам ағзасына әсер етуін зерттегенде, ауылшаруашылық техникасын жүргізетін жүргізушілердің жұмыс басталғаннан 1 сағаттан кейін жүректің орташа соғу жиілігі минутына 80 рет соғатындығы анықталды; m = ± 1 минутына соғу жиілігі. Жұмысқа кіріспес бұрын сол жүргізушілердің орташа жүрек соғу жылдамдығы минутына 75 рет соққан; m = ± 1 минутына соғу жиілігі.

Ауылшаруашылық машиналарының жүргізушілері үшін 1 сағаттық жұмыс алдында және одан кейін жүрек соғысының орташа мәндеріндегі айырмашылықтардың маңыздылығын анықтау.

Есеп 2.

18% (m = ± 3%) 3 жастағы балаларды медициналық тексеру барысында функционалдық сипаттағы сымбаттың бұзылуы анықталды. 4 жастағы балаларды медициналық тексеру кезінде осыған ұқсас сымбаттың бұзылу жиілігі 24% құрады (м = ± 2,64%).

Осы жоғарыдағы жас бойынша ерекшеленетін екі топ балалары арасындағы сымбаттың бұзылу жиілігінің айырмашылығын бағалау.

Есеп 3.

Жедел аппендицит пен жедел аднексит кезіндегі перифериялық қандағы лейкоциттердің деңгейіне зерттеу жүргізілді. Жедел аппендицитпен ауыратын науқастар тобында (n = 60), лейкоцитоз M = 10.1 байқалды, орташа квадраттық ауытқу σ = 2,5; жедел аднекситпен ауыратын науқастар тобында (n = 85), лейкоцитоз М = 9,5 байқалды, стандартты ауытқу σ = 1,8. Жедел аппендицит пен жедел аднекситті саралау үшін лейкоцитоз деңгейінің диагностикалық маңызы туралы қорытынды жасаңыз.

t-критерийне қатысты есептер шығару үшін бағалау критерийлері:

  • Х1 және Х2 – топтағы жеке белгілердіңорташа мәнін табады;
  • s1 және s2 – орташа квадраттау ауытқуышылығын дұрыс есептейді;
  • n1 және n2 – сынақтағы топтың санын есептейді;
  • t-критерийдің формуласы дұрыс қолданады;

Нәтиженің нөлдік гипотезасының ауытқушылығы мен расталуы туралы қорытынды жасай алуы қажет.

Сұрақтар:

  • Гендердің тұқымқуалаушылығында полиген дегеніміз не?
  • Генотип/ фенотипке әсер ететін сыртқы орта жағдайларын атаңыз?

Шаблон бойынша өзара тексеру.

Мұғалімнің кері байланысы.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

2 минут

Үй тапсырмасы: t- тестке арналған есептер шығару.

Қосымша 4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік есептерді шығару арқылы жүзеге асырылады.

Мұғалімнің кері байланысы.

Өзін- өзі бағалау.

Өз денсаулығына ұқыпты қарау. Адам өміріндегі денсаулықтың маңызын түсіну.

Кабинеттегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу